Техникалық қызмет көрсету құралдарының құрылысы мен оны пайдалану ережелерін оқып үйрену
Презентация қосу
«Техникалық қызмет көрсету
құралдарының құрылысы мен
оны пайдалану ережелерін оқып
үйрену»
Жұмыс мақсаты. Техникалық қызмет көрсету
агрегаттарының құрылысы мен олардың жұмыс
істеу принципін оқып үйрену. Агрегатты
пайдалануды іс жүзінде меңгеру.
Жұмыс мазмұны. АТО-4822 агрегатының
құрылысымен, яғни оның негізгі бөліктері,
аспаптары және басқару жүйесінің орналасуы,
сондай-ақ олардың атқаратын қызметімен танысу.
Агрегат ыдыстарын мұнай өнімдерімен, сумен
толтыру немесе машинаға май құю кезінде ауаның,
судың және мұнай өнімдерінің ағын жолдарын
анықтау. Солидол мен суды жылыту.
Машинаны жуу. Май тарату жұмыстарын
жүргізу. МТЗ-80 тракторына технологиялық
картада көрсетілген техникалық қызмет көрсету
және диагноз қою операцияларын орындау.
Жұмыс орнының құрал-жабдықтары. АТО-4822
агрегаты, мотордың диагностикалық аспаптар
жиынтығы, дизель форсункаларына тікелей диагноз
қоюға арналған КИ-9917 құрылғысы, жанармай
сорабының прецизион жұмыстарына диагноз қоюға
арналған КИ-4802 құрылғысы, қызмет көрсетілетін
МТЗ-80 тракторы, май құюға арналған ыдыстар.
Зертханалық жұмысты орындау барысындағы
қауіпсіздік ережелері.
Сақтандырғыш клапанда ақау болған жағдайда
АТО-4822 агрегатында жұмыс істеуге тиым
салынады; үлестіру крандары май т үтіктерінен,
ыдыстардан май ағып тұрғаны көрінсе, жұмыс
тоқтатылады; қысым немесе вакуум
жағдайларында ыдыс қақпағын ашуға үзілді-
кесілді тиым салынады, ыдыстардағы қысым
шамасын 0,3 МПа-дан арттыруға рұқсат
етілмейді;
Агрегатқа жақын аймақта шылым шегуге және от
жағуға болмайды; агрегаттың өрт сөндіру құралы
мен электр желілерінде ақау болса және электр
желісі жермен тұйықталмаса, онда агрегатты
іске қосуға болмайды; ауа алмасуы төмен
орында және тез тұтанатын материалдардан
15 м жақын жерде жылытқышты іске қосып
жұмыс істеуге болмайды; ТҚК және диагноз
қою барысында барлық бөлшектеу-жинақтау
жұмыстары дизелдің өшкен кезінде жүргізілуі
тиіс; агрегатты іске қосу және басқа да
жұмыстар оқытушының немесе оқу шеберінің
қадағалауымен жүргізілуі тиіс.
Агрегаттың құрылысы мен оның жұмыс істеу реті
АТО-4822 агрегаты тракторлар мен комбайндарға,
сондай-ақ ауылшаруашылық машиналарына дала
жағдайында 1-ТҚК және 2- ТҚК жұмыстарын
жүргізуге арналған. Бір агрегат ауылшаруашылық
машиналармен қоса 25...30 тракторга техникалық
қызмет көрсете алады. Агрегат ГАЗ-52-01
автомобилінің шассиінде орналастырылған. Ол
жоғарғы және төменгі қаңқалардан тұрады. Төменгі
қаңқаның рамасына агрегаттың барлық бөліктері мен
механизмдері орналасқан. Қаңқа шасси рамасына
резина төсем арқылы қамытпен тартып бекітілген.
Алмалы-салмалы жоғарғы қаңқа агрегаттың құрал-
жабдықтарын жауын-шашыннан, шаңнан және басқа
да зиянды 16 әсерлерден қорғауга арналған. Жоғарғы
және төменгі қаңқалар өзара болттармен бекітілген.
Агрегат бөліктеріне қол жеткізу үшін қаңқаның
бүйір немесе жоғарғы бетіндегі есікшелер
орналастырылған. Қаңқа ішінде дизелдік
жанармайына арналған 200л бак, жуу сұйығына
арналған 50 литрлік ыдыс және үстідегі алдыңғы
есікше астында сиымдылығы 20 кг солидол шанағы
орналасқан. Барлық ыдыстар жылдам ашылып-
жабылатын қақпақшалармен жабдықталған.
Ыдыстарды вакуум арқылы сұйықпен толтыру
үшін, агрегаттың алдыңғы бөлігінде, ыдыстардың
құю мойындарына тығыз бекітілген бұрыштары
бар екі шланг қарастырылған. Суға арналған
ыдыстың құю мойнына кеңірдектелген шланг
тұрақты жалғанған. Ыдыстар толық толған
кезде, ауа түтіктеріне сұйық өтіп кетпеу ұшін,
су мсн дизелдік жанармай ыдыстарының
жоғарғы бөлігінде қалтқылы құрылғы
орналастырылған. Ыдыс тола бастағанда қалтқы
сырығы шарикті көтеріп, корпустағы тесікті
жабады да ыдыстан ауа соруды тоқтатады.
Ыдыстарды сумен толтыру уақыты 10...12,
дизелдік жанар- маймен 4..5, мотор майымен
22...25 мин.Суға арналған ыдыстың төменгі
бөлігіндегі бензинмен жұмыс істейтін жылытқыш
орнатылған.
Агрегаттың сол жақ бүйірінде басқару
қалқаншасымен қатар су мотор майын және
дизелдік жанармай беру шлангілері, сондай- ақ
пневматикалық солидол айдағыш, бөлшектерді
жууға арналған ыдыс пен аспаптарға арналған
жәшік орналасқан. Агрегаттың алдыңғы бөлігіндегі
төменгі қаңқаның астында ресивер орнатылған.
Басқару қалқаншасы агрегат бөліктерінің
жұмысын басқару және бақылау қызметін
атқарады. Оның панелінде 1 (1-сурет)
ыдыстағы 2 су температурасының көрсеткіші;
ресивердегі 3 сығылған ауа қысымен көрсететін
манометр; агрегат 4 ыдыстарындағы және ауа
желісіндегі қысым немесе вакуум шамасын
көрсететін мановакуумметр; дизельдік
жанармай
ыдыстарындағы 5 деңгейлік сезгіштерді
ажыратқыш-қосқыш; сақтандырғыш түймесі 7;
ыдыстарға 13 берілетін ауа қысымын реттеу
редукторы; жұмыс
режимінің ауа краны 18 ; ауа тарату крандары
9, 14, 15; құралдар мен жарық беру шамдарын
қосу тумблері 10, 11, 12 орналасқан.
Сурет 1. АТО-4822 агрегатының басқару қалқаншасы. 1 - панель; 2 - су
температурасының көрсетікіші; 3 - манометр; 4 -мановаккуметр;
5 -жанармай ыдыстарындағы деңгейлік сезгіштерді ажыратып
қосқыш; 6 - ауа краны; 7 -сақғандырғыш түймесі;8 - жұмыс режимінің
краны; 9, 14, 15 - ауа тарату крандары; 10 - жалпылама қос қыш; 11, 12 -
жарық беру лампалары мен өлшеу құралдарын қосу тумблері; 13 - ауа
редукторы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz