Пациентке бағдарланған кеңес берудің негізгі дағдылары


Slide 1

Тақырыбы: Пациентке бағдарланған кеңес берудің негізгі дағдылары

.

Презентация

«Пациентке бағдарлап оқыту»

кафедрасы

Slide 2

Әңгімелесу

Дәрігердің пациентке кеңес беруге қатысуы сөзсіз дәрі қабылдаудың дұрыстығына оң әсер етеді. Бұл үшін ауру мен Дәрігер арасында игі қатынас орнауы қажет, яғни Дәрігер әңгімелесудің жақсы дағдыларын игеруі қажет.

Slide 3

Әңгімелесу

Дәрігер пациенттің емдеуге байланысты сұрақтарына жауап берген кезде максимальді тиімді нәтижеге жетуге өзара сенуді және тырысуды сипаттайтын, серіктестік өзара қатынас пайда болады. Ондай қатынастың орнауы динамикалық прцесс болып табылады.

Алғашқы күні әңгімелесудің оң әсері провизорға қатысы жоқ себепке байланысты бірнеше күннен кейін теріс әсерге ауысуы мүмкін.

Дәрігер пациенттің дауысы, бет жүзі бойынша жағдайының белгілерін анықтай алуы қажет.

Slide 4

Әңгімелесудің негізгі принциптері

Пациент - Дәрігердің қарым-қатынасының тиімлілігі - егер соңғысы түсінікті ақпарат көзі бола алатын болса, әлеуметтік-экономикалық және мәдени деңгейіне, әдеттері мен қызығушылықтарына байланысты кедергіні жою қажет. Бұдан басқа пациент Дәрігерпен талқылыған ақпараттың құпия болып қалуына сенімді болуы керек.

Дәрігерке бірінші кезекте пациенттің хабардарлық деңгейін анықтауына тура келеді. Әңгімелесу барысында түсінуге оңай сөздерді пайдалану және күрделі медициналық терминдерді айтпауға тырысуы қажет.

Тиімді әңгімелесу ақпарат алушы оған хабарлап тұрған нәрсені естіп түсінген кезде өтеді. Бұған, пациент ақпаратты қайталаған кезде «белсенді тыңдау» әдісімен қол жеткізуге болады.

Slide 5

Тиімді сауал

Пациент Дәрігердің сұрағы көмек көрсетуге шынайы тілейтінін сезінуі қажет. Бірлесіп жұмыс істеуге қол жеткізу үшін Дәрігер тек сұрақтар қою себебін түсіндіруі қажет.

Slide 6

Тиімді сауал

Әдетте сұрақтың екі түрі пайдаланылады.

Маған ауру белгілері жайлы көбірек айта аласыз ба? Түріндегі ашық сұрақтардан, «иә» немесе «жоқ» жауаптары алынатын сұрақтар қоюмен салыстырғанда, ақпарат көбірек алынды. Пациенттің препаратты қолдану бойынша нұсқауды меңгергеніне көз жеткізу үшін Дәрігер «Бұл дәріні қалай қолданылатындығын айтып беріңізші, деп сұрауы мүмкін». Алынған мәліметтерді қорытындылау үшін нақты жауап күтілетін сұрақтарды пайдаланады, мысалы, ерекше ақпаратты жинауға немесе ашық сұраққа бұрын алынған жауапты нақтылауға мүмкіндік беретін «Бұл ауру сізгде қашаннан бері? Сұрағын пайдаланады». Бір ретте тек бір ғана сұрақ қою маңызды; екі немесе үш сұрақты бір мезгілде қою әңгімелесуді бұзады.

Slide 7

Тиімді тыңдау

Тыңдай білу әңгімелесудің маңызды компоненті болып табылады. Бұл пациенттің мәселені еркін баяндап беруін және Дәрігердің жеке өзіне көңіл қоюына сенімді болуын білдіреді. Соңғысы пациентке көңіл қойып, әңгімелесуді бөгетін сәттерді болдырмауы қажет.

Slide 8

Тиімді тыңдау

Дәрігер пациеттің сұрақтарға берген жауабына көңіл қойып, жеке детальдарды нақтылауы қажет. Әңгімелесу тілектестік жағдайында болуы керек, пациент сөзін қайталап айтуға, айтылғанды ауруға түсінікті болу үшін қайталауға тура келеді. Әңгімелесуді үзу немесе қызығушылығы жоқ екенін көрсету пациенттің сенімін азайтады және мәселені талқылауға дайындығын, соның салдарынан препаратты сатып алуын төмендетеді. Керісінше, пациентті қолдау түсіністік байқату әңгімелесуді жеңілдетеді. Дәрігер пациенттің пікіріне қызығушылық білдіріп және жылы шырай көрсетіп, пациенттің дұрыс шешімін қолдауы қажет.

Slide 9

Әңгімелесудің арнайы техникасы

Аурудың кейбір топтарымен әңгімелесу үшін арнайы әдістеме болуы қажет. Саңырау немесе нашар еститін пациенттерге ақпаратты жазбаша түрде беру қажет. Егер есту қабілеті бұзылған пациент ерін қимылы бойынша оқитын болса, Дәрігер пациенттің қарсы алдына жақын тұруы және әңгімелесу процесінде көз байланысын ұстануы қажет. Бұдан басқа, баяу, бөліп-бөліп, мүмкіндігінше қатты дауыстап сөйлеуге тура келеді.

Тыныштық пен жақсы жарықтың да маңызы зор, өйткені шуда және қараңғыда есту қабілеті бұзылған адамдармен әңгімелесу мүмкіндігін едәуір төмендетеді. Дәрігер сондай-ақ мысалы, дененің зиян шеккен бөлігіне немесе қораптағы нұсқауға ыммен көрсетуді пайдалана алады. Көзі нашар көретін пациентке кеңес бере отырып, Дәрігер бірінші кезекте өзін таныстыруы керек. Өйткені соқыр пациент вербальді емес әңгімелесе алмайды, провизор дауыстық жоғарылығымен және сөзбен пациенттің мәселесіне қызығушылығы мен көңілін бейнелейді.

Slide 10

Пациентке сауал қою

Пациентке кеңес беру - жоғары кәсіби жауапкершілікті талап ететін, қызмет көрсетудің негізгі бөлігі. Пациент сұрақ түрінде сіз не ұсынасыз? - сұрағы түрінде шағым айтуы мүмкін немесе пациент нақты сұрақ қоюы мүмкін: екі препараттың қайсысын қолдануға кеңес бересіз? Егер пациент өзіне қарсы көрсетілімі бар және асқынуға алып келетін дәріні таңдаса, Дәрігер белсенді түрде араласуы қажет.

Slide 11

Ақпарат жинау процесі.

Емдеу жоспарын құру немесе пациентті дәрігерге жіберуге дейін, Дәрігер нақты жағдайды анықтау және бағалау үшін жеткілікті ақпарат алады. Бұл ақпараттың ең маңызды бөлігі пациент қолданатын барлық препараттардың дәл тізімі болып табылады. Бұл ақпарат пациентті әдеттегі сұрау арқылы 3-5 мин ішінде алынады. Сұрау процесі «Біз таңдаған дәрі ағымдағы емдеуге сәйкес келуі үшін, қазіргі уақытта қандай препараттарды қабылдайсыз?»- сөзімен басталуы мүмкін. Пациент қабылдаған дәрілердің дәл тізімін ала отырып, провизор пациентте дәріге аллергияның бар екенін анықтауы қажет. Қажетті ақпаратты тиімді және жылдам алу үшін Дәрігер қатаң тәртіпте сұрақты тікелей қоя білуі керек. Тәжірибелі Дәрігер жағдайды бағалау үшін қажетті ақпаратты бірнеше минутта жинай алады.

Slide 12

Әңгімелесу кезіндегі физикалық кедергілер


Ұқсас жұмыстар
Психологиялық кеңес - қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі
Қарым - қатынас дағдыларының маңыздылығы
Фармацевтикалық кеңес беру
Мектептегі білім сапасын арттыру
Психолог кеңес берудегі бихевиоральді бағыт
Медициналық сұхбат үлгілері
Құзыреттілік - әр баланың өзіндік ерекшеліктеріне қарай жеке тұлғаға бағытталған оқыту арқылы оқушының білімді жан-жақты меңгеруінен көрінетін білім нәтижес
Ақпараттандыру дағдысы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім
Мектептерді басқарудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz