АФРИКА ЕЛДЕРІ



АФРИКА ЕЛДЕРІ
Африка - аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі.

КІРІСПЕ
Африка - аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің аумағы - 29, 2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30, 3 млн. км2) . Тұрғыны - 728 млн. адам. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы - 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр.

СОЛТҮСТІК АФРИКА
Солтүстік Африка БҰҰ макроаймақтық бөлінісі бойынша Африканың аймағы болып табылады. Аумағы - шамамен 10 млн км². Бұл аймақта Африканың ең ірі мемлекеттері орналасқан:
Алжир
Мысыр
Батыс Сахара
Ливия
Мавритания
Марокко
Судан
Тунис
Оңтүстік Судан
Бірнеше мемлекеттің ғана аумағы 1 млн км²-ден кем, ал Африканың осы бөлігінде орналасқан ең ірі елдер - Алжир, Судан және Ливия - 1, 5 млн км²-ден едәуір асады.
Сонымен қатар, кейде Канар аралдарын, Эритреяны, Эфиопияны және Мадейраны Солтүстік Африкаға жатқызады.

БАТЫС АФРИКА
Батыс Африка - Африка құрлығының бөлігі, орталық Сахараның оңтүстік жағында орналасқан және оңтүстіктен және батыстан шайып жатқан Атлант мұхитынан. Батыстағы шекарасы Камерун таулары болып есептеледі.
Бенин
Буркина-Фасо
Гамбия
Гана
Гвинея
Гвинея-Биссау
Кабо-Верде
Кот-д’Ивуар
Либерия
Мавритания
Мали
Нигер
Нигерия
Сенегал
Сиерра-Леоне
Того

ОРТАЛЫҚ АФРИКА
Ангола
Камеро
Орталық Африка Республика
Чад
Конго Республикасы
Конго Демократиялық Республика
Экваторлық Гвинея
Габон
Сан-томе және принсипи
Орталық Африка елдері:

ШЫҒЫС АФРИКА
Шығыс Африкада 17 мемлекет орналасқан:
Бурунди
Джибути
Кения
Комор аралдары
Мадагаскар
Маврикий
Мозамбик
Реюньон
Руанда
Сейшел аралдары
Сомали
Судан
Танзания
Уганда
Эритрея
Эфиопия
Оңтүстік Судан

ОҢТҮСТІК АФРИКА
Оңтүстік Африка елдері:
Ботсвана
Лесото
Намибия
ОАР
Суазиланд

МЫСЫР СОЛТҮСТІК АФРИКА
Мысыр, ресми түрде Мысыр Араб Республикасы - Африка құрылығының солтүстік-шығысын және Азиядағы Синай түбегін алып жатыр.
Байрақ
Елтаңба

ГЕОГРАФИЯСЫ
Бүгінгі Мысыр - Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрлықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі -құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 пайызды әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдің алқабы мен атырауы. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет - Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді. Құнарлы алқапты жан-жағынан шөл дала қоршаған. Бұл шөл далада су жоқ болғандықтан, адам өте сирек ұшырасады. Әдетте ондай бірен-саран кездесетіндер-көшпелі бәдәуилер. Негізгі малы-түйе, қой, ешкі. Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті - сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.

ЭКАНОМИКАСЫ
Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30% ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді. Табиғи газдың ірі жерасты қоры бар.
1979 жылдан шетел капиталдарының құйылуы анағұрлым өсті. Елдің барлық аудандарын бірімен-бірін жалғастырып жатқан жол құрылысы кеңейді, мектептер, емханалар салынды, сымтетік байланысы жаңартылып, кеңейді. Мысырдық фунт тұрақты валютаға айналды. Туризм индустриясы қарқынды дамуда - ондаған жаңа қонақ үйлер бой көтерді, Қызыл теңізде жаңа курорт орталықтары құрылды, көптеген ежелгі ескерткіштер қалпына келтірілді.

ХАЛҚЫ
Бүгінгі күні Мысырдың тұрғындары 70, 5 млн. адамнан асады және жыл сайын 1, 3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар)
Тілі
Мысырдағы өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі - “жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады. . Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады. Мысырда ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері пайдаланылады.

ТҰРМЫС САЛТТАРЫ МЕН ҒҰРЫПТАРЫ
Бүгінгі күні Мысырдың тұрғындары 70, 5 млн. адамнан асады және жыл сайын 1, 3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар)
Тілі
Мысырдағы өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі - “жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады. . Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады. Мысырда ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері пайдаланылады.


НИГЕРИЯ БАТЫС АФРИКА
Нигерия Федеративтік Республикасы (ағылш. Federal Republic of Nigeria) - Батыс Африкада Нигер өзенінің төменгі ағысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 923768 км². Халқы 174, 5 млн. (2013) [1] (хауса - 21%, йоруба - 20%, ибо - 17%, фулани - 9%, қалғандары - фульбе, канури, эдо, игбо, т. б. халықтар) . Ресми тілі - ағылшын тілі. Халқының 50%-ы мұсылмандар, 40%-ы христиандар, қалған бөлігі жергілікті діни наным-сенімдерді ұстанады. Мемлекет басшысы - президент. Жоғарғы заң шығарушы органы - парламент. Астанасы - Абуджа қаласы (1991 жылдан) . Әкімшілік жағынан 36 штат пен федералдық астаналық аумаққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні - 1 қазан (1960) . Ақша бірлігі - найра.
Байрақ
Елтаңба

ТАБИҒАТЫ
Нигерияның көпшілік бөлігін жазықтар мен тау үстірттері (ең биік нүктесі - Фогель шыңы - 2042 м) алып жатыр. Экваторлық-муссондық климат басым. Қаңтардағы орташа температурасы 26ӘС-қа, шілдеде 33ӘС-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстік-шығысында 500 мм, оңт-нде 4000 мм шамасында. Негізгі өзені - Нигер. Оңтүстігін тропиктік ормандар, солтүстігін саванналар алып жатыр. Нигерияда пілдер мен мүйізтұмсықтар, леопард, қорқау қасқыр, киік тұқымдастардың 30-ға жуық түрлері мен керіктер, тропиктік ормандарда - шимпанзе мен горилла, әр түрлі кесірткелер мен қолтырауын, гиппопотамдар мен жыландар, цеце шыбыны кездеседі. Саны азайған жан-жануарларды қорғау мақсатында мемлекеттік қорықтар ұйымдастырылған. Кен байлықтарынан мұнай мен газ, тас көмір мен қоңыр көмір, темір, түсті металдардың (қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, молибден, ниобий, тағы басқа) кентастары мен алтын кездеседі.
НИГЕРИЯ ЕЛІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫ
Түсті металдар, электр қуатын өндіру, тамақ, тігін өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа шығаратын негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары: какао, майлы пальма, арахис, мақта, каучукті өсімдіктер, қант құрағы. Мал шаруашылығы да біршама жақсы дамыған. Ұлттық жиынтық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 880 АҚШ долларына тең (1997) . Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ.


КАМЕРУН ОРТАЛЫҚ АФРИКА
Камерун Республикасы (фр. République du Cameroun) - Орталық Африкадағы мемлекет. Жер көл. 475440 км2. Халқы 15, 4 млн. адам (1999) . Халқы тілдеріне қарай банту (дуала, балунду, баса, батанга, т. б. ) шығыс банту (бамилеке, бамум, тикар, т. б. ), хауса (бата, мандара, т. б. ) топтарына бөлінеді. Ресми тілдері - ағылшын және француз тілдері. Тұрғындары христиан дінінің католик 35%, протестант (18%) тармақтарын ұстанады. Дәстүрлі нанымдарына сенушілер (25%) мен мұсылмандар (22%) да бар. Астанасы - Яунде қаласы. Елді президент басқарады (1982 жылдан П. Бийя) . Ол 5 жыл сайын төте сайлау негізінде сайланып отырады және үкімет басшысы да болып саналады. Заң шығарушы орган бір палаталы парламент. Ұлттық мерекесі 1 қаңтар - Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі - Камерун франкі.
Байрақ
Елтаңба

ТАБИҒАТЫ
Камерун экваторлық және субэкваторлық белдеулерде орналасқан. Жерінің көпшілігі таулы үстіртті және қыратты. Климаты экваторлық (оңтүстігінде) және экваторлық-муссондық. Ең ыстық айлары ақпан мен наурызда 24 - 28С, салқын айлары шілде мен тамызда 22 - 24С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 мм-ден (солтүстікте) 3000 мм-ге (мұхит жағалауларында) дейін жетеді. Басты өзендері - Санага, Ньонг, Нтем, Бенуэ, т. б. Жерінің 1/3 бөлігі (15 - 13 млн. га) орман және саванна. Қызыл ағаштар мен темір ағаштардың көптеген түрлері кездеседі. Жануарлар түрлеріне өте бай: ормандарында піл, гиппопотам, қолтырауын, саванналарда буйвол, жираф, арыстан, қабылан, т. б. кездеседі. Пайдалы қазындылары - темір, алтын, боксит, табиғи газ.
ЭКОНОМИКАСЫ
Елдің жылдық ұлттық табысы 9, 1 млрд. АҚШ доллары, сыртқы қарыз 9, 5 долл. көлемінде, халықтың 70%-і а. ш-нда, 9%-і - өнеркәсіпте, 21%-і қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Жұмыссыздар халықтың 25%-ін құрайды, барлық жердің 12, 8%-і а. ш-на қолайлы. Елде қазба байлықтар (мұнай, табиғи газ, боксит, темір кентасы, уран, алтын, т. б. ) қоры көп. Экспортқа, негізінен, шикі мұнай мен мұнай өнімдері, ағаш және ағаштан жасалған заттар, кофе, алюминий, мақта, банан шығарылса, импортқа машиналар, құрал-саймандар, химия өнімдері, жанар май, т. б. әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Испания, Италия, Германия, Нидерланд, Бельгия, АҚШ.


КЕНИЯ ШЫҒЫС АФРИКА
Кения (ағылш. Kenya), Кения Республикасы (ағылш. Republіc of Kenya) - Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі - 582, 6 мың км². Халқы 28, 8 млн. адам (1999) . Халқының этникалық құрамы банту, нилот, кушит топтарына жататын кикуйю (21% шамасында), луйя (14%), луо (13%), календжин (11%), камба (11%), т. б. тайпалардан және 165 мыңнан аса Азия, Еуропа, араб елдерінен келгендерден тұрады. Ресми тілдері ағылшын тілі мен суахили тілі. Тұрғындарының кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерін, кейбіреулері христиан дінінің католик және протестант тармақтарын, енді біреулері ислам дінін ұстанады. Астанасы - Найроби қаласы. Кения - Британ достастығына кіретін республика. 1969 жылы қабылданған конституциясы бойынша елді жалпыхалықтық сайлауда 5 жылға сайланған президент басқарады (1978 жылдан Даниэль арап Мои) . Жоғары заң шығарушы орган - бір палаталы Ұлттық жиналыс. Әкімшілік жағынан 7 провинцияға және астаналық округке бөлінеді. Ұлттық мерекесі 12 желтоқсан - Республика күні (1963) . Ақша бірлігі - Кения шиллингі. Кения Шығыс Африка таулы үстіртінің солтүстік-шығыс шетін алып жатыр. Жерінің орталық бөлігінен экватор сызығы өтеді. Саванналық өсімдіктер көп. Орталығы мен тау беткейлерінде - тропиктік ормандар, тау басында шалғынды өсімдіктер өседі.

КЕНИЯ ШЫҒЫС АФРИКА
Байрақ
Елтаңба

ТАБИҒАТЫ
Кения Шығыc Африка таулы үстіртінің солтүстік-шығыс шетін алып жатыр. Жерінің орталық бөлігінен экватор сызығы өтеді. Жері қызыл, латериттік, шалғынды қара-сұр топырақты келеді. Саванналық өсімдіктер көп. Орталығы мен тау беткейлерінде - тропиктік ормандар, тау басында шалғынды өсімдіктер өседі. Кен байлықтары: көмірлі натрий тұзы, кианит, диатолит, гипс, торий, ниорий, алтын және полиметалл кентастары. Климаты субэкваторлық: қаңтардағы орташа температура 14 - 24С; шілдеде 12 - 25С, жылдық жауын-шашын мөлш. 250 мм-ден (солтүстік-шығыс) 2000 мм-ге (батыс) дейін. Өзендері шағын келеді. Ірілері Тана мен Галана Үнді мұхитына құяды. Көлдері - Рудольф, Баринго, Накуру, Наиваша, Магеди, т. б. Жерінде Амбосели, Мара, Марсабит, Агонг қорықтары және Меунт-Кения, Найроби, Цаво, т. б. ұлттық саябақтар орналасқан. Оларда піл, керік, зебр, буйвол, арыстан, қабылан, маймыл, түйеқұс, т. б. бар. Өзендерінде қолтырауын, бегемоттар кездеседі.
КЕН БАЙЛЫҚТАРЫ
Көмірлі натрий тұзы, кианит, диатолит, гипс, торий, ниорий, алтын және полиметалл кентастары. Климаты субэкваторлық: қаңтардағы орташа температура 14 - 24°С; шілдеде 12 - 25°С, жылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден (солтүстік-шығыс) 2000 мм-ге (батыс) дейін. Өзендері шағын келеді. Ірілері Тана мен Галана Үнді мұхитына құяды. Көлдері - Рудольф, Баринго, Накуру, Наиваша, Магеди, т. б. Жерінде Амбосели, Мара, Марсабит, Агонг қорықтары және Меунт-Кения, Найроби, Цаво, т. б. ұлттық саябақтар орналасқан. Оларда піл, жираф, зебр, буйвол, арыстан, қабылан, маймыл, түйеқұс, т. б. бар. Өзендерінде қолтырауын, бегемоттар кездеседі.

ЭКОНОМИКАСЫ
Кения экономикасы нашар дамыған ел. Халқының 80%-ы ауыл шаруашылығында, 7%-ы - өнеркәсіпте, 13%-ы қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Елдегі жұмыссыздар саны - 16%. Елдің жылдық ұлттық өнімі - 9, 3 млрд. АҚШ долл-ы шамасында. Шетке: шай, кофе, мұнай өнімдері, жеміс-жидектер шығарады. Елге сырттан: шикі мұнай, машиналар, өнеркәсіп тауарлары, химия өнімдері, тұрмысқа қажетті заттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Уганда, Ұлыбритания, Танзания, Германия, Жапония, Біріккен араб әмірлігі, т. б.

ЭКОНОМИКАСЫ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz