Қазақстанда отарлау кезеңінің басталуы


Slide 1

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі Тақырыбы: Қазақстанда отарлау кезеңінің басталуы Қарағанды 2017ж.

Slide 2

Жоспар:

1. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

2. Қазақ- жоңғар қатынастары

3. Ресейдің отарлық саясаты Қазақстанда

4. XVIII ғасырда Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы

5. XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саяси жағдайы

8. Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

9. « Ақ сүйек», «Қара сүйек» ұғымдары. Олардың мағынасы мен құрылымы

10. Қазақтардың шаруашылығы

11. Жоңғар хандығының әлсіреуі

12. Патша үкіметінің XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы отарлау шаралары

13. Қазақстандағы Ресейдің әкімшілік реформалары

14. Қазақстандағы хандық басқаруды жою

Slide 3

XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Қазақ елінің ақылгөйі, данышпаны, тірі кезеңінің өзінде « Әз Тәуке» атанған Тәуке хан тұсында (1680-1715/18-жж. ) ішкі тартыстар тоқталып, сыртқы шапқыншылықтан қорғану ісі жолға қойылды. Хан өзінің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін үш жүздің білгір билерінің басын қосып, билер кеңесінің құрды. Оған қазақтан Төле, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билер, қырғыздан- Қоқым би, қарақалпақтан- Сасық би, т. б. кірген.

Slide 4

Қазақ- жоңғар қатынастары

1697 жылы Себан Рабдан билік басына келгеннен кейін қазақ-жоңғар арасындағы соғыс жанжалдары одан сайын өрши түсті. Себан Рабдан ( Қалдан Бошоқтудың жиені) Жоңғар хандығын 1727 жылға жейін басқарады. Ол тарихта қазақтарға қарсы жүргізген қатал да ауыр шапқыншылық жорықтармен белгілі.

Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерінің оңтүстігіндегі қалалардың жойылып кетуіне себеп болды.

Slide 5

“Аңырайқай шайқасы”

Slide 6

Ресейлік отарлық саясаты Қазақстанда

1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 1730 жылдан аса уақытқа созылып, XIX ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731-1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбінесе сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді.

Slide 7

XVIIIғ. I жартысындағы Қазақстан

Slide 8

XVIII ғасырда Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы

1735 жылы Орта жүздің тағы бір ханы Күшік пен Барақ сұлтан басқа игі жақсылардың қолдауымен Орта жүзге орыс елшілігін жіберу­ді сұрап, Тевкелевтің атына хат жолдады. Көп кешікпей-ақ, 1738 жылы Орта жүз бен Кіші жүздің 58 рубасы Ресей патшайымының билігін мойындап, оған адал болуға ант берді.

Ұлы жүз (1846 жылдың жаз мезгілінде) Ресейдің қол астына қабылданды.

Slide 9

XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саяси жағдайы

Slide 10

Абылай хан

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) - 1771-1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы. Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.

Slide 11

« Ақ сүйек», «Қара сүйек» ұғымдары. Олардың мағынасы мен құрылымы

Дәстүрлі қазақ қоғамы ақсүйек, қалған басқа халық қарасүйек болып бөлінді. Ақсүйек қауымын Шыңғысхан ұрпақтары немесе төрелер құрады. Халықтың барлық қалған бөлігі қарасүйек деп аталды. Бұл қазақ қоғамының негізі және ең көп бөлігі саналды. Қарасүйек өкілдерінде жекелеген рулар мен тайпаларға бөлінді.

Slide 12

Қазақтардың шаруашылығы

Қазақтар негізінен қой, жылқы мен түйе өсірді. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қой ерекше мән берді. Дала қойы төзімділігі, ірілігі және етті, сүттілігімен ерекшеленеді.

Slide 13

Маусымдық көші-қон.

Көші-қон ережелері жылдың әр мауымындағы шөптің қалың шығуын есепке алу арқылы белгіленді. Жайылымдық жер аумағы жыл мезгіліне байланысты төртке бөлінді: қысқы жайылым- қыстау, көктемгі жайылым- көктеу, жазғы жайылым- жайлау және күзгі жайылым- күзеу деп аталды.

Slide 14

Жоңғар хандығының әлсіреуі

Slide 15

Нұралы хан

Нұралы хан (1748-1786) - билік құрған. Әбілқайыр хан өлген соң, 1748 жылы Кіші жүздегі хандық таққа оның ұлы Нұралы отырды. Бұл шешімді Ресей патшайымы Елизавета Петровна бекітті. Нұралы патшалық билік тарапынан бекітілген бірінші қазақ ханы еді. Патша үкіметі бұл әрекеті арқылы ендігі уақытта қазақ жұрты хан ретінде мойындаған сұлтанды хандық дәрежеге бекіту немесе бекітпеу өз еркінде екендігін білдіруі еді.

Slide 16

Қазақстандағы Ресейдің әкімшілік реформалары

1867-1868 жылғы реформалар 1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар XIX ғасырдың 60-жылдарына қарай бірте-бірте жарамсыз болып қалғандықтан, жаңа реформалар жүргізудің қажеттігі туындады. Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды

Тұтастай алғанда, реформа отарлаушылардың жан жақты, тереңнен ойластырылағн патша әкімшілік саяси органың нығайтуға бағытталған бағдарламасы болды. Реформа халық бұқарасын отарлық езгіде ұстау, халықтың бас көтеру көріністерінің алдын алу мақсатын көздеді.

Slide 17

Қазақстандағы хандық басқаруды жою

1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. Хандық билікті әлсірету мақсатымен 1815 жылы патша үкіметі орта жүзде Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады. Петербург сарайы қос билеуші Бөкей мен Уәлиді қан төкпей орындарынан алуға сылтау іздеді.

Slide 18

Тапсырма

1. Оңтүстік Қазақстан өңірлері, Сырдария, Шу, Талас өзендері жағалауларында мал шаруашылығын

тұрмыспен ұштастырған дәстүр кең тарады.

2. Шөбі қалың ауа райы салқын болғандықтан жайлауаудандарында орналасты.

3. XV-XVII ғасырларда киіз үймен бірге үстіндегі үйлер де болды.

Slide 19

Тікелей сұрақтар:

1. « Отарлау» деген терминді қалай түсінесіңдер?


Ұқсас жұмыстар
Қазан төңкерісі
Қазақстанда қазан төңкерісінің кезеңінде уақытша өкіметінің құлау себептері
Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі
КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУІ
Кенесары хан
Алғы дақылдар
Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
Қайта өрлеу кезеңінің сәулет өнері
Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы
ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz