Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Презентация қосу
Цитрус дақылдарының карантинді
зиянкестері мен аурулары
Жоспары
•Кіріспе
•Негізгі бөлім
1.Цитрус дақылдарының
карантинді зиянкестері
2.Цитрус дақылдарының
карантинді аурулары
3.Карантиндік шаралар мен
күресу жолдары
•Қорытынды
•Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Цитрус (ағылш. Citrus) — рута тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар,
кейде бұта; шырынды жемістер беретін мәңгі жасыл өсімдіктерді ң үлкен тобы.
60-тан астам түрі, түр тармағы бар. Апельсин, грейпфрут, мандарин, лимон
көбірек тараған, ал басқалары цитрон, бигарадия, помпельмус, шеддок ж әне т.б аз
тараған. Цитрус дақылдарында витамин көп. Жемістерінен сусын, тосап, джем,
компот, цукат жасалады, лимонад, ликерге қосылады. Жеміс қабы ғынан алынатын
эфир майы әтірге, иіссулар қосылады.
Цитрустың көптеген түрі ылғалы мол тропиктік және субтропиктік айма қтарда
өседі. Негізгі шыққан жері — Оңтүстік және Оңт үстік-Шы ғыс Азия. Жабайы
түрінен сақталып қалған — нағыз лайм, тек Гималайда өседі ж әне танкан тек
Тайванның ормандарында кездеседі. 15-тен астам т үрі м әдени өсіріледі. Соны ң
ішінде көп өсірілетіндері — апельсин, лимон, мандарин, грейпфрут ж әне б ұл т үрлер
ертеден белгілі. Барлық түрінің бұтақтары тікенді, жапыра қтары қандауыр т әрізді,
қалың. Гүлдері қосжынысты, жапырақ қолтығында дара не кішкене г үл шо ғырына
топталған, ақ түсті (тек лимон мен цитронда қыз ғылттау), хош иісті. Ж әндіктермен
тозаңданады, кейде өздігінен де тозаңдана алады. Жемісі — к өп ұялы жидек.
Тұқымы көп, әдетте 32, кейде одан көп болады. Цитрусті ң жемісінде витамин к өп,
бұлардың жемісінен сусын, варенье, джем, цукат жасалады, т әтті сусындар ға (ликер,
лимонад, т.б.) қосады. Жеміс қабығындағы, гүліндегі, жапыра ғында ғы эфир майы
парфюмерияда пайдаланылады.
2.1. Цитрус дақылдарының карантинді
зиянкестері
Жерорта теңіздік жеміс шыбыны (Ceratitis capitata wied) – қосқанаттылар
(Diptera) отрядының Tephritidea тұқымдасына жатады.
Ортатеңіздік жеміс шыбыны Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде, А ҚШ,
Африка және Австралияда таралған.
Қазақстанда сырқы карантиндік нысанға жатады.
Жеміс шыбынының үлкендігі үй шыбынына
қарағанда аздап кіші, ұзындығы 4-5 мм,
ерекше түсті болады. Ұрғашы шыбынның
басы ақшыл –сұр, тұмсығында күңгірт
жолағы бар. Мұртшалары аз бунақты және
қылшықтары болады: бірінші және екінші
бунақтары қоңырлау - сұр, үшіншісі
сұрғыш – сары, қылшықтары қоңырлау сұр.
Еркектерінің қылшықтары ромбы тәрізді
қоңыр ұшты болады. Көзі қызыл түсті, тірі
шыбындар жасыл реңді болады.
Көкірегі жылтыр қара, сары- ақ дақты,
иықтарының ақ сақиналары бар. Қанаттарының
күл түсті сұр, сарғыш реңді көлденең жолақтары
болады. Қанаттарының алдыңғы жиектері және
түбі күңгірттенген. Тыныштықта қрғашы
шыбынның қанаттары салбыраңқы болады.
Аяқтары қою – сары, құрсағының қорғасын - сұр
түсті көлденең жолақтары үстіңгі жағынан
байқалады.
Жұмыртқасының
ұзындығы 0,5- 0,9 мм,
ақшыл, үшкір.
Дернәсілдері ақшыл –
сарғыш немесе қызғылт,
ұзындығы 7-10 мм, 12
бунақтан тұрады. Жалған
пілләсінің ұзындығы 4-5
мм, сопақ , сарғыш,
күңгірт – қоңыр түсті,
сегменттері жасы
Жеміс шыбыны жұмыртқаларын пісіп келе жатқан жемісіне салады. Ұрғашы
шыбын жұмыртқа салғыш қынабының үшкір ұшымен жемістің қабығын тесіп
1-20 жұмыртқа салады. Өсімталдығы 1000 жұмытқаға дейін, ал орташа 300
жұмыртқа.
Жұмыртқадан 1-2 күнде шыққан дернәсілдер жеміс жұмсағына енеді.
Жеміс шіріген сайын олар жеміс ішіне қарай ене береді. Қоректену үрдісі 2-3
аптаға созылады. Зақымдалған жеміс ертерек піседі және жерге т үседі. Жерге
түсіп әбден бұзылған жемістен дернәсілдер шығып, топырақтың ішінде
қуыршаққа айналады. Жерорта теңіздік жеміс шыбынының дернәсілдері
секіруге қабілетті, сондықтан жерге түскен жемістерден 2-3 м радиусты қ
қашықтықтан табуға болады. Қуршақтардың дамуы температураға
байланысты18-20 күннен 100күнге дейін созылады. Зиянке Гавай ормандарында
үзілместен көбейе береді де, жылына 15-16 ұрпақ береді. Кипр, Бразилияда 8-9,
Израилда 6-7, Батыс Германияда 2 ұрпақ береді.
Жаздық өрік, шабдалы тағы басқа жемістері зақымдалады, олар сары –
қызыл, ашық – сары түсті болады. Шыбын өте қауіпті зиянкес қатарына жатады.
Цитрус аққанаты - Dialeurodes citri ashm. Теңқанаттылар
(Homoptera) отрядының аққанаттылар (Aleyrodidae) тұқымдасына жатады.
Денесінің ұзындығы 1,6-2 мм. Мұртшалары 7 бунақты, табаны екі
бунақты. Денесі ашық-сары түсті болады. Екі жұп қанаттары ақ түсті,
тыныштықта денесін жауып тұрады. Ұрғашыларының құрсағы
қанаттарынан едәуір қысқа: еркектері ұрғашыларынан бір шама кіші,
құрсағының ұшы жіңішке және ұзын.
Жұмыртқасының ұзындығы 0,24-0,32
мм, эллипс пішінді, алғашында құлпырған
көкшіл түсті, кейін сарғыштанады.
Жұмыртқасы сағағымен субстратқа
орнығады.
Бір жастағы дернәсілі-кезбе,
ұзындығы 0,21-0,34 мм, ашық-сарғыш,
сопақ, денесі ұсақ түкті келеді. Көздері
ашық-қызыл, мұртшалары екі бунақты,
аяқтары үш жұп. Екі жастағы
дернәсілдің ұзындығы 0,57-0,66 мм,
сопақ жіңішке, жалпақ, жапырақтың
жасыл реңінде мөлдір болып анық
байқалмайды.Аяқтары жоқ. Үш
жастағы дернәсілдің ұзындығы 0,91-1,1
мм,екі жастағы дернәсілге ұқсас. Төрт
жастағы дернәсіл дөңгелек пішінді,
сары немесе ашық-қоңыр, субстратқа
жақсы бекіген, үстін бөлінген
балауызды зат қаптаған. Осыған орай
кейде төрт жастағы дернәсілді жалған
піллө немесе қуыршақ деп дұрыс
атамайды.
Цирус аққанатының отаны
оңтүстік-шығыс Азия (Қытай және
Үндістан), Еуропа, Америкада кең
таралған.
Цитрус аққанаты Қазақстанда
сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Бірақ көрщілес ТМД елдерінде
Дернәсілдері мәңгі жасыл өсімдіктер жапыра қтарында қыстайды.
Жазғы ұрпақтары 3-4 апта бойы ұшады.
Жұмыртқаларын жас жапырақтардың астыңғы бетіне салады. Әрбір жапыра қта
бірнеше мыңдаған жұмыртқа кездесуі мүмкін. Эмбриональды дамуы 10-15 күнге
созылады. Дернесілдер жаз кезінде бір айда дамып жетіледі. Ресейде 3, Қытайда 6 ұрпа қ
береді.
Зиянкестің дамуына жоғары температура және ауаның ылғалдылы ғы 80-85 пайыз
болуы қажет.
Цитрус аққанаты көп қоректі. Ол мандарин, лимон, апельсин, алмұрт т.б.
зақымдайды. Дернәсілдері жапырақты сорады, нәтижесінде жапыра қ сар ғайып,
ширатылады және оларды бөлінген қантты заттар қаптайды. Мұндай жапыра қтар
саңырауқұлақ ауруларына шалдығады.
Комсток сымыры - Pseudococcus comstocki KUW.
Теңқанаттылар (Homoptera) отрядының ұнтақты сымырлар
Pseudoccidae тұқымдасына жатады.
Ұрғашы сымырдың ұзындығы 2,2-2,5 мм, қызғылт түсті
қанатсыз, сопақ, аздап жалпайған (қысыңқы) денелі, үстін ақ ұнтақты
өңез басқан. Бүйір жақтары мен денесінің соңғы бөлігінде 17 жұп
жіңшке балауызды жіп тәрізді өсінділері болады. Мұртшалары 8 -
бунақты, ұзындығы 5 мм дейін жетеді. Еркектерінің ұзындығы 1,5
мм,қызғылт қоңыр түсті, бір жұп қанаты болады. Ауыз мүшелері
жетілмеген. Құрсағының ұшында екі ақ, балауызды ұзын жіпшелері
болады.
Жұмыртқасының ұзыңдығы 0,3 мм, ені 0,15 мм, сопақ, бір ұшы үшкір,
сарғыш түсті.
Бір жастағы дернәсілінің ұзындығы 0,3-0,6 мм,сарғыш-қызғылт, азда ған
ақұнтақты, мұртшалары алты бунақты және денесінің соңғы бөлігінде ж ұп
өсіндісі болады. Екі жастағы дернәсілдің ұзындығы 0,2 мм, к үнгірт сары- қыз ғылт,
17 жұп өсіндісі бар. Денесін ұнтақты өнез басқан, мұртшалары 6 бунақты. 3
жастағы дернәсілдің ұзындығы 1,7мм, ені 0,5мм, құйрық өсінділеріні ң ұзынды ғы
денесінің 1/3-1/2 жетеді. Мұртшалары 7 бунақты болады (3-сурет).
Комсток сымырының отаны Жапон елі. Қазіргі кезде Еуропа, Азия; Африка,
Америка және Австралияда таралған.
Комсток сымырының Қазақстанда ішкі карантиндік нысанға жатады.
Зиянкес ауылшаруашылық өнімдерімен әсіресе анар жемісімен, к өшеттік
материалдар, құрал-саймандармен, суару суымен таралады.
Комсток сымыры жұмыртқа күйінде көбінесе өсімдікті ң тамыр мойнында,
топырақта, ағаш бұтақтарында, діңінде қыстайды. Зиянкес Тәжікстанда
жылына 4 ұрпақ береді. Көп қоректі зиянкес -380 өсімдік түрін зақымдайды.
Әсіресе тут, катальпa, анар, алма, алмұрт, бежені қатты за қымдайды.
Дернәсілдері мен ұрғашы сымыр зиянды. Сымыр за қымда ған қабы қта
ісіктер түзіледі, қабық жарылады, өркендер мен өсу нүктесі қурайды ж әне
өледі, жапырақтар сарғаяды да жеміс жерге түседі.
Австриялық науаша сымыр немесе ицерия – Jcerya purchase mask.
Теңқанаттылар (Homoptera) отрядының алып сымырлар тұқымдасына жатады(4-сурет).
Ұрғашы сымырдың ұзындығы 6,5 мм дейін, ені 4,5 мм. Сопақ денелі, жота жа ғы
дөңес, құрсақ жағы тегіс. Денесі қызғылт – қоңыр, аяқтары мен м ұртшалары қара
немесе күңгірт- қоңыр түсті. Үстін қара түк басқан. Жұмыртқа салар алдында ұр ғашы
сымыр денесінің артқы жағында ақ түсті, ұзындығы 6 дан 25мм жететін қапшы қ
түзіледі. Оның ұзына бойлық салалы ойығы болады. Еркек сымырдың ұзынды ғы 2 мм
дейін, күңгірт-қызыл түсті, бір жұп қанаттары болады. Жұмыртқасыны ң ұзынды ғы 3 мм
дейін, сопақ, ашық қызыл түсті.
Бір жастағы дернәсілдің ұзындығы 3
мм дейін, қызыл түсті, аяқтары ұзын қара
түсті, мұртшалары алты бунақты және
денесінің соңғы жағында ұзын
қылшықтары болады.
Австриялық науаша сымырдың отаны
Австралия. Қазіргі кезде Еуропа, Азия,
Африкада таралған.
Қазақстанда тіркелмеген сыртқы
карантиндік нысанға жатады. Ресей,
Азербайжан, Грузия, Түркияда кездеседі.
Көбінесе 3 жастағы дернәсілдері
ағаштарда қыстайды. Абхазияда олардың
дамуы мамырда аяқталады. Осы кезде
ұрғашыларында қапшық пайда
болғандығы байқалады. Ұрғашы сымырлар
3-5 апта аралығында 2000 кейде одан да көп
жұмыртқа салады.
Көбінесе партеногенетикалық жолмен
дамуы байқалады, еркектері сирек
кездеседі.
Цитрустық күйе –
Phyliocnistis citrelia
stainton.
Қабыршаққанаттылар
(Lepidoptera) отрядының
шырын сор,ыштар
(Phillocnistidae)
тұқымдасына жатады.
Күйе көбелектің ққанатының өрісі 4-5 мм, ақ күміс
түсті, жіңшке және үшкір. Алдыңғы қанаттарының үштен
бір бөлігіне созылған 2 күңгірт жорлақтары бар, ортаңғы
бөлігінде «У» әріпі тәрізді, ал ұшының анық қара дағы
болады. Ортаңғы бөлігінен жиегіне қарай қатар созылған
ұзын күңгірт – сары қылшықтары бар. Артқы
қанаттарының шашақтары, алдыңғыларінкіне қарағанда
ұзын. Артқы сирақтарының жоғары қараған тік дұрыс
қатарлы ұзын қылшықтары болады.
Жұмыртқасының
үзындығы 0,27 мм, дөңгелек,
жалпиған ақ, мөлдір келеді.
Жұлдызқұртының
ұзындығы 3-6 мм дейін,
жасыл –сұр, ұшына қарай
үшкір. Басының көпшілік
бөлігі сары, басқасы қызыл –
сары түсті. Көкірегінің
алдыңғы 2 бунағы түзу
бұрышты.
Қуыршағы сары, кейін
күңгірт – қоңыр, ұршық
тәрізді, кремастренде тікенегі
болады.
Азия, Америка және
Австралияда кең таралған.
Қазақстанда кездеспеген
сыртқы карантиндік нысанға
жатады. Отырғызылатын және
телу материялдарымен
таралады.
Цитрус күйесі жылына 6-7 кейде 10
ұрпақ береді. Жұмыртқаларын цитрус
дақтарының бүршігіне немесе
жапырақтарның үстіңгі бетінің орталық
жүйкелеріне салады. Өсімталдығы 200
жұмыртқа. Оның дамуы 10-20 күнге
созылады. Жұлдызқұрт дамып жетілгеннен
кейін құндақты піллә ішінде жапырақ
жиегінде қуыршаққа айналады.
Қытай, Жапония және Шри Ланка
елдерінде аса қауіпті зиянкестер қатарына
жатады. Көшеттерде және жас цитрус
плантацияларында зиянкес өсімдікті
түгелдей жоюы мүмкін.
2.2. Цитрус дақылдарының карантинді аурулары
Цитрус дақылдарының бактериялды рагі.
Ауру қоздырғышы — Xanthomonas citri (Hasse)
Dowson псеудомонадтар (Pseudomonaceae)
тұқымдасына жататын бактерия.
Цитрус дақылдарының бактериалды рагі Азия
елдерінің көпшілігіңде, Америкада және
Австралияда таралған.
Қазақстанда кездеспеген сыртқы нысанға
жатады.
Xanthomonas citri өсімдіктің жер үстілік
бөліктерінің барлығында залалдайды: бұтақтар,
жапырақтар, жемістерді. Барлық мүшелерінде
ісікті дақ пайда болады. Жапырақтардың
астыңғы бетінде ұсақ майлы немесе сулы дақтар
байқалады. Олар қоршаған ұлпаларға қарағанда
қою қошқыл жасыл түсті болады. Кейін бұл
дақтар көбейіп жапырақ бетіне көтеріледі, бұл
жерде хлорофил солғын тартады, дақтар солғын-
жасыл немесе сары түсті болады. Олар ашық
ұлпалар реңімен қоршалады, жасушалары
жетіліп, эпидермисті жарады да сыртқа шығып
жұмсақ ұлпа құрылысына ұқсас күйде
шығыңқы болады. Әдетте дақтар ортаңғы
бөлігінен жарылып,жиектері көтеріңкі кратер
тәрізді ойыс түзеді. Дақтардың диаметрі 3-4 мм
жетеді. Жайылған ашық рең бұл ауруды басқа
Бактериялар - қозғалмалы қысқа бір полярлы өскінді таяқша т үрінде, олар дара,
жұп немесе тізбекті болады. Көлемі 0,5-0,75 х 1,5-2 мкм. Аэробтылар спора т үзбейді,
Граммеріс. Етті - пептонды агардағы тобы дөңгелек, сабанды-сары т үсті, жылтыр,
жиектері көтеріңкі келеді.
Шағылысқан шашыраңқы сәуледе күнгірт сары, өткен сәуледе к өгілдір м өлдір
сияқты көрінеді.
Желатинді сұйықтандырады. Сорпада сары сақинаны сұйықты ң бетінен бастап
түзеді. Картопта жылтырауық сары өңезденіп, созылыңқы шырышты бактерия массасы
үстін түгел қаптайды. Сүт іриді, аммиак бөліп шығарады. Бактериялар шикі картоп
бөлігінде ортаңғы пластинканы еріте, картоп бөлігін қалы ң шырышты қабат қаптайды.
Тристеца ауруы. Ауру қоздырғышы — Citrus tristeza disease virus
Ашты апельсин немесе бигарадия және лайма телітушідегі т үрлердің
барлығыда аталмыш ауруға шалдығады. Тристеца ағаштың жалпылама
солуын туғызады.
Цитрустың, түріне және ауру қоздырғыштың штаммына байланысты
аурудың белгілері қатты өзгеруі мүмкін. Аурудың сирек байқалатын белгісі –
барлық жапырақтардың кенеттен солып, түсіп қалуы. Жапырақтар
бутақтардың түбінен ұшына қарай түсіп қалады. Одан кейін бұтақтар өледі.
Мұндай құбылыс ауырған жас (5-6 жастағы) ағаштарда жиі байқалады. Ескі
ағаштарда тез ауырып, әдетте біршама айығады, бірақта ешқаша ңда
қалыпты жағдайына толықтай келмейді
Тристеца телу кезінде
көзшелермен және тасушы
бунақденелілермен: цитрус бітесі
(Toxoptera citricidus Kirk), аздап мақта
бітесі (Aphis gossypii), тобылғы бітесі
(Aphis spiraecola Patch) арқылы
таралады.
Тристеца ауруы Еуропа, Азия,
Америка және Австралияда кең
таралған.
Қазақстанда сыртқы карантиндік
нысанға жатады. Тристеца цитрустардың аса
қауіпті ауруы
болыпесептелінеді. Мысалы,
Бразилияда Сан - Пауло
штатында 12 жылда барлық
цитрустардың 75% осы аурудан
өлген, Оңтүстік Америкада
манаптың залалдануы 90%
жеткен (Поспелов және
басқалар, 1978)
Цитрустардың ұшының сарғаюы. Ауру қоздырғышы вирус. Аурудың
негізгі белгісі өркеннің жоғарғы жапырақтарының, жүйкелерді ң арасыны ң
сарғаюы, кейін олардың некрозға айналуы. Мұнымен қатар ауру деформация ға
соқтырады: залалданған ағаштарда жапырақтар пішіні бұзылады (созылады,
жіңішкереді) гүлдер ұсақталады, күлтелер қысқарады, қалыңдайды, мезгілінен
бұрын түсіп қалады. Түйіндер түседі, жемістер ұсақталады, тегіс болады.
Аурудың залалдауы тез жүріп, ағаштың өлуіне соқтыруы мүмкін немесе
созылмалы залалға айналады. Бара-бара ауру ға шалды ққан а ғаштарды ң өсуі
тежеледі және өледі.
Ауру қоздырғыш телу кезінде таралады. Вегетация кезінде вирус
бунақденелілер арқылы таралуы мүмкін деген болжам бар. О ған д әйек ауру
ағаштар бар бақтарда ауру тез таралады. Ескі ба қтар жасба қтар ға қара ғанда қатты
залалданады. Ауру белгілері цитрустар тристециясына ұқсас келеді.
2.3. Карантиндік шаралар мен күресу жолдары
Жерорта теңіздік жеміс шыбынымен күресу жолдары;
•Цитрус өнімдерін ортатеңіздік жеміс шыбыны таралған елдерден тасымалдауға тиым
салынады (әсіресе сәуір-қазан айлары аралығында). Басқа уақытта жемістер зарарсызданған
соң тасымалдауға рұқсат етіледі.
• Зиянкес табылған жағдайда төгілген және зақымдалған жемістер жиналып қойылуға тиіс.
•Зиянкес алғаш табылған жерде ұстағыштар атрактивті заттармен (тримедлюр, ашыған жеміс
шырыны) сары желімді ұстағыштар жерорта теңіздік жеміс шыбыныныңсан мөлшерін
бақылауға және таралуын тоқтатуға қолданылады.
•Зиянкес таралған елдердің барлығында шыбынды құрту үшін БИ- 58, синтетикалық
пиретроидтар қолданылады.
•АҚШ – та Мексикамен көршілес аймақты жерорта теңіздік жеміс шыбынының стерилді
аталықтарымен қанықтару үшін “Mosamed” бағдарламасы ататқарады.
Цитрус аққанатымен күресу жолдары;
•Цитрус аққанаты таралған аудандар мен шаруашылықтардан отырғызылатын материалдарды
тасымалдауды тоқтату.
•Импорттық отырғызылғын материалдарды интродукциялық карантиндік питомниктерде
отырғызу.
•Мәңгі жасыл сәндікке қолданылатын зиянкес қыстайтын ағаштарды күзде және көктемде
шырпу.
•Көшеттерді, қалемшелерді және өсімдікті нүсқауға сай бромды метилмен фумигациялау.
•Зиянкестің екінші және үшінші ұрпақтарының дернәсіліне қарсы энтомопотогенді ашерсония
саңырауқұлағының споралар суспензиясын қолдану.
•Алмұрт және басқа сәндік ағаштарды бірінші ұрпақ дернәсілдеріне қарсы золон, актеллик,
дурсбан және басқа инсектицидтермен өңдеу.
Комсток сымырымен күресу жолдары;
•Комсток сымыры таралған елдерден тасымалданып отыр ғызылатын материалдар,
көшеттерді тасымалдауға тиым салу.
•Импорттық отырғызылғын материалдарды интродукциялық карантиндік
питомниктерде отырғызу.
•Көшеттерді, қалемшелерді және өсімдікті нүсқауға сай бромды метилмен
фумигациялау.
•Зиянкес таралған аудандардан және шаруашылықтарда ауылшаруашылық өнімдері
жергілікті карантиндік қызмет орнының сертификаты болғанда ғана тасымалдау ға
рұқсат етіледі.
•Ауылшаруашылық дақылдарын вегетация кезінде рұқсат етілген препараттармен
өңдеу.
•Псевдафикус тоғышарын қолдан өсіріп зиянкеске қарсы қолдану.
Австриялық науша сымыр немесе ицериямен күресу жолдары;
•Импорттық отырғызылғын материалдарды интродукциялық карантиндік
питомниктерде отырғызу.
•Көшеттерді, қалемшелерді және өсімдікті нүсқауға сай бромды метилмен
фумигациялау.
•Зиянкес таралған аудандардан және шаруашылықтарда ауылшаруашылық өнімдері
жергілікті карантиндік қызмет орнының сертификаты болғанда ғана тасымалдау ға
рұқсат етіледі.
•Ауылшаруашылық дақылдарын вегетация кезінде рұқсат етілген препараттармен
өңдеу.
•Псевдафикус тоғышарын қолдан өсіріп зиянкеске қарсы қолдану.
•Комстық сымырының күрес шаралары сияқты.
Цитрустық күйемен күресу шаралары;
•Цитрус күйесі таралған елдерден өсімдік текті өнімдерді карантиндік тексеруден
өткізу.
•Зиянкес таралған елдерде цитрус күйесі мен күресу үшін фосфорорганикалы қ
препараттар ұсынылады.
Цитрус дақылдарының бактериялды рагі;
•Ауру таралған елдерден цитрус жемістерінің ж әне отыр ғызылатын материалдарды
тасымалдауға тиым салынады.
•Залалданған өсімдіктер қазылып өртеледі.
•Ғылыми – зерттеу мақсатында тасымалданған материалдар карантиндік
питомникте тексеріледі.
•Питомникте бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Тристеция ауруымен күресу шаралары;
•Тристеция таралған елдерден отырғызылатын материалдар тасымалдану ға тиым
салынады.
•Отырғызылатын материалдарддың шығу тегіне қарамастан карантиндік
питомникте тексеріледі.
•Телу үшін 3- ші ұрпақ көзшелері пайдаланылады.
•Телу тек төзімді телінушіге отырғызылады.
Цитрустардың ұштарының сарғаюына қарсы күресу шаралары;
•Ауру таралған елдерден отырғызылатын материалдарды тасымалдау ға тиым салу.
•Ауру ағаштар қазылып, жойылады.
Цитрус дақылдарының карантинді
зиянкестерімен күресу жолдары
Препарат атауы Препаратты Зиянды Өңдеу мерзімі
қолдану нысан
мөлшері (л/га,
кг/га, л/т, кг/т)
БИ-58 Новый, 40 2.0-3.0 кг/га Гүлдегеннен соң
% к.э. Цитрус бүрку
Золон 2,5-3,0 кг/га Өсіп –өну кезінде
аққанаты
бүрку
Актелик 1,5 кг/га 0,3% ертiндiге
жасыл
қалемшенi 2 мин
ұстайды
Дурсбан 2,0-2,5 кг/га Өсіп – өну
кезінде
НАЗАРЛАРЫҢЫЗ ҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz