Машиналардың сенімділігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар және сенімділікті есептеу әдістері


Slide 1

Қостанай Инженерлік Экономикалық Университеті

Орындаған:Жұмағазин Д. А

Машиналар

БЕКІМДІЛІГІН

төмендететін

ішкі және

сыртқы факторлар

Slide 2

Күрделі механикалық жүйелер түріндегі техникалық нысандардың жағдайы (бұларға көліктік техника да жатады) жəне олардың сенімділігі құрылымды элементтермен анықталады.

Сенімділікті қамтамасыз ету тұрғысынан келгенде, олардың жұмыс қабілетін анықтайтын себептерге бірінші кезекті мəн беріледі.

Оларды сараптау үшін техникалық жағдайға ықпал ететін барлық жағдайлардың пайдаланудағы машинаның тетіктері мен түйіндерінің жұмыс істеу қабілетінің өзгеруіне əсерін қарастырған жөн.

Slide 3

Машина құрылымына қолдану мүмкіндігін анықтайтын материалдардың негізгі сипатының қатарына деформация мен бүлінуге қарсы тұратындығы жатады.

Материалдардың жұмыс істеу бағытының заңдылықтарын анықтайтын, оларды қолдануға пайдаланатын машиналардың құрылымдық элементтері мен түзілімдерінің динамикасы мен беріктігін зерттеу машина жəне жабдықтардың динамикасы мен беріктігі деп аталатын арнайы пəнде қарастырылады.

Slide 4

Машиналарды пайдаланудың уақытша сипатын t деп есептеп, шартты түрде (машина құрылымының түрлеріне байланысты) төрт диапазонға бөледі:

импульсті (10-3≤ t ≤100 с) динамикалық күш түсу машиналар мен тетіктер үшін тəн;

секундты (100≤ t ≤103 с) ракеталық-ғарыштық жүйе тетіктері үшін тəн;

ұзақ (104≤ t ≤106 с) əуе жəне ракета техникасы, энергетикалық жəне химиялық зерттеушілік құрылғылар үшін тəн;

шектен тыс ұзақ (107≤ t ≤2·109 с) энергетикалық, химиялық, көліктік жəне ауыр машинажасаудың сериялық жəне бірегей ұзақ пайдаланылатын машиналарына тəн.

Slide 5

Машина тетіктерi материалдарындағы ақаулардың толық мысалдары жəне олардың сипаттамалары оқулықтың аяғында көрcетiлген əдебиеттерде берілген. Ақаулардың айқын жəне жасырын деп екі топқа бөлінуі, алдын ала ескерілген ережелер, əдiстер мен тəсілдердің көмегімен өнiмнің сапасына бақылау жасауға байланысты.

Slide 6

Математикалық үлгілерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топтағы үлгілер математикалық сенімділік теориясында қолданылады. Бұларға жүйенің жұмысқа жарамдылығын сақтау ұстанымына қарай, оның құрамына кіретін элементтердің логикалық өзара əрекеттесу сұлбасына негізделген құрылымдық үлгілер жатады. Бұл орайда, қасиеттері, тетіктердің беріктілігі, оларды құрау, сырттан түскен күш пен əсерді, жанасу элементтерінің əрекеттесу тетіктері туралы мəліметтерге назар аударылмай, тек элементтердің сенімділігі туралы статистикалық ақпарат пайдаланылады.

Slide 7

Бұл ретте, нақты пайдалану жағдайында жинақталған элементтер мен жүйелер сенімділігі туралы статистикалық ақпарат толығымен жоғарыда аталған қасиеттерді, сонымен қатар салмақ пен күш түсу əсерлерін айқын бейнелейді.

Құрылымдық модельдер блок-сұлба жəне графтар түрінде ұсынылады, ал бастапқы ақпарат элементтердің тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығының белгілі мəндері, олардың істен шығу қарқыны жəне т. б. түрінде беріледі.

Slide 8

Екінші топтағы үлгілер физикалық сенімділік теориясында қолданылады. Олар нысан мен оның компоненттерінің қасиеттерін өзгеріске əкелетін механикалық, физикалық жəне басқа да нақты үдерістерді есепке алып отырады. Бұларға, ма- шиналар мен құрылымдар есебінде қолданылатын қолданбалы механика модельдері жатқызылады.

Slide 9

Олардың элементтерінің күш жағынан жəне кинематикалық өзара іс-əрекет етуі күрделі сипатқа ие жəне нысандарды пайдалану үдерістердің сипаты мен қарқындылығына, қоршаған ортамен өзара əрекет етуіне байланысты болып келеді. Нысандардың жəне олардың элементтерінің жағдайына болжам жүргізу үшін, айнымалы күш түскен кездегі деформацияға ұшырау, желіну, зақымдану мен қирау үдерістерін қарастыру қажет. Механикалық жүйелердің сенімді- лік көрсеткіштерінің негізгі бағалау əдісі - есептік-теориялық.

Ол физикалық үлгілерге жəне материалдардың қасиеттеріне, салмақ пен күш түсу əсеріне қатысты статистикалық деректерге негізделген.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Фотосинтезге әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар
Фотосинтезге әсер ететін сыртқы, ішкі және шектеуші факторлар
Бүйрек қызметіне әсер ететін факторлар
Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы: құрамдас элементтер мен әсер етуші факторлар
Машиналардың сенімділік көрсеткіштері және сенімділікті қамтамасыз ету негіздері
Бағаны басқару: баға белгілеу әдістері, стратегиялары және әсер ететін факторлар
Баға: ұғымы, атқаратын қызметтері, әсер ететін факторлар және баға белгілеу әдістері
Химиялық және газдық коррозия: түрлері, кинетикасы, әсер ететін факторлар және қорғау әдістері
Жер телімінің нарықтық құнын бағалау әдістері және әсер ететін факторлар
Қаржылық тәуекелге әсер ететін факторлар мен олардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz