Сыртқы үйкелістің механико-физикалық табиғаты


Slide 1

Қостанай Инженерлік Экономикалық Университеті

Орындаған:Жұмағазин Д. А

Сыртқы үйкелістің

механико-физикалық

табиғаты

Slide 2

Үйкеліс - екі дененің жанасып жатқан беттерінің түйісу аймағында пайда болатын салыстырмалы жылжуға қарсыласу құбылысы.

Slide 3

Үйкелістің беткі жағы - үйкеліске қатысатын дененің беткі жағы.

Үйкеліс түрінің жіктемесіне келесі белгілер жатады:

дене қозғалысының болуы

оның сипаты,

майлау материалдарының болуы.

Slide 4

Дененің салыстырмалы қозғалысы бойынша тыныштық жағдайдағы жəне қозғалыстағы үйкеліс болып бөлінеді.

Тыныштық жағдайдағы үйкеліс - макрожылжусыз микро- жылжу кезіндегі екі дененің үйкелісі.

Қозғалыс кезіндегі үйкеліс - бір-бірімен салыстырмалы түрде қозғалыста болатын екі дененің үйкелісі.

Slide 5

Салыстырмалы қозғалыс сипаттамасы бойынша үйкеліс сырғанау үйкелісі жəне тербелу үйкелісі, сырғанап тербелу үйкелісі болып бөлінеді.

Сырғанау үйкелісі - жанасу нүктесінде мəні жəне (немесе) бағыты бойынша əртүрлі болып келетін қозғалыстың үйкелісі. Сырғанау үйкелісі сырғанаудың барлық тірегіне (сырғанаудың мойынтірегі (подшипник), төлке (втулка), ішпек (вкладыш), бағыттаушы жəне т. б), сондай-ақ, жерді əзірлеуде жер қазатын машиналардың жұмыс тетіктеріне тəн.

Тербеліс үйкелісі - жанасатын денелердің жылдамдық мəні жəне бағыты тым болмағанда байланысқа түсетін аумақтың бір нүктесінде біркелкі болып келетін қозғалыстың үйкелісі. Тербеліс үйкелісі тербеліс тірегіне (шар, ролик, ине тəрізді мойынтіректерге, көлік машиналарының дөңгелектеріне), жан- шымалы біліктерге жəне т. б. тəн.

Сырғанап тербелу үйкелісі - түйісу аймағындағы бір мезгілдегі тербелу мен сырғанау үйкелістері кезіндегі шектес екі дене қозғалысының үйкелісі. Сырғанап тербелу үйкелісі тісті жəне белдікті беріліске, еркін жүрісті муфтаға тəн.

Slide 6

Түйіскен екі дененің өзара ауысуына қарсыласуды Fүйк үйкеліс күші сипаттайды.

Үйкеліс күші - бір дененің үстіңгі қабатына сыртқы күштің ықпалымен, осы денелердің арасындағы ортақ шекараға тангенциалді бағытталған салыстырмалы орын ауыстыруы кезіндегі қарсылық күші.

Slide 7

Үйкеліс күші өзінің бағыты бойынша бір денені екінші денеге қатысты ығыстыруға ұмтылатын сыртқы күштің тангенциал құрамдас бөлігіне қарама-қарсы болады. Бұл жағдайда ол сыртқы күштің қалыпты құрастырушы модулі бойынша тепе- тең жəне осы денелер арасындағы ортақ шекараға перпендикулярлі бағытталған. Тепе-тең коэффициентті үйкеліс коэффициенті kүйк деп атайды.

Slide 8

Үйкеліс коэффициенті - үйкеліс күшінің осы денелерді бір- біріне жабыстыратын қалыпты күшіне қатынасы

мұндағы N - денелерді бір-біріне жабыстыратын қалыпты күш, Н.

Slide 9

Үйкеліс коэффициенті көптеген жағдайларға, соның ішінде, қос үйкеліс денелері материалының түрінен, олардың үстіңгі қабаттарының өңдеу сапасына т. б. тəуелді.

Үйкеліс коэффициенті мəнін анықтаудың əртүрлі əдістері бар.

Slide 10

Үйкеліс денелерінің үстіңгі қабаты материалдарын зерттеудің он əдісі белгілі.

растрлік

жарық түсірілген электронды микроскопия,

оптикалық

акустикалық микроскопия

рентген кескін

рентгендік флюоресценция

рентгендік құрылымдық талдау,

микро қаттылықты өлшеу,

эллипсометрия

потенциалдардың түйіспелік айырымы жатады.

Slide 11

Үйкеліс жұмысы - уақыт пен кеңістікте жүйе өлшемдерінің өзгеруі кезінде термодинамикалық жүйемен фрикциондық жұп түрінде қоршаған ортаға жəне фрикциондық жұп элементте- рінің материалына берілетін энергия:

мұндағы v(t) - t уақыт функциясында денелердің салыстырмалы ауысу жылдамдығы.

Slide 12 Slide 13

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Үйкеліс күшінің формуласы
Сырғанау үйкеліс күшімен тербеліс үйкеліс күшін салыстыру
Домалау үйкелісі
Тербеліс түрлері
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
ТОЛҚЫН ТЕҢДЕУІ
Каучук түрлері
Беттік құбылыстың термодинамикасы
Үйкелетін денелер Үйкеліс коэффициенті
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКЗОГЕНДІК ПРОЦЕСТЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz