Машиналардың сенімділік көрсеткіштері және сенімділікті қамтамасыз ету негіздері


Slide 1

Машиналар

БЕКІМДІЛІГІНІҢ

КӨРСЕТКІШТЕРІ

Қостанай Инженерлік Экономикалық Университеті

Орындаған:Жұмағазин Д. А

Slide 2

Техникалық жүйелер (машиналар) сенімділігін қамтама сыз етудің үлкен мəні бар.

Техникалық нысандардың, соның ішінде жалпы мемлекеттік мəні бар нысандардың (өнеркəсіп- тегі, энергетикадағы, құрылыстағы, байланыс жүйесіндегі жəне т. б. ) тиімділігін анықтау кезінде, сондай-ақ істен шығуы үлкен экономикалық залалға əкеліп соғуы немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін бірегей құрылымдардың қауіпсіздігіне қатысты қаралып отыр- ған машиналардың сенімділік қасиетінің маңызы өте зор.

Slide 3

Осыған байланысты, техникалық жүйелер сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, пайдаланушылық жəне экономикалық сипаттағы іс-шаралар мемлекеттік жəне халықаралық деңгейде стандартталған.

Ұлттық стандарттардың халықаралық интеграциясы мен үйлесімділігі ескеріліп, сенімділік аясындағы стандарттау кешенді сипатқа иеленіп, сабақтас салалардағы (қауіпсіздік, беріктік, техникалық диагностика, өнім сапасын статистикалық бақылау мен басқа да бақылау əдістері жəне т. б. ) стандарттаумен өзара байланысты болуы керек.

Slide 4

Техникалық жүйелер сенімділігі мəселелерінің сан-алуандығы сенімділік теориясының негіздерінен бастап, оқулықта логикалық байланыста баяндалған.

Аталған тарау сенімділіктің негізгі ұғымдарына, терминдері мен анықтамаларына арналған.

Сенімділік қасиеттері жəне олардың сипаттамасы берілген. Көліктік техниканың техникалық жағдайының өзгеру себептеріне көп көңіл бөлінген.

Сондай-ақ сенімділік саласындағы стандарттау мəселелері де қарастырылған.

Slide 5

Күрделі механикалық жүйелер түріндегі техникалық нысандардың жағдайы (бұларға көліктік техника да жатады) жəне олардың сенімділігі құрылымды элементтермен анықталады.

Сенімділікті қамтамасыз ету тұрғысынан келгенде, олардың жұмыс қабілетін анықтайтын себептерге бірінші кезекті мəн беріледі.

Оларды сараптау үшін техникалық жағдайға ықпал ететін барлық жағдайлардың пайдаланудағы машинның тетіктері мен түйіндерінің жұмыс істеу қабілетінің өзгеруіне əсерін қарастырған жөн

Slide 6

Машина құрылымына қолдану мүмкіндігін анықтайтын материалдардың негізгі сипатының қатарына деформация мен бүлінуге қарсы тұратындығы жатады. Материалдардың жұмыс істеу бағытының заңдылықтарын анықтайтын, оларды қолдануға пайдаланатын машиналардың құрылымдық элементтері мен түзілімдерінің динамикасы мен беріктігін зерттеу машина жəне жабдықтардың динамикасы мен беріктігі деп аталатын арнайы пəнде қарастырылады.

Slide 7

Машиналар тетіктерінің беріктігі, сенімділігі үшін қоршаған жəне жұмыс ортасының температурасы маңызды мəнге ие.

Бұл құрылымдық материалдардың морттық жағдайларының пайда болуы жəне температураның төмендеуіне немесе жоғарлауына сəйкес олардың беріктігінің азаюына əкеледі.

Slide 8

Техникалық тапсырманың талаптарына немесе өнiмді əзірлеу (жаңғырту) бойынша белгіленген ережелерге деген сəйкессiздiк құрылымдық ақауларға жатады.

Өнiмнің жасап шығару немесе жеткізу жөніндегі нормативтiк құжаттама талап- тарына сəйкессіздігі өндiрiстiк (технологиялық) ақауларға жатады.

Slide 9

Оларға материалдарды өңдеудің, бұйымдарды жасап шығару мен жөндеудің технологиялық үдерістері кезінде пайда болатын ақаулар (құймалар жасау, дəнекерлеу кезінде, термиялық əсер етуде болатын ақаулар) жатады.

Slide 10

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Машиналардың сенімділігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар және сенімділікті есептеу әдістері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету: өнім сапасы, көрсеткіштері және жетілдіру стратегиялары
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңның негіздері және мемлекеттік реттеу
Қазақстанда тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері
Міндеттемені орындау және оны қамтамасыз ету: құқықтық негіздері мен құралдары
Интеллектуалды ақпараттық жүйелерді құру негіздері: басқару жүйесі, деректер базасы және сенімділік
Ақпараттық жүйе: құрылымы және техникалық-бағдарламалық қамтамасыз ету
Өнім сапасы мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Аппараттық қамтамасыз ету және мобильдік құрылғылардың сипаттамалары
Қазақстандық фармацевтикалық өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz