Бастауыш мектепте дүниетану танымжорықтарын ұйымдастыру




М А З М Ұ Н Ы
1. Алғы сөз.
2. Дүниетану танымжорықтарын ұйымдастыру.
3. Бастауыш сынып оқушыларымен танымжорықтар ұйымдастыру
әдістемесі.
4. Табиғатқа жасалатын кейбір танымжорықтардың нұсқауы
5. Табиғатқа жасалатын кейбір экологиялық танымжорықтар үлгісі
6. Қоғам блогы бойынша танымжорықтарды ұйымдастыру үлгісі.
7. Гербарий дайындау әдісі
8. Әдебиеттер

Танымжорықтардың маңызы. Танымжорықтардың педагогикалық маңызы зор. Ең алдымен оның орасан біліміділік маңызын атап өткен дұрыс. Танымжорық бағдарлама материалын нақтылап, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдетеді.
Дүниетану - мұғалімінің жұмыс жоспарында табиғатқа жасалатын танымжорықтардың алатын орны маңызды, онда оқушылар табиғи денелердің қарым-қатынастарын, тіршілік ортасымен байланысын көреді.
Табиғат ортасына келген оқушы ондағы денелердің және құбылыстардың көптүрлілігін сезінеді, осы көптүрлілікті тани бастайды, ағзалардың арасындағы, табиғат құбылыстарымен, өлі табиғатпен байланысты анықтайды. Табиғатқа танымжорық әңгіме немесе кітаптардан емес табиғатты нақты зерттеуді қажет етеді. Осы жерде оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырудың кең мүмкіндігі бақылағыштығы, жұмысқа құлышыныстары ашылады. Танымжорықтарда, сарамандық жұмыстардағыдай оқушыларды өз бетімен жұмыс істей алу іскерлігі қалыптасады. Олар материалдарды жинау және сақтаумен танысады, танымжорық кезінде жиналған материалды саралауға үйренеді (сабақта, танымжорықтан кейін) . Жоспарлы, жүйелі өткізілген танымжорықтар оқушыларға өз өлкесін зерттеу іскерлілігін қалыптастырады.

Танымжорықтың тақырыбы дүниетанудың бағдарламасы бойынша анықталады.
Танымжорықтардың тақырыптарын келесі топтарға бөлуге болады:
органикалық дүниенің көптүрлігімен таныстыру, әртүрлі жыл мезгілдерінде табиғат құбылыстарын бақылау.
жергілікті жерді бағдарлау, жер бетінің формасымен танысу, өз жеріндегі пайдалы қазбалармен таныстыру
тіршілік ортасына ағзалардың бейімделуін анықтайтын экологиялық танымжорықтар, табиғи бірлестіктердің әр түрлерімен, өз жерінің табиғи байлықтарымен және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен таныстыру.
өлкетану мұражайына, көрмелерге, өндіріске танымжорықтар.
Оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне байланысты бағдарламада әр сынып үшін танымжорықтардың тақырыптары анықталған. Пәнді алғаш оқи бастағанда табиғат құбылыстарын бақылауға баулу, табиғатта өзін ұстай алу ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Білім қорының өсуіне, кеңеюіне байланысты тақырып та күрделенеді, соңында экологиялық танымжорықтар өткізіліп, ағзалардың бірлестіктегі өзара қарым-қатынасын, байланысын зерттеу жүргізіліп, тірі және өлі табиғаттың өзара байланысы, адамның табиғат байлығын пайдалануы және табиғатқа әсері қарастырылады. Танымжорықтардың бөлінбес бір бөлігі болып табиғатты қорғау бағыты саналады.

Танымжорыққа дайындық.
Танымжорықтардың әр тобы өзіндік ерекшеліктері болғандықтан, оны ұйымдастырушы және оқушылардан арнайы әзірлікті талап етеді.
Дайындық тақырыптық және жылдық жоспар құраудан басталады, оның тақырыбы, уақыты белгіленеді. Танымжорық өткізер алдында мұғалім арнайы әдебиеттерден оны өткізу жөнінде және қажетті қосымша материалдармен танысып, жоспарын белгілейді. Бұдан кейін мұғалім танымжорық жасалатын жермен танысады. Жүретін жолды, тоқтайтын орынды анықтайды, алдын-ала жасаған жоспарды танымжорық жасалатын жердегі ерекшелітерге сүйене отырып түзетеді. Танымжорық кезінде зерттелетін объектіні анықтайды, олардың сипаттамасы құралады.

Танымжорықтарды өткізу әдістемесі.
Танымжорық өтер алдында мұғалім оқушыларды танымжорықтардың мазмұны, мақсаты, жоспары, өз бетімен жасалатын жұмыстардың тапсырмаларымен таныстырып, оларды үлестіреді. Сол сияқты табиғатта өзін ұстау ережесі, бағыт пен қозғалыс кезінде белгілі тәртіпті сақтауды үйретіп, таныстырады.
Осы кезде оқушыларды топтарға бөліп, танымжорықтарға қажетті құралдарды атаған дұрыс. Жалпы тапсырмаларды бүкіл сынып оқушыларына, жекелеме тапсырмаларды жеке оқушыларға хабарлау қажет. Танымжорықшыға нені, қалай дайындау керектігін, бақылау нәтижесін қалай қорытындылап жазу жөнінде түсіндіру керек.
Алғаш танымжорық өткізуші жас мұғалімге кейбір қателіктерді жібермеу және болдырмау жөнінде кейбір ұсыныстар .
Негізгі талап - танымжорықшылардың белсенді жұмысын ұйымдастыра білу, оларды тыңдаушы және көрермен етіп қалдырмау керек. Осы мақсатта оларға жеке өз бетімен жасайтын тапсырмалар беріледі. Олар: іздеу, жинау, тарату (материалды), табиғат құбылысын бақылау, нақты өлшемдер жасау т. б.
Ары қарай жиналған материалды қарау, бақылаған табиғат құбылысын түсіндіретін әңгіме ұйымдасыру. Жұмысты, қорытындыны мектепте жасайды. Кейде соңғы қорытындыны танымжорықтың соңында жүргізіп, нәтижесін жұмысты жазған соң қорытындылайды.

Оқушылардың (активтілігі) белсенділігі зерттік жұмыстар жүргізілсе жоғары болады. Жұмысты орындау нысандар мен құбылыстарды бақылау өз бетімен танымжорықтағы көрген және білгені жөнінде қорытынды жасау танымжорықшылардан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Танымжорықтағы қысқа уақытта үлкен материалды қабылдатуда иллюстрациялық әдіс үстемділік жасайды. Бірақ керек жерінде зерттік жұмыстарды енгізген дұрыс. Екінші ереже, бірінші ереженің зерттелетін материалдың нақтылық салдарынан туындайды. . Ұзақ сөздік түсіндіруден және негізгі тақырыптан ауытқудан аулақ болу керек. Егер ұзақ сөздік түсіндіру қажет болса, оны танымжорық жасар алдында, немесе танымжорықтан кейін жинап алынған материалды сараптағанда өткізуге болады. Танымжорықшыларды әртүрлі терминдер және атаулармен көп, шамадан тыс таныстырудың қажеті жоқ. Нақты объектіні білу үшін оқушы осы жөнінде білгісі келіп сұраса, ол балаға тән білуге ұмтылғандық. Төменгі сыныптағы оқушыларға 8-10 нысанды ғана қарастыру жеткілікті. Танымжорықтың мақсаты - табиғаттағы қарым-қатынастар мен байланыстарды анықтау, ашу. Атауларды шағындап, оқушы ойын «былғап», оларды шаршатпайтындай етіп берген дұрыс. Қажет болса, әдебиетті нұсқау арқылы ол терминдерді үйретуге болады.

Танымжорықтық материалды өңдеу.
Танымжорық оқушылар бақылауларының қорытындысын жасап, керекті жинаған нысанды өңдеп, танымжорықтың қорытындысын шығарылғанда аяқталған болып саналады.
Күнделіктеріне танымжорық сабағын қорытынды немесе қысқаша хабарлама түріне жазады. Оқушылар өздерінің жазғандарын жүйелеп, суреттерін реттеп, материалдарын өңдейді. Жұмыстары гербарийлер, жинақтамалар (бунақденелілерден, тау жыныстарынан т. б. ), суреттерімен толықтырылады.
Жұмыртқа → жұлдызқұрт → қуыршақ → көбелек

Өсімдіктер гербарийі
Танымжорықты жабдықтау. Оқушылардың әрқайсысында болуға тиісті заттар:
1. Танымжорық кезінде бақылағандарын жазу үшін қатты мұқабалы дәптер немесе блокнот.
2. Жіпке байланған қара қарындаш.
3. Қағаз этикеткалар немесе жыртып алынатын парақтары бар
кішкене блокнот.
4. Қарындашпен бірге жіпке байланған қалта лупасы (үлкейткіш) .
5. Ботаникада пайдаланылатын темір қазғыш немесе жалпақ пышақ.
6. Танымжорықтық (картон) папка немесе тоқыма бауымен иыққа салып жүретін гербарий қағазы бар гербарий торы.

Өсімдіктерді жинау. Гербарий жасау үшін өсімдіктерді ауа райы қолайлы, күн ашық кезде жинайды: жауынды немесе шықта қалған өсімдіктер гербарий жасаған кезде тез қарайып кетеді. үнемі гербарий жасау үшін бүтін, зақымданбаған өсімдіктерді бүкіл вегетативтік органдарымен (тамыр, сабақ, жапырақ) бірге, сондай-ақ гүлдерімен мүмкіндігінше жемістерімен бірге таңдап алады, өйткені кейбір тұқымдастарды айқындауда жемістің айырықша диагноздық мәні бар (мысалы, шаршыгүлділер, шатырлылар, күрделігүлділер) . Жапырақтар пайда болғанға дейін гүлдейтін өсімдіктерді екі дүркін - жапырақтарымен және гүлдерімен бірге жинайды. Екі үйлі өсімдіктердің аталықтары мен аналықтары болуға тиіс. Гербарий жасау үшін ағаштар мен бұталықтардың гүлдерімен және жапырақтармен бірге аздап қабықтарын да кесіп алады.
Шөптектес өсімдіктерді барлық жер бетіндегі және жер астындағы мүшелерін сипаттауға болатындай етіп, тамыр жүйесінің топырағын жайлап қағып тастайды. Топырақ кесектерін тамырларымен бірге жұлып алуға болмайды, жеке жағдайларда оларды жинайтын жерде жуып алуға болады.
Өсімдікте жуан көгентамырлар немесе баданалар болса, оларды кесіп, тек жұқа ұзына бойғы пластинканы қалдырады.
Қазып алынған және даярланған өсімдіктерді тап сол жерде гербарий папкасына салады. Гербарий қазығының бір парағына өсімдіктің бір түрін ғана орналастырады, ал оның көлемі шағын болса, онда осы түрдің 2-3 өсімдігін жинастырады.

III. ТАБИҒАТТАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАНЫМЖОРЫҚТАР
Дүниетану жаратылыстану ғылымдарының бір саласы, сондықтан табиғатты ғылыми негізде оқыту әдісінің орны ерекше. Объектілер мен құбылыстарды бақылау, эксперимент, табиғи объектілерді суреттеу, сарамандық жұмыс- оқытудың тиімді әдістері.
Табиғат заңдарын түсінуге қажетті біліммен қаруландыруда, айналадағы дүниені тануда логикалық ойлау әдісін қалыптастыру жаратылыстануды оқытудың негізгі міндеттері. Ол сыртқы ортадан түскен хабарларды талдап және байланыстыруға, табиғат құбылыстарын дұрыс бағалауға баулиды.
Дүниетану пәндері баланың ойлау қабілеттерін дамыту бағытында үлкен міндеттерді шешеді. Нақты объектілер мен құбылыстарды оқып үйренгенде бақылау жүргізе алу іскерлігі қалыптасып, ол оның негізін және өзара байланысын түсінуге мүмкіндік береді. Бақылағыштық - денелер мен құбылыстарды саналы қабылдау әдісі, ондағы жеке және жалпы белгілерді табау белгілі заңдылықтарды ашады, оларды талдап, қорытындылайды. Бақылағыштық баланың біртіндеп бағытты әрекеті нәтижесінде, тұрақты және жүйелі жаттығулар арқылы қалыптасады. Осының барлығының баланың ойлау қабілетін дамытуда елеулі маңызы бар, оларда логикалық ойлау қабілеті қалыптасып, қоршаған дүниені тануға құштарлық оянады. Дүниетану ғылымдары индуктивті және дедуктивті логикалық ойлау әдісіне үйретеді, бақылау кезінде көзге көрінбеген жасырын құбылыстарды терең бойлап, ой қорытындысын шығару дағдысын қалыптастырады.

Қала немесе ауыл қарлығашын бақылауға арналған нұсқау.
Абайла! Құсты үркітіп алмау үшін ұядан едәуір алыста тұр, ұяға баруға болмайды. Бақылау жүргізгенде шулауға тиым салынады. Дүрбі (бинокль) қолданылады. Бақылаулар өте сақтықпен жүргізіледі.
1. Ұя салып жатқан жұптарды бақылаңдар. Қарлығаштар ұяны қалай салатындығын бақыла. Ұясын неден жасайтындығын белгіле. Қарлығаштар оған қандай жиілікпен ұшып келеді? Ұяны салу мезгілін белгіле.
2. Қарлығаштардың жұмыртқа басуға отырған күнін жаз. Жұмыртқаны жұптар қалай басады?
3. Балапандардың шыққан күнін белгіле. Олардың шыққанын қандай белгілерге қарап анықтауға болады?
4. Балапандарына 1 сағатта неше рет қорек әкелетінін бақылаңдар. Келу санын есепте.
5. Ұядан балапандардың ұшқанын бақылаңдар. Ұшқан күнін белгіле. Ұядан ұшырғаннан кейін ата-аналары балапандарын қалай қамқорлыққа алады? Қамқорлықты неден көруге болады?
6. Қарлығаштар қашан жылы жаққа ұшып кетті, оны қалай бақыладың?

Бақылау ұзақ мерзімді, сондықтан жүргізген бақылаудағы анықталған жағдайларды жазып отырған дұрыс. Бақылау жасауға танымжорық сабағында баулу, зерттеу жұмысы ары қарай оқушылардың өзбетімен жүргізетін бақылаулары арқылы жалғастырылып, қорытындысын мұғалімнің басшылығымен сыныпта шығарады. Осы бақылаулардың көмегімен «жыл құстары» туралы ұғым қалыптасады.

Бақылауларыңды келесі кестеге жаз.
Бақылау нысаны №1 кесте
Күні
Бақыланған құбылыс
10 мамыр, 2007 ж
Мал қорасының ішіндегі төбе жапқан бөренеге жұп қарлығаштар ұя сала бастады. Ұя салуға бір тамшы балшыққа бір талшық шөп қосып әкелуде.
16 мамыр, 2007 ж
Қарлығаштар ұя салып болды . . .

І кезең, 2006 жыл
Қыркүйек- желтоқсан
ІІ кезең, 2007 жыл
Қаңтар- желтоқсан
ІІІ кезең, 2008 жыл
Қаңтар- желтоқсан
ІV кезең, 2009 жыл
Қаңтар- желтоқсан
1. Тақырып таңдау.
2. Жұмыс жоспарын құру, бекіту .
3. Әдебиеттер іздестіру, іріктеу.
4. Әдебиеттерден керектісін таңдап алу.
5. «Құс асханасына» өсімдіктер тұқымын кептіріп дайындау.
6. Жемтақта дайындау, ілу, құстарға жем шашу, оларды бақылау
7. І кезең жұмыстары бойынша есеп беруге дайындалу.
1. І кезең жұмыстары бойынша есеп беру.
2. Құстарға жем шашуды жалғастыру, бақылау жүргізу, ерте көктемде келетін құстарды бақылау.
3. Бақылау жүргізуге өз достарымды тарту.
4. Ауладағы ағашқа құс ұясын ілу, бақылау жүргізу, бақылағанды жазып отыру.
5. Сыныптас достарыммен бірге мектеп ауласына, үй маңына ағаш, гүл отырғызу, оны күту, бақылау жүргізу.
6. Құстарға арнап өсімдік тұқымдарын кептіріп, жинау. .
7. Қыс, күз, жаз, көктем мезгілдерінде орталық аралдағы биологиялық орталыққа барып, жазғы демалыста Алматы қаласындағы хайуанаттар паркіне барып жануарларды бақылау, суретке түсіру.
8. Табиғат қорғау жөнінде халық дәстүрлерімен танысуды жалғастыра беру, материал жинақтау.
9. Тәрбие сағатында сыныптастарыма табиғат қорғау жөнінде халық дәстүрлерін әңгімелеу, таныстыру.
1. Бір жыл бойы жүргізген жұмыстарды жинақтап есеп беру.
2. Сыныптастарым табиғат қорғау дәстүрлерін қалай білетіндіктері және оны қалай орындайтындықтары жөнінде сауалнама жүргізіп, қорытындысын тәрбие сағатында талдау.
3. Табиғат жайлы (өсімдіктер мен жануарлар әлемі жөнінде) қызықты материалдарды жинақтау.
4. Мектеп маңын көгалдандыру және тазалау жұмыстарына қатысу, оған достарымды тарту.
5. Құстарды күтуге, тамақтандыруға байланысты жұмыстарды жалғастыру, олар жайлы мәліметтер жинақтау.
6. Табиғатта кездескен қызықты көріністерді суретке түсіру.
7. Табиғат әдемілігін суретке салу.
1. Жыл бойы жүргізген жұмыстардың қорытындысы бойынша есеп беру.
2. Табиғат туралы халық туындыларын зерттеу жұмыстарын жалғастыру
3. Жанымдағы оқушылардың табиғат қорғауға байланысты жүргізген жұмыстарымен танысу үшін дөңгелек стөл басындағы сұбхат өткізу. .
4. Интернеттен өз зерттеу жұмысым жайлы материалдар қарастыру.
5. Қала тазалығын анықтап, ластаушы көздерді жоюбағытында жұмыс жүргізу. Бейне фильмге түсіру, теледидардан көрсету, қала тұрғындарымен жұмыс жүргізу.
6. Жүргізген жұмыстар бойынша жергілікті газетке мақала беру,
№ 37 мектеп- гимназиясының оқушысы Түменбаев Әділдің ғылыми жұмыс кестесі

1. Тақырып таңдау.
2. Жұмыс жоспарын құру, бекіту .
3. Әдебиеттер іздестіру, іріктеу.
4. Әдебиеттерден керектісін таңдап алу.
5. «Құс асханасына» өсімдіктер тұқымын кептіріп дайындау.
6. Жемтақта дайындау, ілу, құстарға жем шашу, оларды бақылау
7. І кезең жұмыстары бойынша есеп беруге дайындалу.
1. І кезең жұмыстары бойынша есеп беру.
2. Құстарға жем шашуды жалғастыру, бақылау жүргізу, ерте көктемде келетін құстарды бақылау.
3. Бақылау жүргізуге өз достарымды тарту.
4. Ауладағы ағашқа құс ұясын ілу, бақылау жүргізу, бақылағанды жазып отыру.
5. Сыныптас достарыммен бірге мектеп ауласына, үй маңына ағаш, гүл отырғызу, оны күту, бақылау жүргізу.
6. Құстарға арнап өсімдік тұқымдарын кептіріп, жинау. .
7. Қыс, күз, жаз, көктем мезгілдерінде орталық аралдағы биологиялық орталыққа барып, жазғы демалыста Алматы қаласындағы хайуанаттар паркіне барып жануарларды бақылау, суретке түсіру.
8. Табиғат қорғау жөнінде халық дәстүрлерімен танысуды жалғастыра беру, материал жинақтау.
9. Тәрбие сағатында сыныптастарыма табиғат қорғау жөнінде халық дәстүрлерін әңгімелеу, таныстыру.
1. Бір жыл бойы жүргізген жұмыстарды жинақтап есеп беру.
2. Сыныптастарым табиғат қорғау дәстүрлерін қалай білетіндіктері және оны қалай орындайтындықтары жөнінде сауалнама жүргізіп, қорытындысын тәрбие сағатында талдау.
3. Табиғат жайлы (өсімдіктер мен жануарлар әлемі жөнінде) қызықты материалдарды жинақтау.
4. Мектеп маңын көгалдандыру және тазалау жұмыстарына қатысу, оған достарымды тарту.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz