Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар


Slide 1

Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар

Slide 2

Ағымдағы жөндеу жұмыстары - көлік техникасының жұмысқа жарамдылығы немесе қамтамасыз етілуі және басқа бөлшектерін қалпына келтіру үшін орын ауыстыру барысында орындалатын жөндеу жұмыстары.

Ақау - нормативті құжаттамалар бекіткен талаптардан рұқсат етілмеген ауытқу.

Аралық жөндеу кезеңі - көлік техникасының жөндеу жұмыстары немесе техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы түрлерінің аралығындағы істелген жұмыстар.

Slide 3

Дайындық коэффициенті - бақылаудағы нысандардың жұмыс істеу жағдайының қорытынды уақытының осы нысандар саны мен пайдалану ұзақтығының (жоспарлы жөндеу мен техникалық күтуді жүргізерде кеткен тұрып қалуды есептемегенде) көбейтіндісіне қатынасы.

Детальдарды дефектациялау - детальдардың әрі қарай пайдалануға жарайтын-жарамайтынын анықтауға арналған олардың техникалық жағдайына түгел бақылау жасау.

Slide 4

Диагностика - нысанның техникалық жағдайын анықтауға арналған теорияны, әдістерді және құралдарды қамтитын сала.

Дұрыс жағдай - көлік техникасының нормативті-техникалық және конструкторлық (жобалық) құжаттамалардың барлық талаптарына сай келетін жағдайы.

Жоспарлы жөндеу жұмыстары - нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарымен жоспарлы түрде қарастырылған жөндеу.

Slide 5

Жөнделетін нысан - тоқтап қалған немесе ақаулардың жөндеуге келетін жағдайлардағы жөнделуі мен жұмысқа жарамдылығы.

Жөнделмейтін нысан - тоқтап қалу немесе ақаулардың пайда болған жағдайда жөнделуімен жұмысқа жарамдылығының қайта қалпына келмейтіндігі.

Slide 6

Жөндеу жұмыстары - машинаның жұмысқа жарамдылығы немесе дұрыстығын қалпына келтіру және оның ресурстарын немесе құрамды бөліктерін орнына келтірудегі операциялар кешені. Операциялардың бұл кешеніне: бөлшектеу, тазалау, жағдайды бақылау, бөлшектерді қалпына келтіру, жинау, реттеу, монтаждау кіреді.

Жөндеу жұмысының көлемі (атқарылатын міндетті жұмыстардың көлемі) - қалпына келтіру, тексеру немесе құрастырмалы бірліктер мен бөлшектерін ауыстырудағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің әрбір түрі бойынша орындалатын операциялар тізімі.

Slide 7

Жөндеу жұмыстарының өндірістік үдерісі - ең соңында техниканың түзелмейтін немесе жұмысқа жарамсыздығын нормативті-техникалық құжаттарда қарастырылған бойынша түзелетін немесе жұмысқа жарамды етіп шығаратын өндіріс қаражаты мен адамдардың іс әрекеттерінің жиынтығы.

Жөндеу жұмыстарының технологиялық үдерісі - ең соңында нормативті-техникалық құжаттардың талаптарымен сәйкес келетін техниканың құрамды бөлшектерінің жүйелі бірігуі (ажырауы) немесе оның жөндеу жұмыстарының жағдайы, мөлшері, түрлерінің өзгеруіне дейін жетіп орындалатын өндірістік үдерістің қорытынды бөлігі.

Slide 8

Жөндеу-механикалық шеберханалары - көлік техникасын ағымды жөндеуден өткізуге арналған және оларды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жөндеу-механикалық заводтардан келетін агрегаттарды пайдаланатын кәсіпорындар.

Жөндеу өндірісінің мамандандыруы - машиналар немесе жинақ бірліктері, сонымен бірге детальдарды қалпына келтіру бойынша белігілі бір аяқталған технологиялық процестерді орындауды арнайы кәсіпорындарда, цехтарда немесе участоктарда ұйымдастыру формасы.

Slide 9

Жөндеу өндірісін технологиялық дайындау (ЖӨТД) - белгіленген мерзім, көлем, сапа және шығындар кезінде жөндеу кәсіпорнының машина жөндеуге технологиялық дайындығын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процестер жиынтығы.

Жөндеу өндірісінің шоғырлануы - жөндеу үдерісінің ірі жөндеу кәсіпорындарында немесе ірі жөндеу цехтарында жинақталуы.

Жөндеу-техникалық заводтары - көлік техникасын және де осы техниканың агрегаттары мен тораптарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған кәсіпорындар.

Slide 10

Күрделі жөндеу жұмыстары - көлік техникасының толықтай және дұрыстығын қалпына келтіру немесе ресурстарын толықтай қалпына келтіруге жақын немесе оның құрастырмалы бірліктерін ауыстыру мен кез келген бөлшектерін, оның ішінде базалық бөлшектерді қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу жұмыстары.

Күрделі-қайта қалпына келтіру жөндеуі - жұмыс істеу мерзімі өтіп кеткен машиналарға арналған жөндеу. Бұл процесс ақауларды машинаны бөлшектеп шашып болған соң анықтаудан, 14 оларды жөндеп және машина ресурсын келесі қараудан өткенше қайта қапына келтіруден тұрады.

Slide 11

Пайдалану - бұйымның сапасы жүзеге асатын, қолдау табатын және қалпына келтірілетін өмірлік циклінің бір сатысы. Жалпы алғанда пайдалануға оны арналуы бойынша қолдану, тасымалдау, сақтау және техникалық күту мен жөндеу кіреді.

Ресурс - машинаны пайдаланудан бастап немесе жөндеуден соң қалпына келтіріп, шектік жағдайға дейінг

Техникалық жағдай - нысанның техникалық құжаттамалары бекіткен белігі бір уақыт мезетінде жағдай параметрлері және белігілерімен сипатталатын өндіріс немесе пайдалану қасиеттерінің өзгеру жиынтығы.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
МЕСТ стандарт бойынша сүтке қойылатын талаптар
Ауыл шаруашылығында қолданылатын трактордың қосалқы бөлшектері
Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
Өлшем тізбегін есептеу практикасы теориясының негізгі қалпы
Техникалық диагностика құрылымы
Дәрілік өнімнің сапасын басқару, терминдер мен - Дәрілік түрлер технологиясының міндеттері
ГОСТ және ОСТ, cу, ауа, топырақ, мал өнімдерінің микробиологиялық және бактериологиялық қажеттілігі. Дезинфекцияның тиімділігі
Ынтымақтастық туралы келісім негізі және тәртібі
Өртті сөндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz