Түргеш қағанаты (699756)
Презентация қосу
Түргеш қағанаты
(699-756)
,
Түркештер-Батыс түрік
қағандығындағы бес арыс ел
дулаттың белді тайпасы.
Түркештер- ежелгі үйсін,дулат
ұлысының ұрпағы. Шежіре
деректерінде "сары үйсін" деп
аталады.Түркештер Іле мен
Шу өзені аралығында, Іле
Алатауынан Балқаш көлінің
оңтүстігіне дейінгі өңірде
көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке
мал шаруашылығына қолайлы,
құнарлы өріс-қоныс болды.
Сонымен қатар отырықшы
егіншілік ошағы, біршама
көркейген қалалары бар бай
өлке еді. Шығыс пен Батыс
арасындағы сауда-керуен
жолының осы өңірді басып
өтетін басты бөлігі
түркештердің бақылауында
болды. Бұл жағдай
түркештердің әскери-саяси
жіне шарушылық қуатын
арттыра түсті.
Арабтар Орта Азияға жаулауы
басталған кезде, Қазақстан мен
Орта Азияның басым бөлігі Батыс
Түркі қағанаты қол астында
болды. Арабтарға қарсы күресте
Жетісуда өкімет басына келген
түргештер болды. Оның негізін
салған Үш-еліг қаған (699-706
жж.). Оның ордасы Шу
бойындағы Суяб қаласы болды.
Екінші (кіші) ордасы Іле өзені
жағасындағы Күнгіт қаласында
орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20
түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның
әрқайсысының 7 мыңнан әскері
болды. Үш-еліг-қаған Қытай
империясымен және Согд
мемлекетімен саяси бірлестік
құрып, арабтарға қарсы күреседі.
Түргешт
ер
Сары Қара
түргеш түргеш
Сақал Сулық
қаған қаған
Түргеш қағанатында Үш-елігтен
кейін оның мұрагері болып, баласы
Сақал-қаған (706-711) таққа
отырады. Оның кезіңде Түргеш
мемлекетінде ішкі бірлік болмайды
және қағанат үнемі арабтармен,
қытайлармен күрес жүргізіп
отырды. Түргеш қағанаты Сулық
қаған (715-738) тұсында күшейді.
Оның тұсында түргештер екі
майданда күрес жүргізді. Батыстан
арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш
көрсетті. Елшілік жолымен (неке
байланысы) және әскери шаралар
арқылы Сулық шығыстан келетін
қатерді болдырмады. Бұл жағдай
түргештердің батыста белсенді
әрекет етуіне мүмкіндік туғызды.
723 жылы Ферғана қарлұқтарымен
және Шаш тұрғындарымен тізе
қосып, түргештер арабтарды
жеңеді. Сулықты арабтар Абу
Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737
жылы Сулықты өз қолбасшысы
Баға-Тархан өлтіреді.
Қағанаттың күйреуі
Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен
"қара" түргештер арасында өкімет билігін
алу үшін күрес басталды. 746 жылы
Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан
қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен,
сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген
түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық
көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы
пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы
уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб
қаласына аттандырады да, оны басып
алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның
баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751
ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында
арабтар мен қытай әскері арасында зор
шайқас болады. Шайқас бес күнге
созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту
сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап,
арабтар жағына шығады. Қытайлар толық
жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс
Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді.
Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі
қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып
тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz