Таза тақта. Қар кесегі. Бір сөйлеммен түйіндеу



Таза тақта.
Оқушылар өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазып тақтаны толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.

Қар кесегі
Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі оқушының айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Сөйтіп жалғаса береді.

Құндылықтар спектрі
Өтілген материалдар бойынша сөздер, түсініктер, суреттер және т. б. Оқушыларға беріп оны құндылығы жағынан орналастыруды сұраңыз. Оқушы түсінігін тыңдаңыз

Әңгімелесетін әріптестер (жұппен жұмыс)
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
жаңа оқылған 3 факті туралы;
оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
оларға қиын болып көрінгендер туралы
алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.

Бір сөйлеммен түйіндеу
Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.
Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т. б. сөздерден тұруы мүмкін.
Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т. б.

Тұжырымдамалық карта
Бүгінгі өтіліп жатқан тақырып бойынша тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т. б. салуға не дайын материалды жапсыруға болады. Тұжырымдамалық карта бергенде оқушыға оның қалай бағаланатыны жайлы критерийлер беріледі не айтылады. Соңында әр топтың жұмысы сол критерий бойынша бағаланады.

555
Мұнда оқушылар топ ішінде өткен тақырып бойынша түйінді идеяларды жазады. Мұндағы бірінші 5-топ саны, екіншісі 5- идеялар саны, үшіншісі 5 уақыт. Сондықтан топ санына байланысты 434 деп (т. б. ) өзгертуге болады, яғни 4 топ 4 минут ішінде 3 тақырыптың түйінін жазу керек деген сияқты.

Өкіл
Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл - шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.

Стикердегі диалог
Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық: қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды үстелдің үстіне қоюға болады. Оқушылар оларды оқып, стикерлерге өз ойларын жазып қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. Оқушылар стикерлерде өз пікірлерін /эмоцияларын білдіре алады.

Ақылдың алты қалпағы
Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т. б. ) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.

Сурет бойынша әңгіме
Топтарға тақырыпқа сай суреттер беріледі. Сол суреттерге қарап оқушылар әңгіме құрастыру керек. Онда сурет қай уақытта түсірілген, нені бейнелейді, қай жерде, осы суретке қарап сол уақыт туралы не айтуға болады? Деген сияқты сұрақтар төңірегінде әңгімелеуге болады және оны өтіп жатқан тақырыппен байланысты өрбітуге де болады.

Жұппен оқып, жұппен мазмұндау
Сынып оқушылары жұппен (А, Б оқушы) отырады. Берілетін мәтін 2-ге бөлінген. 1-ші бөлімін А, 2-ші бөлімін Б оқушы оқиды. Сосын бір-біріне оқығандарын айтады. Екеуі бірігіп мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Сынып болып сол сұрақтарға жауап береді.
Топпен де орындауға болады. Топта 4 оқушы болса, екеуден бірігіп мәтіннің 1 бөлігін оқиды. Қалған екеуі мәтіннің келесі бөлігін оқып, бір-біріне баяндайды.

Аяқталмаған сөйлем
Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты аяқталмаған сөйлем ұсынады. Оқушылар топпен не жеке (жұппен) бірлесе сөйлемді өз ойларымен аяқтайды. Мұны әр түрлі тақырыпта сергіту сәті ретінде де алуға болады.

Тізбектер
Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім не бір оқушы тақырыпқа қатысты бір сөз айтады. Келесі тұрған оқушы оны жалғастырады, яғни тақырыпқа қатысты сөз айтады. Осылайша жалғаса береді. Кезегінде айта алмаған оқушы шығып кетеді.
2 түрі: Қол ұстасып тұрған оқушының бірі тақырып бойынша бір сөз айтады(не сұрақ қояды), екінші оқушы оның мағынасын түсіндіреді (не екенін айтады), келесісі сұрақ, сосын жауап деп жалғаса береді.

Бастағы қалпақ
Оқушылар дөңгелене тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т. с. с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол сабақ туралы өз ойын ортаға салады.

1 минуттағы ой
Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады не бір сөз айтады. Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек

Жұмыс столы
Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топ өтілген тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері қойылған сұрақтардың жауабын бірлесе іздеп табады. Барлық топ қойылған сұрақтарға жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан қалып қойған маңызды жерлері болса, мұғалім өзі сұрақ дайындауына болады.

Дана үкі
Топпен отырған оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Оқушылар тапсырмаларды орындайды және ортаға шығып түсіндіреді. Әр топқа әр- түрлі тапсырма беруге болады.

Бумеранг
Әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қалған бөлімдері болса, мұғалім өзі сұрақ қоюына болады, әр топқа.

Жасырын сөз
Оқушылар тақырып бойынша сөз жасырады. Оны сипаттайды, сол сипаттама арқылы басқа оқушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда айтатын сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді ұсынуға болады. Мысалы жасырылған сөзді 3 сөз арқылы сипатта деген сияқты.

Түйінді сөздер
Мұғалім жаңа тақырыптың ішінен түйінді сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, басқа топтарға түсіндіреді.

Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі

Сканерлеп
оқыту
Мақсат пен Асылжан есік алдында тиін ойнап жур еді. Кенет алыстан біреу тиін айғайлады. Тиін. Кім екендігін тани алмады. Қуанған тиін Марат тиін жугіріп келеді.
Жасырын сөзді іздеу арқылы, мәтінді еріксіз үстірт оқып шығады.

Қарлы кесек әдісі
Оқушылар кезек кезек қардың ішіндегі сұрақтарды алып оқып, сұрақтарға жауап береді.
Жүйелі сұрақ қоюға, сұраққа толық жауап беруге үйренеді. Дауыс ырғағын қойып оқуға төселеді.

Ара әдісі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz