МАШИНА ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Slide 1

МАШИНА ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Slide 2

Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер

Бұйым және оның бөліктері. Бұйым дегеніміз -кәсіпорында дайындалатын өндіріс өнімі. Берілген өндірістің соңғы сатысына байланысты бұйымға дайындалған (жөнделген) машиналар ғана емес, сонымен бірге жиналған машинаның жеке бөлшектері де жатады. Мысалы, экскаватор зауыты үшін бұйым

ретінде экскаватор, мотор жасау зауыты үшін - қозғалтқыш, поршень зауыты үшін - поршень болып табылады. Бұйымдардың мынадай түрлері болады: детальдар, жинақ бірліктері, кешендер, жиынтықтар.

Slide 3

Деталь - жинақтау операциясын қолданбастан біртекті материалдан дайындалған бұйым.

Жинақ бірліктері - құрамдас бөліктері дайындаушы-кәсіпорында бір-бірімен өзара жинақтау операцияларымен (пісіру, бұрау және т. б. ) біріктірілген бұйым. Техникалық әдебиетте

«жинақ бірліктері» мағынасын білдіретін «торап» термині қолданылады. Техникалық тұрғыдан алғанда торап - басқа жинақтау бірліктерінен немесе бұйымнан бөлек жинауға болатын және бұйымда құрамдас бөліктерімен бірігіп қана жеке функцияны атқаратын жинақтау бірлігі, мысалы, тістідөңгелектерімен бірігіп жиналған білік.

Slide 4

Кешен - дайындаушы-кәсіпорында жинау операцияларымен біріктірілмеген, бірақ өзара байланысқан пайдалану функцияларын орындауға арналған екі және одан да көп бұйым, мысалы, цех-автомат, бұрғылау қондырғысы және т. б.

Жиынтық - жалпы пайдалануға арналған көмекші

сипаттағы бұйымдар топтамасы.

Бұйымды функционалды белгісі бойынша құрамдас бөлікке жіктеудің басқа да түрі бар. Мысалы, оған қозғалтқыштың газ тарату механизмін, майлау немесе салқындату жүйесін және т. б. жатқызуға болады. Технологиялық тұрғыдан қарағанда бұйымның бұл құрамдас бөліктері жинақтаушы болып табылмайды, себебі оларды көбінесе бұйымның басқа бөліктерімен бөлек толығымен жинауға болмайды.

Slide 5

Өндірістік және технологиялық үдерістер. Машина жасау (машина жөндеу) кәсіпорындарында бұйымды шығаруға

(жөндеуге) байланысты әртүрлі үдерістер орындалады.

Slide 6

Машина жасау технологиясында зерттеу және жасау нысандарына төмендегілер жатады:

- өңдеу түрлері, дайындамалар таңдау, өңделетін бет сапасы, өңдеу дәлдігі мен олардың припускілері, дайындамаларды базалау;

- беттерді (жазық, цилиндрлік, күрделі профильді және т. б. ) механикалық өңдеу тәсілдері;

- типтік детальдарды (тұрқылар, біліктер, тісті дөңгелектер және т. б. ) дайындау әдістері;

- жинау үдерістері (детальдар мен тораптарды біріктіру сипаты, жинау жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру) жабдықтарды құрылымдау.

Slide 7

Берілген кәсіпорында бұйымды дайындау (жөндеу) үшін қажетті адамдар іс-әрекеті мен өндіріс құралдарының өзара байланыстағы жиынтығын өндірістік үдеріс деп атайды.

Өндіріс құралын өзгертіп және оның одан кейінгі жағдайын анықтау бойынша іс-әрекеттен тұратын өндірістік үдерістің бір бөлігін технологиялық үдеріс деп атайды.

Slide 8

Қоюшы кәсіпорындағы қосымша өңдеуді немесе жинауды қажет ететін бұйым шикізат деп аталады. Технологиялық үдерістердің түрлері: механикалық, термиялық өңдеудің, жинаудың технологиялық үдерістері және т. б.

Бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық үдерістің аяқталған бөлігі технологиялық операция деп аталады.

Slide 9

Технологиялық өтпе - тұрақты технологиялық режимдер мен қондыру кезінде технологиялық жабдықтаудың бірдей құралдармен орындалатын технологиялық операциясының

аяқталған бөлігі.

Slide 10

Мысалы, алдымен біліктің бір сатысын, сонан соң екіншісін кескішпен тізбектеп кесу екі технологиялық өтпеден тұрады; егер бұл сатыларды бірмезгілде екі кескішпен кесуді орындайтын болсақ (1. 1-сурет), онда бұл бір өтпемен кесу болып табылады. Дайындаманың бір бетін алдымен қараттым, сонан соң таза режимде өңдеу екі технологиялық өтпеден тұрады, себебі бұл жағдайда кесу режимі өзгереді.

Slide 11

Мысалы, алдымен біліктің бір сатысын, сонан соң екіншісін кескішпен тізбектеп кесу екі технологиялық өтпеден тұрады; егер бұл сатыларды бірмезгілде екі кескішпен кесуді орындайтын болсақ (1. 1-сурет), онда бұл бір өтпемен кесу болып табылады.

Дайындаманың бір бетін алдымен қаралтым, сонан соң таза режимде өңдеу екі технологиялық өтпеден тұрады, себебі бұл жағдайда кесу режимі өзгереді.

Slide 12

1. 1-сурет. Екі кескішпен білік сатыларын өңдеу сұлбасы:

d1, d2 - білік сатыларының диаметрлері; l1 - бірінші кескіштің жұмыстық жүрісі, l2 - екінші кескіштің жұмыстық жүрісі Технологиялық өтпені орындау кезіндегі жұмысшының барлық іс-әрекетіжеке-жеке тәсілдерге бөлінеді. Өтпе кезінде орындалатын және бір мақсатқа біріктірілген адамның іс-қимылының аяқталған жиынтығы тәсіл деп аталады.

Slide 13

Бекітпе - өңделетін дайындаманың немесе жинақ бірлігінің мықтап бекітілген кезінде орындалатын технологиялық операцияның бір бөлігі.

Дайындама - материалдың формасын, өлшемдерін, бет

сапасы мен қасиеттерін өзгерте отырып, деталь немесе

ажырамайтын жинақ бірлігін дайындайтын өндіріс заты.

Беттердің формасы, өлшемдері және кедір-бұдырлығы

өзгермейтін, бірақ технологиялық өтпені орындауға қажетті жұмысшы іс-қимылынан тұратын технологиялық операцияның аяқталған бөлігі қосымша өтпе деп аталады. Қосымша өтпенің мысалы ретінде өңдеу алдында дайындаманы бекітуді, кескіш бастиегін бұруды және т. с. с. айтуға болады. Өтпе жұмыстық және қосымша жүрістерден тұрады.

Slide 14

Жұмыстық жүріс - нәтижесінде дайындаманың формасы, өлшемдері, беттік кедір-бұдырлығы немесе қасиеттер өзгеріске


Ұқсас жұмыстар
Машина жасау технологияларын дамыту туралы жалпы ережелер мен қысқаша ақпарат
Дәрілер технологиясы ғылым ретінде
Дәрілік өнімнің сапасын басқару, терминдер мен - Дәрілік түрлер технологиясының міндеттері
Мағлұматтар ақпаратты өңдеу ақпаратты өңдеу базасы
Ойын технологиясын ұйымдастыру
Жобалап оқыту технологиясының шығу тарихы
Дәрілер технологиясының міндеттері
ОҚЫТУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Оқытудың белсенді әдістерінің түрлері
Дамыта оқыту технологиясының принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz