Қазақстан Республикасындағы нотариат



Қазақстан Республикасындағы нотариат
Бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.

Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға құқықтары бар тұлғалар:
Мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) ;
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары;
Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;

Нотариаттық қызмет
Бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.

Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады.
Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттiк нотариат кеңсесінің құрамында бола алады.
Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың тағылымдамадан өтушілері бола алады.
Көмекші мен тағылымдамадан өтуші нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен оның нотариаттық қызметті алмастыруға тиісті емес және нотариаттық іс жүргізу бойынша көмекші сипатта болуы мүмкін тапсырмаларын орындауға құқылы.
Заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл өтілі бар адамдар үшiн аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палатаның бiрлескен шешiмiмен тағылымдаманың мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Тағылымдаманың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек.
Тағылымдамадан өтушінің нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы және нотариустың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі кәсіби білім мен практикалық дағдыларды алуы тағылымдамадан өтудің мақсаты болып табылады.
Бір нотариустан бір мезгілде екеуден аспайтын тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өте алады.
Тағылымдамадан өту Республикалық нотариаттық палатамен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілетін тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері:

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк бередi.

Өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға;
Мәмiлелердiң, өтiнiштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;
Құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге;
Нотариаттық iс-әрекеттер жасау мәселелерi бойынша консультациялар беруге;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге;
Ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға құқылы.
Нотариустың құқықтары:

Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық әрекеттер, сондай-ақ электрондық тіркеуге байланысты әрекеттер жасауға;
Азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге;
Кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
Кәсiптiк әдептi сақтауға;
Әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге;
Өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидадакөзделген тәртіппен іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беруге;
Барлық нотариаттық құжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге;
Өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсынуға міндетті.
Нотариустың міндеттері:

Кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
Шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге;
Өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн орындауға;
Жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға;
Нотариустың мөрін оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге;
Есептік тіркеу орнынан тыс жерде қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Нотариустың қызметін шектеу:

Қазақстан Республикасының “Нотариат туралы” Заңы. 1997 ж. (өзгертулер мен толықтырулар 08. 01. 2013ж. )
“Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңы 1999 ж. (өзгертулер мен толықтырулар 12. 01. 2012ж. )
Рахметова Г. Р. Қазақстан Республикасындағы нотариат. Астана, 2013 ж.
Черемных Г. Г. Нотариальное право 2006г.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 1994ж. (өзгертулер мен толықтырулар 12. 01. 2012ж) .
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999ж. (өзгертулер мен толықтырулар 12. 01. 2012ж) .
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz