Ірі қала жағдайында мектеп оқушылары арасындағы зиянды дағды-әдеттердің таралуы мен алдын алу (Алматы қаласы)


Slide 1

Ірі қала жағдайында мектеп оқушыларының арасында кеңінен тараған зиянды дағды-әдеттер мен олардың алдын алу

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Жаратылыстану және география институты

Анатомия, Физиолгия, Зоология және Тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы

Орындаған: Жұбаева С. О

Ғылыми жетекшісі,

Мед. ғылым. докторы,

профессор Балғынбеков Ш. А.

Ірі қала жағдайында мектеп оқушыларының арасында кеңінен тараған зиянды дағды-әдеттер мен олардың алдын алу

Slide 2

Жұмыстың мақсаты:

Жұмыстың мақсаты: Қазіргі жағдайда еліміздің ірі қаласы Алматыда мектеп оқушылары арасында денсаулыққа қауіптілік факторлары ретінде қарастырылатын зиянды дағды-әдеттерді анықтап, олардың алдын алуға бағытталған ұсыныстар дайындау.

Зерттеу міндеттері:

1. Қазіргі кезде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің арасында кеңінен тарап отырған зиянды дағды-әдеттер мен олардың өскелең жас организмге әсерлері туралы ғылыми әдебиетке талдау жүргізу;

2. Ірі қаладағы оқушы жастар арасында темекі шегудің таралуын зерттеу және оның зиянды әсеріне сипаттама беру.

3. Алматы қаласындағы мектеп оқушыларының арасында зиянды тағами дағды-әдеттердің таралуы және тамақтану жағдайын бағалау.

Notes: Начальные сведения о курсе, пособия и материалы, необходимые для занятий или проекта.

Slide 3

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы мен еліміздегі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерде саламатты өмір салтын қалыптастыруға және денсаулығын нығайтуға бағытталған ұстанымдары зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде алынды.

Slide 4

Алдын алу шарасы

Отандық және шетелдік ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиет көздеріне жасалған талдау қазіргі кезде мектеп оқушылары арасында темекі шегу, алкогольдік ішімдіктер ішу, есірткі тұтыну, тамақтану дисбалансы мен қимыл-қозғалыс жеткіліксіздігі сияқты зиянды дағды-әдеттердің кеңінен тарап отырғандығын көрсетті. Осыған байланысты оқушы жастар арасында зиянды дағды-әдеттердің алдын алу мен күресуге бағытталған, ғылыми негізделген ұсыныстар дайындау қажеттілігі туындап отыр.

Notes: Задачи курса, ожидаемые результаты и навыки, которые должны быть получены в ходе обучения.

Slide 5

Ірі қаладағы мектеп оқушылары арасында жиі тараған зиянды әдеттің бірі темекі шегу екендігі анықталды. Оқушылардың арасында темекімен әуестену 7-10 жастағы топтарда басталады (45%), жартысы 10-14 жасында, ал қалғандары 15-18 жасында темекі шеге бастайды. Балалар мен жасөспірімдер темекі шегуге көп жағдайда аулада және достарының ортасында, клуб-дискотекаларда әуестенген.

Дағдылы әдет

Notes: Перечень словарных терминов.

Slide 6

Алматы қаласындағы мектеп оқушыларының арасында тамақтанумен байланысты зиянды дағды-әдеттердің кеңінен тарап отырғандығын көрсетті. Олардың қатарында ретсіз және жүре тамақтану, көкөністер мен жеміс-жидектерді жеткіліксіз мөлшерде тұтыну, фаст-фуд тағамдық өнімдері мен газдалған тәтті сусындарды жиі, көп мөлшерде ішіп-жеу сияқты бала денсаулығына теріс әсері мол зиянды әдеттер анықталды.

Ас-адамның арқауы

Slide 7

Зерттеу барысында жинақталған мәліметтер ірі қала жағдайында мектеп оқушылары арасында темекі шегу, түрлі тағами зиянды дағды-әдеттер мен қимыл-қозғалыс белсенділігі деңгейін мониторингілеудің ақпараттық базасын жасауда пайдаланылады және балалар мен жасөспірімдерге теріс әсер етуші қауіптілік факторларының кеңінен таралуының алдын алуда практикалық іс-шаралар бағдарламасын дайындауға негіз болады.

Зерттеу нысаны

Slide 8

Сурет 1. Жасөспірім оқушылар мектеп ауласында темекі шегуде

Slide 9

Нашақорлар мен араққұмарларға қарағанда темекі шегушілер қоғамға жат іс-әрекеттерге бейім емес. Сондықтан темекі шегудің негізгі әлеуметтік салдары осындай болып келеді:

әлсіреген ұрпақтың тууы;

адамдар арасындағы өзара қатынастың бұзылуы;

ішкі мүшелердің ауруларының пайда болуының қатерінің жоғарылауы;

мезгілсіз өлім.

Slide 10

Сурет 3. Темекі шегу - өкпенің қатерлі ісігінің негізгі себебі

Slide 11

Сурет 4. Қазақстанда мектеп оқушыларының темекі шегуді бастайтын жасы

Notes: Пример графика или диаграммы.

Slide 12

Сурет 6. Фастфуд пен газдалған тәтті сусындарды жиі ішіп-жеу -

оқушы жастар арасында кеңінен тараған зиянды тағами дағды-әдет

Notes: Заключение по итогам курса, лекции и т. д.

Slide 13 Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу бағдарламасы
8-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: ЖҚТБ және зиянды әдеттердің алдын алу
Литвадағы зиянды әдеттердің таралуы мен салауатты өмір салтын насихаттау бағдарламаларының әлеуметтік-экономикалық талдауы
Мектеп оқушылары арасында жұқпалы аурулардың алдын алу: вакцинация, гигиена және салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты және зиянды әдеттердің алдын алу: Қазақстан - 2030 бағдарламасы аясындағы тәрбие сағаты
Мектеп оқушылары арасында суицидтің алдын алу: отбасылық және мектептік факторлар, өзін-өзі бағалау мен қолдау шаралары
Ынтымақ: мектеп оқушылары арасындағы бірлік пен достықты насихаттаушы мәнерлеп оқу сайысы
Қала экологиясы: Алматының атмосфералық ластануы, зиянды заттар және қоршаған ортаны қорғау
Туберкулезді алдын алу және тұрғындар арасындағы санитарлық-ағарту жұмыстары
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс: себептері мен алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz