Жеке тұлғалар және азаматтық субъектілері


Slide 1

Орындаған: Пк-32тобының студентті Тургунбаева Аружан

Жеке тұлғалар және азаматтық субъектілері

Slide 2

Жоспар

Жеке тұлғаға түсінік.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ең маңызды фактор-тәрбие.

Жеке тұлғаның дамуы.

Жеке тұлғаның азаматтық субъектісі.

Slide 3

Мақсаты: Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгертіп, оны жан-жақты үйлесімді етіп дамыту.

Міндеті: Жеке тұлғаның дамуын байланыстыратын өзара факторларларының мәнісін ашу.

Өзектілігі: Қоғамның, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына тәрбие факторын негіздеу.

Slide 4

Жеке тұлға

Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: “жеке тұлға” дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Жеке тұлғаның ең басты белгісі оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез, қабілеттілік, мақсат-мүдделер) .

“Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.

Slide 5

Жеке тұлға, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие

Slide 6

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективтік факторлары

Slide 7

Тәрбие жеке тұлғаны қалыптастырудағы ең маңызды фактор

Тәрбие - бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты

бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа

біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны

өзгертеді. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру

мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық

процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-

жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады,

өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші

шарты болып табылады.

Slide 8

Жеке тұлғаның дамуы

Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы) . Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.

Slide 9

Жеке тұлғаның азаматтық субъектісі.

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық

қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің

13- бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық

азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына

сәйкес, заң мен сот алдында жұртың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік,

лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына,

тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты

немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге

болмайды. Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды

құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және біріңғай құрылған.

Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтаржы құқық қабілеттілігі

барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен,

құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық

шеңберәіне жекеленген азматтарға берілетін міндеттілік теңдікті

корсетіле қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез

келген құқықты ала беру мумкіндігі бола бермейді.

Slide 10

Қорытынды

Жеке тұлға дегеніміз- биологиялық құрылысы бар

тіршілік иесі. Жеке тұлға-бұл интегративті жүйе,

ыдырамайтын тұтастық. Оның ең маңызды белгілері-

саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір қасиет,

даралығы. Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар,

қоршаған орта да әсер етеді, адам және қоғам өміріндегі

әлеуметтік экономикалық, тарихи қалыптасқан

жағдайлар.

“Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де,

моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау

жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті

құрайды”. К. Д. Ушинский.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер

Педагогика. С. Әбенбаев, Ж. Әбиев (Астана, 2009)

Педагогика. Бейсенбаева А. А 1. 3 (Алматы, 2003)

Педагогика. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. (Астана, 1998. )

Slide 12

Назарларыңызға Рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істерді сотта қарау
Азаматтық құқық жайлы
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Шаруашылық серіктестік
Азаматтық құқықтық қатынастар
Азаматтық құқық субьектілері
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz