Халықаралық есеп айырысу




Презентация қосу
  Әр түрлі елдер мен фирмалардың өкілдері арасындағы есеп
айырысу.
Ол экономика, саяси және мәдени байланыстар негізінде
туындайды. Халықаралық есеп айырысу да тәжірибеде
қалыптасқан, ұлттық заңдармен,халықаралық құжаттармен,
ережелермен және ғұрыптармен тиянақталған, төлем шарттары мен
тәртібі, сондай ақ оларды жүзеге асыру жөніндегі күнделікті банк
операциялары қамтылады. Халықаралық есеп айырысуды несие беретін,
кепілдік жасайтын банкілер қолма қол ақшасыз нысанда
жүргізеді. Банкілерөздерінің шетелдік бөлімшелерін және шетелдік
банкілермен корреспонденттік қатынастарын пайдаланады.
Халықаралық есеп айырысу валюталық және несиелік операциялармен,
сыртқы саудамен, несиемен, инвестициямен, жолаушылар мен жүктерді
тасымалдаумен, теникалық көмекпен, сақтандырумен, байланыс
қызметтерімен, сондай-ақ өкілдіктер мен делегацияларды ұстаумен,
туризммен, тағы басқа өзара байланысты.

Халықаралық есеп айырысу
Халықаралық есеп айырысу

Валюталық және несиелік операциялармен;
Сыртқы саудамен;

Несиемен;

Инвестициямен;

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен;

Байланыс қызметтерімен;

Өкілдіктер мен делегацияларды ұстаумен;
Туризммен байланысты.
Халықаралық есеп айырысу құқықтық
қатынастарының қатысушылар

Сатушы Сатып алушы

Банк
Сыртқы экономикалық мәміледе төлем
шарттарының элементтері

Валюталық
Баға валютасы
ескертпелер

Есеп айырысу
Төлем валютасы
нысаны

Төлем жері Төлем тәртібі

Төлем қарызы кезіндегі
санкциялар
Халықаралық есеп-айырысуларда негізгі
нысандары:

Тауарлық
Аккредитив құжаттардың
инкассосы

Банктік
аударылымдар
Ол сатып алу, сату шартынан
немесе басқа да шартта негізгі болып
табылатын ерекшеленген мәміле.
Аккредитив операцияларында
тараптар тек құжаттармен ғана
айналысады.

Аккредитив
Аккредитивтер:

Шақырылатын аккредитив бенефициарлардың алдын ала ескертуінсіз
кез-келген кезде банк иммитентпен өзгертіле немесе алынып тастала
алады.
Шақырылмайтын аккредитив бойынша міндеттемелер банк
имитенттің және бенефициардың келісімінсіз өзгертіле алмайды және
алынып тастала алмайды.
Трансферабельді акредитив бойынша банк төлем немесе акцепт жүзеге
асыратын банкке аккредитивпен толықтай немесе жартылай бір немесе
бірнеше басқа тұлғалар (екінші бенефициарға) пайдалана алатындығы
туралы тапсырыс беру құқығына иеленеді.
Револьверді аккредитив бойынша оны қолданған сайын ол бойынша
төлемнен кейін аккредитив сомасы автоматты түрде қалпына келеді.
Жабылған аккредитив – бұл аккредитив түрін ашуда банк иммитент
алдын-ала атқарушы банк билеуіне аккредитив бойынша төлемдер үшін
оларды пайдалану шарттарымен иммитент-банктің міндеттерінің әрекет
ету мерзіміне аккредитив саласында валюталық құралдарды ұсынады.
Ең көп тараған есеп айырысудың түрі:

Инкассолық Құжаттық
тапсырыстар аккредитивтер

Бұл жерде төлемге берілетін құжаттар аккредитив, чек немесе
вексель түрінде болуы мүмкін. Осындағы ескерілетін жайт:
төлемдік құжат түсінігінің квалификациясы мен мазмұны әр
мемлекеттің заңнамасында ерекшеліктерге ие. Халықаралық есеп
айырысуды жүзеге асыруда чек, вексель немесе аккредитивті ң
қолданылуының бірыңғай реттеуі жоқ.
Әлемдік валюта жүйесінің құрамды
элементтері:

Халықаралық төлем құралдарының белгілі бір жиыны (ұлттық,
шетелдік және ұжымдық халықаралық валюта);
Валюта бағамы және валюта өлшемі (паритеті) мен еркін айналым
жасаушылығын қоса алғандағы, валюта айырбастау тәртібі;
Халықаралық айналымды валюта-төлем құралдарымен қамтамасыз
етудің тетігі (механизмі);
Халықаралық есеп айырысу формалары мен валюта және алтынның
халықаралық нарығының тәртібін ретке және жүйеге келтіру;
Валюта қатынастарының тәртібін реттеуші, мемлекетаралық
институттардың мәртебесі;
Әлем шаруашылығының сыртқы экономикалық қызметімен
байланысты халықаралық есеп айырысу мен несие операцияларын
жүзеге асырушы халықаралық және ұлттық банк мекемелерінің жүйесі.
Аккредитивті есеп-айырысуларда банктер
келесідей функцияларды жүзеге асырады:

Үшінші тұлға атына төлемдерді жүзеге асыру
(бенефициарға) және бенефициар бұйрығымен
аудармалы вексельдерді акцепттеуге немесе төлеуге;

Осындай төлемдерді жүзеге асыруды басқа банкке
тапсыру;

Ұсынылған құжаттарға қарсы аудармалы
вексельдерді төлеу, акцепттеу немесе негоциациялау;
Аккредитив бекітілген негізгі ережелерге
сәйкес келу керек:

Аккредитивтердің барлығында олардың дер кезінде төлем, бөлшектеп
төленетін төлем, акцепт немесе негоциация арқылы жүзеге асырылуын
айқындап көрсету керек.

Әр аккредитивте төлемді жүзеге асыруға құқығы бар банк (атқарушы
банк), акцепт тратт немесе негоциация болу керек.

Егер эмитент-банк телекоммуникациялық хабарландыру арқылы кез-
келген авизалық банкке аккредитивті авизалау үшін нұсқау беретін
болса, бұндай жағдайда кейіннен пошта арқылы растайтын хат
жіберілуі керек.
Аккредитивтік есеп-айырысуларда
субъектілер:

Импортер – банкке аккредитив ашу
өтінішімен жүгінеді.

Эмитент –банк – аккредитив ашушы
банк.

Авизалық банк – экспортерге оның
есебіне аккредитив ашылғаны жөнінде
мәлімдеп, аккредитив мәтінінің
сәйкестігін растайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 30
тамыз 1995 жыл.
Л.Нысанбекова «Халықаралық жеке құқық» Оқу
тәжірибелік құралы. Алматы 2006 жыл.
Г.А.Илясова «Халықаралық жеке құқық»
Қарағанды 2010 жыл.
М.М.Богуславский «Международное частное
право». Учебник для вузов. Юрист 2000 год.
Г.К.Дмитриева «Международное частное право»
2000 год.

Ұқсас жұмыстар
Электрондық төлем жүйелері
Валюталық биржалардың қалыптасу кезеңі
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР
Коммериялық банктердің негізгі қаржылық операциялары
НЕСИЕЛІК ЖӘНЕ БАНКТІК ЖҮЙЕ
Банктің есеп айырысу операциялары. Кассалық және комиссиялық қызметтері
Ақша қаражаттары есебі
1с бухгалтерия мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері
Ақша қаражаттары
Пәндер