Машиналарға диагностика жасау құралдарының құрылысымен танысу және оларды қолдану ережелерін меңгеру
Презентация қосу
Машиналарға диагностика
жасау құралдарының
құрылысымен танысу және
оларды қолдану ережелерін
меңгеру
Жұмыс мақсаты: Диагностика жасау құралдары
және оларды қолдану әдістемесімен танысу.
Диагностикалық аспаптар мен құрылғылар
құрылысын оқып үйрену және диагностика жасау
технологиясын меңгеру.
Жұмыс орнының құрал-жабдықтары. КИ-13905
МКА-ГОСНИТИ жылжымалы диагностикалық
қондырғысы, КИ-13901Ф-ГОСНИТИ тасымалды
диагностикалық жиынтығы, КИ-13919-ГОСНИТИ
тұрақты диагностикалық жиынтығы, слесарлық
саймандар жиынтығы.
Қауіпсіздік техникасы ережелері. Құрастыру және
бөлшектеу жұмыстары мотор жұмыс істемей тұрған
кезде жүргізілуі керек. Барлық аспаптардың берік
бекітілгендігін тексеру қажет. Беріліс қорабының
иіні бейтарап жағдайында болуға тиіс. Моторды
(дизелді) оқытушының белгісі бойынша оку ісінің
шебері оталдыруға тиіс. Жұмыс уақытында әрбір
студент өзінің жұмыс орнында, өзіне бекітіліп
берілген тапсырманы орындауы керек. Дизелді
оталдыру және тоқтату, сондай-ақ басқа да
жұмыстарды тек оқытушының басқаруымен немесе
нұсқауымен орындау қажет.
Жұмыс жөнінде жалпы мағлұматтар:
Машиналардың техникалық күйін анықтау
үшін, диагностика жасаудың аспаптық
әдістері қолданылады.
Аспаптық әдістер арнайы аспаптар мен стендтер ж әне
басқа да құралдарды қолдану арқылы диагностика
жасау әдістері, бөлшектердің тозуына байланысты
өзгеретін машиналардың техникалық күй
параметрлерінің мөлшерлік өлшемін анықтауды
қамтамасыз етеді. Диагностика жасау құралдарын
қолдану, тракторлар мен ауылшаруашылық
машиналарының техникалық күйін қада ғалау
барысындағы проблемаларды дұрыс шешуге м үмкіндік
туғызады. Ол тракторлар мен комбайндарды ң,
ауылшаруашылық машиналары мен оның құрама
бөліктерінің техникалық күйіне сапалық баға беруді
және параметрлерді өлшеуді көздейді.
Техникалық қызмет көрсету орындары мен
шаруашылықтардың орталық жөндеу
шеберханаларындағы диагностика жасау
бөлімшелері, сондай-ақ құрылғылар мен аспаптар
және диагностикалық құралдар жиынтығы
диагностика жасаудың материалдық қор негізін
құрайды.
Диагностикалық құралдар үш түрге бөлінеді:
жылжымалы, тасымалды және тұрақты.
Жылжымалы диагностикалық қондырғылар:
тексеру аралығында машиналардың әртүрлі
ақауларын анықтау, 2-ТҚК, 3- ТҚК кезінде
тракторларға диагностика жасау, сондай-ақ
техникалық байқау барысында машиналардың
күйін тексеруге және жиын-терім жұмыстарынан
соң комбайндарға диагностика жасауға арналған.
Оған УАЗ-452 автомобилі шассиіндегі КИ-13905
МКА ГОСНИТИ қондырғысы жатады.
Тасымалы диагностикалық жиынтығы:
техникалық қызмет көрсету 26 орындарында
немесе дала жағдайында астық жинайтын
комбайндар мен тракторларға 1-ТҚК, 2-ТҚК
барысында және бақылау аралық кезеңде
сұраныс бойынша диагностика жасау үшін
қолданылады.
Тұрақты диагностикалық құралдары тікелей
шаруашылықтарда немесе тракторларға
техникалық қызмет көрсету станциялары мен
диагностика жасау орындарына орналастырылады.
Диагностика жасау және техникалық байқау
барысында, сондай-ақ астық жинау комбайндарына
2-ТҚК, ал тракторларға 3-ТҚК кезінде диагностика
жасау үшін КИ-13919А-01 ГОСНИТИ
диагностикалық құралдар жиынтығы
пайдаланылады.
Жұмыстың орындау тәртібі
1. КИ-13905 МКА ГОСНИТИ жылжымалы
диагностикалык қондырғысының, КИ-13901Ф
ГОСНИТИ тасымалы диагностикалық жиынтығының,
КИ-13910А-01 ГОСНИТИ тұрақты диагностикалық
жиынтығының және басқа да аспаптар мен құрылғы,
құрал-жабдықтардың құрылысын оқып үйрену.
2. КИ-16301А құрылғысының көмегімен жанармайды
бүрке бастау кезіндегі қысым бойынша форсункаға
диагностика жасау.
3. КИ-13671 газ сарпы индикаторының көмегімен
цилиндр-поршень тобына диагностика жасау.
Дизелдің қоректендіру жүйесі элементтеріне
диагностика жасау және реттеу
Жанармайды бүрке бастау кезіндегі қысым бойынша
форсункаға диагностика жасау. Жалпы
мағлұматтар. Форсунка ақаулығы - дизель
қуатының және оның экономикалық
көрсеткіштерінің төмендеуінің бірден-бір себебі
болып табылады. Форсункада ақау болған кезде
мотор тұрақсыз шалыс және көп түтін шығарып
жұмыс істейді, от алуы қиындайды.
Форсункаға тексеру жүргізу тәртібі Тексерілетін форсунка
секциясының жоғарғы қысымды түтікшесі жанармай сорапының
штуцерінен ажыратылып құрылғыға жалғанады. Қол сорабымен
жанармайды айдай отыра, манометр шкаласы бойынша форсунканы ң
жанармайды бүрке бастау қысымының шамасы анықталады. Өлшеу
және бақылау нәтижелері сынақ хаттамасына енгізіледі. Әр түрлі
маркалы дизелдер үшін форсунканың жанармайды бүрке бастау
қысым шамасы 1-кестеде келтірілген.
Сурет 1.Форсункалар мен жанармай сорабының прецизион
жұптарын тексеруге арналған кұрылғы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz