Жаңа экономикалық саясат және 1920-1930 жж. Семей өңірінің қоғамдық-саяси өмірі


Slide 1

Жаңа экономикалық саясат және Семей өңірінің қоғамдық-саяси өмірі

Slide 2

Тақырыптың өзектілігі

Еліміздің тәуелсіздік алып, мемлекетіміздің іргесі нығая бастаған осы шақ халқымыздың ұлттық құндылықтарын шынайы танып, зерттеуіне қуатты серпіліс әкелді. Осы тұрғыда Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты еңбегінде атап көрсеткендей: "Әміршіл-әкімшіл жүйе ұлттық тарихтың қалың-қалың қабаттарын кереметтей бір зұлымдық әдісті қарсы қойды-ұлттың өткен тарихының біртұтас жанды тасқыны тап күресі деген мұқыл ұғыммен мылжалап тастады"- деген ойы сол кеңестік жүйедегі тарих ғылымына қатысты айтылған, берілген баға болатын.

Slide 3

Сондықтан да біз қарастырып отырған диплом жұмысымыздың өзектілігі оның кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайында зерттеушілер үшін еліміз егемендік алғанға дейін жабық мәселеге айналып келуінде еді. Еліміз азаттық алғаннан кейін ғана бұл тақырыпқа баруға тарихшылар мүмкіндік алған болатын.

Slide 4

Диплом жұмысының мақсаты

Диплом жұмысын зерттеудің басты мақсаты 1920-1930 жылдардағы Семей өңірінің, қоғамдық-саяси өмірін сол тарихи кезеңде қалыптасқан тарихи, саяси, рухани өзгерістермен сабақтастыра отырып талдау жасау. Қоғамдық ұйымдар мен кеңестер жұмысының сипаты және олардың саяси-мәдени науқандарды жүзеге асыру барысындағы атқарған іс-шараларын талдау. Әміршіл-әкімшіл жүйенің күшеюі барысында аймақтың қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерге тоқталу.

Slide 5

Жэс-ке көшу

РК (б) П Х съезі->1921ж. Наурыз ->Баяндамашы В. И. Ленин

Съездің күн тәртібінде:”Салғыртты заттай салықпен ауыстыру туралы”мәселе қаралды

ЖЭС- елдің жағдайын көтеруге ықпал жасады

Slide 6

Үгітші (1920 ж. )

Slide 7

ЖЭС тұсындағы қиыншылықтар

Теміржол транспортының тозығы жетуі. Поездардың сирек журуі.

Армиядан 2, 5 млн адам демобилизацияланды.

1921 ж. Волга, Орал, Кавказ, Қырым, Украинада қуаншылық жайлауы. Егін күйіп кетті. Астық қоры таусылды.

Өнеркәсіптердің азамат соғысы кезінде істен шығуы. Жаппай жұмыссыздық жайлауы.

Сүзек, шешек, т. б. жұқпалы аурулар жаппай өріс алды.

Қылмыстың өсуі.

Ашаршылық аудандардан халықтың қашуы, көшуі.

Жетім, панасыз балалардың санының өсуі.

Slide 8

Ашыққандар саны

40 миллион

Қазақстанда

Өлгені -5млн

1921ж. қарашада

1922 ж. наурызда

1 млн 508000 адам

2 млн 303200 адам

Slide 9

Қазақстандағы ашаршылық болған губерниялар

Slide 10

Жалпы Қазақстанда 1914 ж. 4. 811. 662 адам тұрса, 1922 ж. 3. 795. 963 ам алды.

1 млн астам адам шет елге қашты, аштықтан өлді.

Slide 11

Халық санағы (1928 ж. )

Slide 12

ЖЭС қорытындылары

Экономикалық дағдарыстан шықты

Жаңа теміржол торабы салынып, ескілері қалпына келтірілді

Халық шаруашылығында еңбек өнімі артты

Әр түрлі салалар мен региондар арасында экономикалық байланыс қалыптасты

Халықтың жағдайы жақсарып, сұраныс, сатып алу, межесіне жетуі

Жұмысшы санының өсуі, жалақының көбеюі, тұрмыс жағдайының жақсаруы.

Slide 13

Мал санының өсуі (1928 жылы 40, 5 млн жетті)

Астық өнімінің өсуі (1925 ж792 млн пұт астық)

Егіс көлемінің өсуі (1928 ж. 4 млн га)

Өнеркәсіпті қалпына келтірді

Несиелік -қаржылық жүйе қалыптасып, ақшаның құны нығаюы

Кеңес өкіметінің саяси жағдайы нығайды, қоғамда азаматтық бірлік қалыптасты

Slide 14

Колхоздардың біріндегі егін себу жұмысы (1930 ж. )

Slide 15

Қорытынды

Еліміз егемендік алғаннан кейін XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы еліміздің қоғамдық-саяси өмірін обьективті түрде зерттеулерді қажет еткен болатын. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: "Ұзақ уақыт насихатталған "адамдардың тарихи жаңа қауымдастығы - кеңес халқы " дейтін тұжырымдама тарихи түрғыдан тереңнен қалыптасқан, обьективті түрғыдан өспесе, өше қоймайтын ұлттық мемлекетті жаңғырту идеясын жоққа шығару мақсатын көздейтін-ді, "- деп атап өткендей большевиктік саясат қазақ халқының ұлттық мүддесіне қарсы бағытталған шараларды жүзеғе асырған болатын. XX ғасырдың 20-30-шы жылдары Ертіс өңірі үшін өте күрделі кезең болды

Slide 16

Өйткені осы кезде адамдардың тұрмысы мен іс-әрекетін ұйымдастыруға, олардың материалдық және рухани байлықтарын жасауға, тарихи даму дәрежесінің өсуіне кедергілер туындайды.

Осы кезеңдерде халқымыздың басынан өткерген нәубетті аса бір өкінішпен еске аламыз. Ендігі уақытта бұндай келеңсіздіктер қайталанбаса екен дейміз. Осы уақыттарда әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалымен жүргізілген саяси науқандардың бүгінгі өмір үшін үлкен сабақтары бар. Сондықтан да зобалаң жылдардың халқымызға әкелген қайғы-қасіретін қазіргі ұрпаққа ақиқат тұрғысынан жеткізу - біздің абыройлы борышымыз.


Ұқсас жұмыстар
1920-1930 жж. Қазақстанында Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы: ұжымдастыру, индустрияландыру және саяси репрессиялар
Қазақстандағы кеңестік биліктің орнауы: 1917-1920 жж. әлеуметтік-экономикалық және саяси ерекшеліктері
1920-1930 жж. Кеңес Қазақстанында партия органдары мен мемлекеттік басқарудың қалыптасуы
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: шаралары мен әлеуметтік-экономикалық салдары (1921-1925 жж.)
1920-1950 жж. Қазақстандағы тоталитарлық режим және саяси қуғын-сүргін
1920-1940 жылдардағы Қазақстан: қоғамдық-саяси жағдай, идеологиялық күрес және мәдени революция
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1924): белгілері, жер реформасы мен 1921-1922 жж. ашаршылықтың салдары
XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті, мәдениеті және қоғамдық-әлеуметтік жағдайы (1900-1930 жж.)
КСРО-дағы (1920-1950 жж.) саяси қуғын-сүргін: Қазақстандағы тәжірибе, статистика және салдары
1920-1930 жылдары Қазақстанға көшіп келген халықтардың әлеуметтік-демографиялық және мәдени жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz