Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар



Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар

Автоматтық манипулятор - қозғалу функцияларының
орындалуын оператордың қатысуынсыз қамтамасыз ететін құрылғы.
Агрегат - машинаның белгілі бір функцияларды
орындайтын және оның бөлшектерін, топтамаларын, буындарын аяқталған конструктивті-жинау элементіне біріктіретін бөлігі.
Ағымды өндіріс - бұйымды белгілі бір интервалмен шығару
және технологиялық жабдықтарды технологиялық үдерістер операцияларының орындалу кезегімен орналастыру арқылы
сипатталатын өндіріс.


Басқару жүйесі - оқытуды (бағдарламалауды), бағдарламаны сақтау және оны қайта жаңартуды (ақпаратты санау
және басқару белгілерін өнеркәсіптік роботтың орындау органына
беру) қамтамасыз ететін өзара байланысқан және өзара әсер ететін
басқару құралдарының функционалды жиынтығы.
Бекітпе - өңделетін дайындаманың немесе жинақ бірлігінің
мықтап бекітілген кезінде орындалатын технологиялық
операцияның бір бөлігі.
Беру - дайындаманың немесе кесу жиегінің қарастырып
отырған нүктесінің беру қозғалысы бойынша осы нүктенің
траекториясы бойымен жүріп өткен қашықтығының қозғалыс
циклдарының сәйкес санына қатынасы.


Бұйым жасаудың еңбексыйымдылығы - жұмыс уақыты
бірлігінде анықталатын бұйымды шығаруға жұмсалған еңбек шамасы.
Бұйым конструкциясының технологиялылығы -бұйымды шығару, жөндеу және техникалық күтуді шығарылуы,
пайдаланылуы және сапа көрсеткіштері бірдей жағдайдағы
конструкциялармен салыстырғандағы ең тиімді технология
бойынша қамтамасыз ететін конструкция қасиеттерінің
жиынтығы.

Бұйым конструкциясы технологиялылығының деңгейі
(Кд) - технологиялылықтың қол жеткізген көрсеткішінің
техникалық тапсырмада берілген базалық көрсеткіштің мәніне қатынасы.
Бұйымның материалсыйымдылығы - масса бірлігімен
анықталатын бұйымды өндіру мен оны пайдалануға жұмсалатын материалдар көлемі.
Бірліктік өндіріс - ереже бойынша қайта өндіру
қарастырылмаған және бірдей өнімдерді кіші көлемде шығарумен сипатталатын өндіріс.

Дайындау-аяқтау уақыты - орындаушының
технологиялық операцияларды орындауға, дайындауға және технологиялық жабдықтарды ауысым соңында ретке келтіруге жұмсалатын уақыт аралығы.
Даналық уақыт - технологиялық операция циклінің бір
мезгілде дайындалатын немесе жөнделетін бұйымдар санына 7 қатынасына немесе жинау операциясының күнтізбелік уақытына тең уақыт аралығы.
Деталь (бөлшек) - әртүрлі бірлесулердің жоқ болуымен
сипатталатын машинаның элементар бөлігі.
Детальдардың (буындардың) өзара ауыстырымдылығы
- детальдың (буынның) кез келген машинаға ауыстырып-салуға болатын өндіру кезінде қарастырылып қойылған қасиеті.

Жону - айналмалы басты кесу қозғалысындағы және оның
траекториясының радиусының өзгеру мүмкіндігіндегі жұқалап өңдеу.
Жұмыс жобасы (жұмыстық сызбалар) - ғимараттар мен
құрылымдарды салу, жабдықтарды орналастыру және
кәсіпорынды пайдалану бойынша барлық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін және бекітілген техникалық жоба негізінде дайындалатын құжаттар жиынтығы.
Жұмыс нормасы - сәйкес біліктілікті бір немесе бірнеше
орындаушының белгілі бір ұйымдастыру-техникалық
жағдайлардағы уақыт бірлігінде орындалуға тиіс шектелген
жұмыс көлемі.


Кесу режимдері - кесу жылдамдығы мен берудің немесе
беру қозғалысы жылдамдығы мен кесу тереңдігі мәндерінің
жиынтығы.
Көліктік өнеркәсіптік робот - қосымша өту немесе
жылжыту операцияларын орындауға арналған робот; тасымалдау
операцияларында негізгі технологиялық жабдықтарды күту,
дайындамаларды бекіту және детальдарды, аспаптар мен
жабдықтарды босатып алу, детальдар базаларын тазалау және де
тасымалдау-қойма операцияларын орындау кезінде, «ал-қой»
түріндегі іс-әрекеттерді орындайды.
Қозғалыс циклі - кесу аспабының немесе дайындаманың
толық айналымы, жүрісі немесе екі мәрте жүрісі.
Қосымша уақыт - еңбек құралын өзгертуді және оның одан
соңғы жағдайын анықтауды қамтамасыз етуді қажет ететін
жұмыстарға жұмсалатын уақыт.

Манипулятор - кеңістікте нысанның жылжуы кезінде адам
қолының функциясына сәйкес қозғалыс функцияларына арналған
жұмыс органымен жабдықталған машина немесе басқару
құрылғысы.
Массалы өндіріс - көптеген жұмыс орындарында бір ғана
жұмыс операциясы орындалатын, ұзақ уақыт үздіксіз жасалатын немесе жөнделетін үлкен көлемде бұйым шығарумен
сипатталатын өндіріс.
Машина жасау өндірісі - машина жасау технологиясы
басымдықпен қолданылатын өндіріс.
Машина металқұрылымы - машинаның басқа бөліктері
мен табанына қабылдап алған жүктемені беретін машинаның
есептік құрылымы.

Негізгі уақыт - еңбек құралын өзгертуге және оның одан
кейінгі жағдайын анықтауға жұмсалатын даналық уақыттың бір бөлігі.
Номинал қалыңдық - шақтама ескерілмеген жағдайда
сызбада көрсетілген қалыңдық.
Нормативтік құжат - өндірістік қауіпсіздік талаптарын
қарастыратын құжат (стандарт, ереже, техникалық шарттар,
әдістемелік нұсқаулар және т. б) .
Операцияны бекіту коэффициенті (Ко. б. ) - ұзақтығы бір ай
болатын жоспарлы период кезінде орындалған және орындалатын барлық әртүрлі технологиялық операциялар санының жұмыс орындары санына қатынасы.

Осьтік өңдеу (бұрғылау, үңгілеу, тесу) - тек басты кесу
қозғалысы осінің бойымен ғана беру қозғалысы мен
траекториясының радиусы тұрақты болған жағдайдағы
айналмалы басты кесу қозғалысы арқылы жұқалап өңдеу
операциясы.
Өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі (ӨТДАЖ) - «Адам-машина» жүйесіндегі инженерлік жұмыстың барлық көлемінің едәуір бөлігі ЭЕМ-да (электрондық-есептегіш машиналар) орындалатын және ӨТЖБЖ (өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі) стандартына негізделген жүйе.

Өнім сапасы - арналуына сәйкес белгілі бір талаптарды
қанағаттандыруға қабілеттілікті тудыратын өнім қасиеттерінің жиынтығы.
Өңдеу циклы - технологиялық немесе өндірісітік үдерістің
қандай-да бір периодты қайталанатын операциясының басынан бастап аяғына дейінгі өлшенетін уақыт аралығы. 10
Өтпе - дайындаманы өңдеу кезінде материалдың бір бөлігін
бір рет кесіп өту.
Припуск (әдіп) - өңделіп жатқан беттің қажетті қасиеттеріне
қол жеткізу мақсатында дайындама бетінен алып тасталатын материал қабаты.
Припуск шақтамасы - припуск өлшемдерінің ең жоғарғы
және ең төменгі мәндерінің айырмасы.

Сапа деңгейі - берілген бұйым сапасының көрсеткіштерін
сәйкес көрсеткіштердің базалық мәндерімен салыстыруға
негізделген өнім сапасының қатысты сипаттамасы.
Сәйкестік сертификаттау - машинаның немесе өндірістің
сертификаттау органдары жүргізген отандық немесе шетелдік нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін бекіту.
Сериялы өндіріс - бұйымдарды шығару немесе жөндеуді
периодты қайталанатын партия бойынша қамтамасыз ететін
өндіріс.
Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ТҚБЖ)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz