ДИЗЕЛДІК МОТОРДЫҢ ҚУАТЫ МЕН ЖАНАРМАЙЫН АНЫҚТАУ


Slide 1

«Дизелдік мотордың қуаты мен жанармайын анықтау»

Slide 2

Жұмыс мақсаты: дизелдік мотордың пайдалану көрсеткіштерін анықтауға машықтану және оның тәсілдерін игеру; дизелді тежеу сынаулары әдістемелерін меңгеру; жанармайды ерте бүрку бұрышын қою және оны тексеруді үйрену; жанармай сарпы мен мотор қуатының жанармайды ерте бүрку бұрышына тәуелділігін зерттеу.

Slide 3

Жұмыс мазмұны 1. Дизелді моторды тежеп және тежемей сынау жабдықтарымен танысып, сынақ әдістерін үйрену. 2. Клапандарға саңылау қою мен оның тексеру әдістемесін үйрену және оған арналған құралдармен танысу. 3. Жанармайды ерте бүрку бұрышын қою мен оны тексеру әдістемесін үйрену және оған арналған кұралдарымен танысу. 4. Жанармайды ерте бүрку бұрышының әр түрлі мәндерінде дизелдің қуаттық және жанармай сарпы көрсеткіштерін анықтау. 5. Дизелдік мотордың сағаттық және үлестік жанармай сарпының жанармайды ерте бүрку бұрышына байланысты өзгеру графигін тұрғызу. 6. Дизелдік мотордың қуаттық және жанармай сарпы көрсеткіштеріне анықталған параметрлердің тигізетін әсерлерін қорытындылау.

Slide 4

Жұмыс орнының кұрал-жабдықтары:

1. СМД -14 моторы. 2. КИ-5542 ГОСНИТИ қалыптастыру-тежегіш стенді. 3. Слесарлық құрал-жабдықтар жиынтығы. 4. КИ-4941 моментоскопы. 5. КИ-4849 қалыптар (шаблон) жиынтығы. 6. АГАТ-4295 секунд өлшегіші (ГОСТ 5072-79) . 7. Сүңгі (ГОСТ 882- 753- КЛ) .

Slide 5

Қауіпсіздік техникасы ережелері

Стендті электр желісінен толық ажыратпайынша, оның электр жабдықтары мен құрама бөліктеріне техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ жөндеу, құрастыру жұмыстарын жүргізуге тыиым салынады. Оқу ісі шеберінің рұқсатынсыз стендті іске қосуға болмайды. Реостаттың және иінді біліктің қоршау қаптамалары жабылмай қалған жағдайда стендте жұмыс жасауға рұқсат етілмейді.

Slide 6

Реостат арқылы жүктелген стендті электр желісінен бірден ажыратпаған жөн. Алдымен реостат электродтарын ерітіндіден шығарып (сыналатын мотордан жүктемені алу) содан соң, электр машинасын ажырату керек. Іштен жану моторын, электротахометр бойынша стендтің айналу жиілігін 700 мин-1 асырмай қосқан (оталдыру) дұрыс.

Slide 7

Сыналып отырған мотор иінді білігінің айналу жиілігін күрт өзгертуге болмайды. Моторды тоқтатарда, иінді біліктің айналу жиілігін біртіндетіп азайту керек.

Реостаттағы ерітінді деңгейі ыдыс кернеуінен 100 мм-ден төмен түсіп 40 кетпес үшін, оқтын-оқтын су құйып тұру керек. Су құяр алдында стенд электр желісінен ажыратылуға тиіс.

Slide 8

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Қалыптастыру-тежеуіш стенді мен сыналатын моторды жұмысқа дайындау.

Ол үшін: а) күйенте шаппасы мен клапан аралығындағы саңылау тексеріледі. Егер саңылау қалыпты шамадан ауытқыған болса, оның белгіленген номинал мәндеріне реттеу қажет (салқын қалыптағы СМД-14 дизелінің енгізу клапандары үшін -0, 40мм, шығару -0, 45мм) ; ә) жанармайды ерте беру бұрышының шамасын тексеріп, оның белгіленген номинал мәні қойылады (СМД-14 моторы үшін-26 . . . 28°) .

Slide 9

2. Қалыптастыру-тежеуіш стенді мен сыналатын моторды қыздырып, оның салқындату сұйығының температурасы 353 . . . 368°К (8О . . . 95°С) дейін жеткізіледі. 3. Дизелдің номинал режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей, оны стендтің реттеуші реостаты арқылы жүктеу қажет (СМД-14 моторы үшін - 1900 мин-1) . 4. 100 г жанармай жұмсалған уақыт саналып (секунд өлшеуішімен), күш өлшеуіш механизмінің көрсеткіштерімен бірге жазылып алынады. 1-суретте күш өлшеуіш механизмінің схемасы берілген.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Жанармайды ерте беру бұрышы, град

Тиімділік қуаты,

кВт

Үлестік

жанармай

сарпы,

г/кВт сағ

Май қысымы, МПа

Таразы

механизмінің

көрсетуі, кГк

Тәжірибе өткізу

уақыты, с

Тәжірибе №

Тәжірибедегі

жанармай сарпы, г

Сағаттық

жанарма

сарпы,

кг/сағ

3. Мотордың техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жанармайды ерте беру бұрышына байланысты өзгеру графигі тұрғызылады.

4. Талдау және қорытындылау.


Ұқсас жұмыстар
Техникалық қызмет көрсету құралдарының құрылысы мен оны пайдалану ережелерін оқып үйрену
Көліктегі сутегі
Қозғалтқыштың ақаулары
Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Іштен жанатын қозғалтқыш
Автомобильді маймен және жұмыс сұйықтығымен майлауға, жууға, құюға арналған жабдықтар
Электр станцияларын жіктеу
Іштен жану қозғалтқыштарының даму этаптары
Май присадкалары
Аккумулятор батареялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz