Машина бөлшектерінің тозу заңдылықтары, түрлері және конструкциялық талаптары


Slide 1

Қостанай Инженерлік Экономикалық Университеті

Орындаған:Жұмағазин Д. А

Машина

детальдарының

тозу

заңдылықтары

мен түрлері

Slide 2

Машина детальдары, яғни тетіктері деп біртұтас жасалған, бұзбайынша ажыратуға келмейтін машина бөлшектерін айтамыз. Қандай машинаны алсақ та, олар әр түрлі детальдардан құралады, ал детальдардың саны машинаның күрделілігіне байланысты. Ал енді әр түрлі машиналарда қолданылатын детальдарды бір-бірімен салыстырсақ, олардың ұқсастығы байқалады. Машиналарда кездесетін сан алуан детальдарды екі түрге жіктеуге болады: Машина бөлшектері Негізгі жағдайлар

Slide 3

Бөлшектер: бір типтес детальдар Яғни барлық машиналарға тән жалпы детальдар.

Бір типтес детальдарды әр түрлі машиналардың құрамынан кездестіруге болады, арнаулы детальдар тек қана белгілі бір машиналардан кездестіреміз.

Slide 4

Сонымен, машина детальдары курсы барлық машиналарға тән бір типтес жалпы детальдардың конструкциясын, жобалау жолдарын, қандай материалдан жасауға болатынын және оларды беріктікке, төзімділікке есептеу жолдарын үйрететін ғылым.

Slide 5

Бұйымның техникалық құжатында көрсетілген параметрлеріне сәйкес өзіне тән функцияларды орындауын жұмыс істеу қабілеттілігі деп атайды. Машина бөлшектерінде жұмыс істеу қабілеттілігінің сапалық көрсеткіштері ретінде беріктік, қатаңдық, орнықтылық, сонымен қатар тозуға, дірілге және ыстыққа төзімділігі қарастырылады.

Беріктік деп күш түскенде бөлшектердің сынуға немесе пластикалық деформацияға төзімділігін айтады.

Slide 6

Қатаңдық - деп күш түскенде бөлшектің өзінің пішіні мен өлшемін өзгертпей сақтап қалу қасиетін айтады.

Мысалы, тісті дөңгелектер орналасқан біліктерге күш түскенде, біліктің шамадан артық иілуінен (жылжуы) тістердің ілінісуі бұзылады және подшипниктер түпкілікті істен шығуы мүмкін.

Бөлшектердің қатаңдығы оларды жасағанда қолданылатын материалдардың серпімділік модуліне байланысты анықталады.

Slide 7

Жылуға төзімділік - деп бөлшектердің белгіленген уақыт аралығында, белгілі бір төменгі және жоғарғы температура бойынша жұмыс атқару қабілеттілігін айтады.

Бөлшектің шамадан тыс жылу бөлуі: Бөлшектердің беріктігінің кемуі

Май қабаттарының қорғалуының төмендеуі Қозғалмалы қосылыстарда саңылаудың үлкеюі Үйкеліс коэффициентінің төмендеуі

Аталған теріс құбылыстарды болдырмас үшін машина бөлшектерін қызуға есептейді.

Қосымша жасанды суыту жұмысын енгізеді.

Slide 8

Дірілге төзімділік - деп бөлшектің немесе жүйенің зиянды тербеліссіз қажетті айналым жиілігінде жұмыс атқару қабілеттілігін айтады.

Тозу - деп бөлшек беттерінің тегіс болмағанынан немесе жұмыс атқару барысында пайда болатын шаң-тозаңның себебінен туындайтын үйкелістің әсерінен машина бөлшектері пішіндерінің кішірею мен өзгеруге қарсыласу қабілеттілігін айтады.

Slide 9

Тозудың келесідей түрлері қарастырылған:

А) Механикалық тозу (беттердің кедір-бұдырлығынан немесе қатты бөгде бөлшектердің сызып кетуінен пайда болады) ;

Ә) Молекуляр-механикалық тозу - бөлшектердің бір-бірімен қабысып немесе ұстасып қалуы;

Б) Коррозия -механикалық тозу бөлшектердің механикалық тот басуы. Бөлшектердің тозуға төзімділігін арттыру үшін олардың беттерін химия-термиялық өңдеуден өткізеді және үйкелісетін беттерді майлайды, үйкеліске қарсы материалдар қолданылады.

Slide 10

Машина детальдарының конструкциясына қойылатын талаптар:

Машина детальдарының конструкциясын ойластырғанда, оларға қойылатын мынадай талаптар ескерілуі қажет:

1. Машина детальдары белгілі бір мөлшерде, қондыру орнына сәйкес етіп жасалынуы қажет және сол машинаның жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуі керек.

2. Машина детальдары берік, қатаң, тозуға шыдамды, ыстық пен дірілге төзімді болуы және ұзақ уақыт сынбастан сенімді қызмет атқаруы қажет.

3. Машина детальдарын дайындау технологиясы оңай және арзан болуы керек.

4. Машина детальдарының салмағы жеңіл болуы қажет.

5. Машина детальдары күтуге, майлауға және ауыстыруға икемді болуы шарт.

6. Машина детальдарының конструкциясы мен өлшемдері мемлекеттік немесе бүкіл әлемдік стандартқа сәйкес жасалуы қажет.

7. Машина детальдары қауіпсіз жұмыс істеуі қажет.

Slide 11

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Машина бөлшектерінің тозуға, жылуға және дірілге төзімділігі: критерийлер мен қорғау әдістері
Бетондау кезіндегі қалыптардың түрлері, конструкциялық талаптары және қолдану технологиясы
Машина өнімділігі: негізгі теориялық ұғымдар мен түрлері
Машина жасау технологиялары: даму ережелері, өндіріс түрлері және негізгі ұғымдар
Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің құрылымы және бөлшектерінің конструкциясын жобалау
PGA (Pin Grid Array) типті корпус: анықтамасы, түрлері және конструкциялық ерекшеліктері
Қабылдаудың психологиялық заңдылықтары мен түрлері
Машина бөлшектері мен тораптарын жобалау: талаптар мен беріктік есептеу әдістері
Негізгі құралдардың амортизациясы: түсінігі, тозу себептері және есептеу әдістері
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары: құрылымы, бағалануы және тозу мен амортизациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz