Прокуратура


Slide 1

Прокуратура

Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-iздестiру қызметiнiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Slide 2

Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi:

Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді.

Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.

Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.

Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.

Slide 3

Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны

Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентiнің жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;

Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

Сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысады;

Сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;

Заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

Статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;

Халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;

Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Slide 4

Прокуратура органдарының жүйесі

Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

Slide 5

Республиканың Бас Прокурорын:

Парламент Сенатының келiсiмiмен Республика Президентi бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды; .

Қызметтен Республика Президентi босатады;

Ол Республика Президентiне есеп бередi;

Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа, Сенаттың келiсiмiнсiз өз өкiлеттiктерi мерзiмi iшiнде ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

Slide 6

Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi

Республика аумағында заңдар мен Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады, төменгi прокуратуралардың қызметiне басшылық етедi;

Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды;

Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады;

Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру мен оның қызметiнiң мәселелерi мен материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларының тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары мен мекемелерiнiң барлық қызметкерлерi және жұмыскерлері орындауға мiндеттi бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады;

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс жүргiзу кодексi мен жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарының анықтау мен тергеу органдарының, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi нормаларын қолдану мәселелерi бойынша;

Құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер;

Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;

Жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдар шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер бойынша келiсу туралы шешiм қабылдайды;

Прокуратураларды, прокуратура органдарының мекемелерiн құрады, қайта құрады және таратады, олардың құрылымын, құрылымдық бөлiмшелердiң құқықтары мен мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимитi шегiнде прокуратура органдарындағы штат санын және еңбекақы төлеу қорын белгiлейдi;

Республика Президентіне Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;

Республика Президентiне жоғары сыныпты шендер мен әскери атақтар беру үшiн кандидатуралар ұсынады;

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

Ведомстволар басшыларының орынбасарларын, облыстар прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ аудандар, қалалар прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

Елдегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдарының қызметi туралы Республика Президентi алдында есеп бередi;

Белгiленген тәртiппен прокуратура органдарының қызметкерлерiне сыныптық шендер мен әскери атақтар бередi;

Прокуратура органдарының қызметкерлерiн және жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және құрметтi атақтар беруге ұсынады, ведомстволық наградалармен наградтайды;

"Прокуратураның құрметтi қызметкерi" атағын бередi, осы атақты беру тәртiбi туралы Ереженi бекiтедi;

Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қару мен оқ-дәрi алу, сақтау, алып жүру және тасымалдау тәртiбiн айқындайды;

Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi;

Өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Slide 7

Қадағалаудың мiндеттерi:

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкес келуiн қамтамасыз етеді.


Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалау актілерініңміндеттілігі
Қазақстан Республикасының прокуратурасы
Құқық қорғау қызметінің мақсаты
Сотта мемлекеттің мүддесін қорғау
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Құқық қорғау органдары
СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ РӨЛІ
Прокуратураның ұйымдық құрылымы
Прокуратура органдары қызметінің мазмұны және негізгі бағыттары
ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz