Тайпалық одақтар және Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер


Slide 1

№1 межелік бақылау жұмысы Тақырыбы: Тайпалық одақтар және Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер

Slide 2

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

Алғашқы көшпелілер

Сақ тайпалық одақтары

Үйсіндер

Қаңлылар

Ғұндар

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3 Slide 4

Сақ тайпалық одақтары

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғ. 40-шы ж. аяғында грек тарихшысы Геродоттың “Тарих” деп аталатын еңбегінде және басқада қол жазбаларда б. з. б I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады.

Slide 5

Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа:

Сақ- хаумаваргалар /хаома сусынын дайындайтын сақтар/

Сақ-тиграхаудалар /төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар/

Сақ-парадараяндар /теңіздің арғы жағындағы сақтар /

Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері еуропалық -скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы жағындағылар болған.

Slide 6

Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерінің бірі тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Заррине ел билеп, қалаларды салуға және жорықтарға өзі қатысқан.

Slide 7

Персия мемлекетінің патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б. з. б 558 529 жж. соғысқан кезде, сақтармен одақ жасасып, олардан әжептеуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін Кирдің әскерлері Сақтардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот өз жазбаларында мынадай аңызды келтіреді. Парсыларды жеңгеннен кейін Сақтардың әйел патшасы Томирис “ Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын” деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.

Slide 8

Сақтар көк тәңіріне табынған.

Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған.

Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді.

Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа аңшылық пен балық аулау кәсіптерімен де шұғылданған. Олар тау теке, арқар, қабан, бұғы, дуадақ аулайтын.

Slide 9

Үйсіндер

Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б. д. д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастаған елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған.

Slide 10

«Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі - ұлы жүз казақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сәйкес келеді.

Бірқатар зерттеушілер оның транскрипциясының дәстүрлі ертедегі кытайша түрі казіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болғанын айтты.

Slide 11

Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.

Slide 12

Шаруашылығы

Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіпеткен. Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер өндейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменнің табылуы - сол замандағы тұрғындардың егіншілікпен айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі. Іле, Шу, Талас алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды. Ежелгі үйсіндер б. з. б. 1 ғасырда, әсіресе б. з. 3-5 ғасырда егіншілікпен, бау-бақша, жеміс-жидек өсірумен шұғылданып, отырықшылыққа үйрене бастаған. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Шу, Іле бойындағы елді мекендердің орнынан күйдірілмеген кірпіштен қаланың, таға тәрізді жасалған жер ошақтар, тік бұрышты тұрғын үйлер табылды.

Slide 13

Қаңлы мемлекеті

Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б. з. д. 2 ғ. айтылады.

Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы.

Slide 14

Мемлекеттің аумағы ұлан-байтақ жерді Ташкент жазирасы мен

Сырдария, Жаңадария,

Қуандария алабының

ежелгі арналарын және Жетісудың оңтүстік- батыс бөлігін қоса Оңтүстік

Қазақстанды алып жатты.

Slide 15

Қаңлы мемлекеті 5 иелікке бөлінеді. әр иелікті кіші хандар басқарып, ұлы ханға бағынған.

Бес иелігі былайша орналасқан:

1. Сусе - Қашқа сериядағы шахрисябз.

2. Фума - Зеравшан өзеніндегі Кугшания облысы.

3. Юини - Ташкент жазирасы.

4. Цзу - Бұхара.

5. Юицзнь - бұл мемлекеттің орталығы болған хорезм.

Slide 16

Шаруашылығы, кәсібі.

Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан.

Slide 17

Ғұндар

Сақтардан соң Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық - ғұндар еді. Б. з. д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген.

Slide 18

Ғұндар және халықтардың орын ауыстыруы

Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқаарқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.

Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б. з. д. II ғасырданбасталып, б. з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанғаүлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.

Slide 19

АТТИЛА


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымы
Мемлекеттік Рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес
Нұр - Сұлтан қаласы
Сақ тайпаларының мекендеген дәуірі
Саяси карта
Қазіргі түркі тілдері бойынша қысқаша мәлімет
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдылықтары
Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы
Унитарлы мемлекеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz