Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі


Slide 1

Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі

Slide 2

Конструкция технологиялылығы. Конструкцияның технологиялылығын қамтамасыз етуге бұйымдарды шығару мен пайдалану кезінде жұмысты орындау жағдайларын жетілдіру және қабылданған шешімдегі технологиялық құжаттамаларды белгілеу кіреді.

Өндірісте машиналар конструкциясының технологиялылығы немесе машиналардың өндірістік технологиялылығы дегеніміз - уақыт, еңбек және құралдардың шығындары ең аз болған кездегі өндіріс үдерісінде орындалатын жұмыстарға машиналар конструкциясының бейімделу дәрежесі.

Машина конструкциясының сабақтастығы машина және оның бөлшектерінің унификациясы және конструкцияның жинақылығы және т. б. көрсеткіштерімен сипатталады.

Slide 3

Детальдар технологиялылығы - технологиялық жарамсыздықтың ықтималдылығы ең аз болған кездегі детальдардың конструкциялық формаларының оларды дайындаудың технологиялық үдерістеріне сәйкестік дәрежесі. Детальдар технологиялық және технологиялық емес болуы мүмкін.

Slide 4

Көрсеткіштері жақсартылған жаңа машинаның конструкциясын жасау кезінде бұдан бұрын шығарылған типтес машинаның конструкциясы мен жасау тәжірибесі ескеріледі.

Сондықтан жаңа машинаның конструкциясында (сапа көрсеткіштерін төмендетпестен) базалық машинаның детальдары, жинақ бірліктері және кешендері неғұрлым көп қолданылған болса, соғұрлым оның жобалауы мен өндірісі оңайға түседі, себебі бұл кезде жұмыстағы сызбалардың, технологиялық карталардың, технологиялық құрал-саймандардың бір бөлігін қолдану мүмкіндігі туындайды.

Slide 5

Машиналар конструкциясы сабақтастығын жоғарылатудың басты жолдарына бұйымдар және оның бөлшектері, бір типтегі машиналар конструкциясында унификацияланған детальдар мен тораптарды қолдану аясын кеңейту және т. б. жатады.

Унификацияланған деп әртүрлі машина механизмдерінде немесе әртүрлі машиналар конструкциясында қолдануға мүмкін болатын детальдар мен тораптарды айтамыз. Көлік техникасының унификацияланған тораптарына олардың тежегіштері, редукторлары, шығырдың жүріс теңгергіштері және т. б. жатады.

Машина конструкцияларының сабақтастығы төмендегі коэффициенттермен сипатталады: бұйым унификациясы, элементтер унификациясы, сабақтастық және қайталану коэффициенттері.

Slide 6

Конструкцияның рационалдылығы және қарапайымдылығы.

Машиналардың бірлік қуатын өсіру, автоматика және телемеханика жүйелерін енгізу, әдетте, машина конструкциясын күрделендіреді, бұл өз кезегінде машинаны өндіру және пайдалану саласында қосымша шығындарды талап етеді.

Машинаның сенімділігін сақтай отырып, өндіріске кететін шығындарды қысқартудың негізгі жолы - берілген сапа көрсеткіштерін есепке ала отырып, машина конструкциясын мүмкіндігінше қарапайым ету, яғни машина конструкциясы барынша қарапайым болуымен қатар, онда барлығы рационалдыорналасуы қажет. Бұл талап детальдарға да қатысты болуы тиіс.

Slide 7

Машинаны өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу кезінде жүзеге асырылатын конструкция рациональділігінің ең маңызды көрсеткіші болып оның біріккендігі саналады. Біріктірілген конструкцияларды жинау, құрастыру, қайта

құрастыру және жөндеу едәуір жеңіл болады, сонымен қатар, шашу-құрастыру жұмыстарының көлемі азаяды, жөндеудің заманауи агрегаттық әдісін қолдануға мүмкіндіктер туады.

Бұйымдар сапасы және оның көрсеткіштері. Машина жасау және машина жөндеу өндірісінің қазіргі кезеңінде көлік техникасын шығару мен жөндеу сапасын одан сайын көтере түсудің маңызы өте зор. Бұған көлік техникасын пайдаланудың экономикалық тиімділігі едәуір дәрежеде байланысты болады.

Slide 8

Өнім сапасы - арналуына сәйкес белгілі бір талаптарды қанағаттандыруға қабілеттілікті тудыратын өнім қасиеттерінің жиынтығы. Өнім сапасы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады, оларды төмендегідей үш топқа бөлуге болады:

- техникалық (қуат, ПӘК, өнімділік, үнемділік және т. б. ), бұл

көрсеткіш машинаның жетілдірілу дәрежесін анықтайды;

- өндірістік-технологиялық (немесе конструкцияның

технологиялық көрсеткіші), бұл көрсеткіш бұйымды жасауға, оны

техникалық күту мен жөндеуге жұмсалатын еңбек пен құралдар

шығындарын үйлесімді қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда

қабылданған конструктивті шешімдердің тиімділігін сипаттайды;

- пайдалану көрсеткіштері, мұнда бұйымның сенімділік

көрсеткіштері, эргономикалық сипаттамалары, яғни «адам-машина-орта» жүйесіндегі адамның гигиеналық, физиологиялық

және басқа да қажеттіліктері жиынтығын ескеру дәрежесі,

эстетикалық сипаттамалары, бұйымның сыртпішінін әсемдеу,

көркемдік композицияны жетілдіру және т. б. кіреді.

Slide 9

Машина сапасының басты сипаттамаларының бірі -сенімділік - машинаның берілген жұмыс істеу мерзімінде өзінің пайдалану көрсеткіштерін сақтай отырып, өзіне тиісті функцияларды орындап шығу қасиеті. Сенімділік - тоқтаусыз жұмыс істеумен, ұзақмерзімділікпен, жөндеуге жарамдылықпен және сақталуымен сипатталатын машина қасиеттерінің, яғни сақтау және тасымалдау мерзімінде өзінің пайдалану көрсеткіштерін сақтап қалу мүмкіндіктерінің жиынтығы. Сенімділік бұйым конструкциясын жетілдіруге ғана емес, оны дайындау технологиясына да байланысты болады.

Slide 10

Механикалық өңдеу дәлдігі және оны қамтамасыз ету әдістері.

Детальді дайындап-шығару барысында абсолютті нақты номиналды өлшемдерді алу мүмкін болмайды.

Деталь дәлдігі төмендегілермен сипатталады:

- оның нақты өлшемдерінің номиналды өлшемдерден шекті

ауытқуы;

- детальдің немесе оның кейбір элементтерінің геометриялық

формасымен шекті ауытқуы (дөңестігі, дөңгелек еместігі,

цилиндр еместігі, иілгіштігі, конус тәріздігі, жазық еместігі,

түзу еместігі және т. б. ) ;

- өзара орналасуы немесе базаға қатысты орналасуынан

деталь осьтері мен беттерінің шекті ауытқуы (мысалы, екі

тесіктің центраралық қашықтықтарының ауытқуы,

жазықтықтардың, осьтердің параллель еместігі, осьтердің

сәйкессіздігі, тесік осіне қатысты базалық беттің ауытқуы

және т. б. ) .

Slide 11

Технологиялық ҥдерістер дәлдігін есептеу әдістері.

Технологиялық үдерістерге қойылатын негізгі талаптардың бірі - детальді дайындаудың берілген дәлдігін қамтамасыз ету. Дәлдікті есептеудің екі әдісі бар. Аналитикалық әдіс өңдеудің алғашқы қателіктерінің барлығын күрделі түрде зерттеуді талап етеді, бұл әдісті кейбір жеке жағдайларда қолданады. Статистикалық әдіс қателіктер заңдылығын бекітуге мүмкіндік беретін математикалық статистика мен ықтималдылық теориясына негізделген.

Механикалық өңдеу кезінде пайда болатын барлық қателіктер

екі топқа бөлінеді:

- жүйелі, белгілі бір факторлардың әсерінен пайда болатын және

заңдылық сипаттағы қателіктер (бұранда адымының қателігі,

дұрыс қондырмау және т. б. ) ;

- кездейсоқ, әртүрлі себептерден пайда болатын, алайда белгілі

бір заңдылыққа бағынбаған қателіктер (дайындамалардың әртүрлі

қаттылықтары, припуск тербелісі, дайындаманы бекітудегі

қателіктер және т. б. ) .

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
МАШИНА ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
Есептеуіш машина тарихы
Қайта балқыту үшін болатын құруда тазалау
Цилиндрлік тісті доңғалақ жасау
СЫНАУДЫ АНЫҚ ТАУ, СЫНАУ ОБЪЕКТІСІ, СЫНАУ ДЕҢГЕЙІ, СЫНАУ ҚҰРАЛДАРЫ, СЫНАУДЫШЫ ОРЫНДАУШЫЛАР, СЫНАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК­ НОРМАТИВТІК НЕГІЗІ
Домалау мойынтіректерінің шақтамалары мен қондырулар жүйесі
Жиһаз маталарының сапасы мен түрлерін талдау және зерттеу
Машина жасау технологияларын дамыту туралы жалпы ережелер мен қысқаша ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz