Гурьев қалашығы тарихы. Қаланың қалыптасуы


Slide 1

Гурьев қалашығы тарихы

Көрінген сонадайдан Гурьевім, Көрмедім Гурьевтей жер биігін. Сыртыңнан өзімсініп жүрсем-дағы, Әркімдер салады екен көз қиығын. Көрінген Гурьевтің мұнарасы, Он сегіз толықсыған қыздың жасы. Зер салып атыластан бешпент киген Япыр-ау, мынау кімнің қарындасы?

Халық әні

Slide 2

Қаланың қалыптасуы

ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулеті Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға патша үкіметінен рұқсат алады. 1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балаларымен Жайықтың оң жағалауына келіп ағаш бекініс тұрғызып, өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды. Өндірісі мен балық аулау құралдарын қорғау үшін ағаштан қамал-қалашық салады. Бекініс ол кезде Үйшік (Усть-Яицкий) қалашығы деп аталған. Қоныстанушылар «учуг» тұрғызған, қазақтар оны «үйшік» деп атап кеткен. Қаланың бастапқы атауы да осыған негізделген .

Үйшік (Усть-Яицкий) қалашығы

Slide 3

Ағаштан тұрғызылған қорған қамал жаудан және өрттен қорғануға қорғаныс бола алмайтынына көздері жеткен патша үкіметі, теңіз маңы және Жайық бойының қорғанысын күшейту мақсатында, 1645 жылдың 18 ақпанында М. Гурьевке қаланы қамал етіп тұрғызуға рұқсат береді.

Рұқсат қағазында қала қамалын Астрахан қаласының үлгісіндей етіп тұрғызу көрсетіледі. Михаил Гурьев қамалды өз қаражатына тұрғызуға уәде береді, үкімет болса жылына 600 құрылысшы жіберіп тұратын болады және Гурьевтерді 7 жылға салық төлеуден босатады.

Тас қала-қорғанның құрылысы 1647 жылдың 6 маусымында басталып кетеді. Жайық бойындағы тас қала-қамалдың құрылысы 15 жылдан соң, 1662 жылы аяқталып, Гурьевтердің үлкен қаржылық шығынына шығады. ХVІІ ғасырдың аяғына таман және ХVІІІ ғасырдың басынан бастап, тас қала-қамалы ірі шекаралық қамалға айналады.

Slide 4

Гурьев аталуы.

1734 жылы Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген. Гурьев Каспий маңы аймағы байлықтарын зерттеуде және басқа елдермен сауда, дипломатиялық қарым-қатынас орнатуда маңызды рөл атқарды.

1744 жылы Гурьевте айырбас сауда орталығы ашылды. Ол жылына 2 рет-күзде және қыста өткізілді. Қазақтар оған мал, тері, жүн және басқада табиғи өнімдер, ал орыс көпестері нан, шай, түрлі мата әкелетін болған.

1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери басшылығының қарауына беріледі.

Slide 5

1769 жылдың тамызында атақты жаратылыстанушы, саяхатшы, академик Петр Симон Паллас Ресей ғылым Академиясын бастап Гурьев қаласына барды. Ол: «Көктем балықтың көп жиналатын уақыты, үйшіктің маңына олар көп шоғырланғаны сонша, балықтың қысымымен ол құлауы мүмкін. Қалада коменданттар үйінен басқа жақсы құрылыс жоқ. Тек тастан жасалған оқ-дәрі дүкені. . . Гурьевтің батыс жағында екі шақырымдай жерде шағын гипстік таулар. Бұрындары Пешной аралында Гоголь мүйісі арқылы өтіп итбалық ұстайтын болған», деп жазды.

Slide 6

1860-1862 жылдар аралығында Гурьевте Северцов болды. Ол Жайық өзенінің 1772, 1834, 1862 жылдардағы Каспийге құятын сағасының картасын жасады. Ол Ембі аймағын зерттеу барысында Ембі өзенінің сағасына дейін жетіп, сол жерден мұнай қорын тапқан.

1865 жылы Гурьев уезді құрылды, Гурьев қаласы уезд орталығы болды. Ол кезде қала халқы 10 мың адамға жетті.

Николай Алексеевич Северцов

Ембі өзені

Slide 7

1869 жылы Гурьевтен Астраханға алғашқы жүк кемесі аттанады, бұл теңіз бойындағы қалалармен тұрақты байланыстың алғышарты болды.

1878 жылы Гурьевте доктор Селезневтың бастамасымен алғашқы метеорологиялық станция құрылып 1883 жылға дейін жұмыс жасады.

1879 жылы алғашқы 9 орындық қалалық аурухана ашылды. Онда 1 дәрігер мен 2 фельдшер жұмыс істеді. Хигургиялық операциялар науқас төсегінде жасалды.

Алғашқы қалалық аурухана

Slide 8

1888 жылы Гурьев арқылы Атырау даласына экспедиция аттанады. Оның құрамында полковник Г. У. Грумм-Гржимайло, екі гвардиялық офицер ағайынды Лемандар, барон Донельмайер және профессор Лебедоев болды. Олар Ембідегі мұнайға көңіл аударған және қазақтардың мұнаймен малдың тері ауруларын емдегенін көрген.

1891 жылы Г. Е. Грумм-Гржимайло және оның серіктері Ембі өңіріндегі мұнайды өндіруге патшаға өтініш жасайды. Патша олардың еңбегі үшін өлкені және оның қойнауындағы байлықтарды мәңгіге береді.

1893 жылдан 1898 жылға дейін Доссор, Мақат, Ескене, Қаратон, Қарашұңғыл аудандарына барлау мақсатында қолмен бұрғылау жұмыстары жүргізіледі.

1909 жылы Гурьевте профессор Истлек бастаған ағылшынның «Шелл» компаниясы пайда болды. Ағылшындар Леманның мұнай өндіру аумағының 1 бөлігін сатып алады. 1910 жылдан бастап ағылшындар Доссор, Мақат, Ескенеге бұрғылау құрылғыларын тасымалдауға кіріседі.

Грумм-Гржимайло Григорий Ефимович

Slide 9

1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысының орталығы

1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің орталығы

1929 жылы Гурьев округінің орталығы

1930 жылы аудан орталығы

1938 жылғы қаңтар айының 15-інен облыс орталығы.

Қазан төңкерісінен соң орнаған Кеңестік билік тұсында 1920 жылы Гурьев қаласы қызыл командир В. Чапаев есіміне берілгенімен, жарты жылдан соң Гурьев атауы кері қайтарылады. Бұл арада большевиктік биліктің отарлаушылар қалыптастырған атаудан аса алмағаны байқалады.

1992 жылдың 21 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығы бойынша Гурьев облысы-Атырау облысы, Гурьев қаласы-Атырау қаласы деп аталды. Теңіз жағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды

Slide 10

Халқы

Тұрғыны 1897 жылы 9, 3 мың, 1959 жылы 78, 1 мың, 1970 жылы 114, 2 мың, 1979 жылы 130, 9 мың, 2012 жылы 182, 8 мың адам болды. 2014 ж. қала әкімшілігі тұрғындарының саны 280, 6 мың адам құрады, оның ішінде:

Атырау қаласы - 195, 6 мың адам;

Балықшы кенті - 17, 1 мың адам;

Жұмыскер кенті- 10, 4 мың адам;

Ауылдық тұрғындар -57, 5 мың адам;

Атырау қаласында 84 ұлт өкілдері тұрады. Облыстың 2014 жыл басындағы деректер бойынша жекеленген этностар құрамы төмендегідей:

Slide 11

Климаты

Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ, ыстық, ал қыста ылғал қармен сипатталатын салқындық. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады.

Атырау қаласы ендігі 47, -07 С., ұзақтығы 51-53 болатын жазы ұзақ, қысы қысқа күндермен сипатталады.


Ұқсас жұмыстар
Атырау қаласы
Батыстағы қалалар
Жезқазған қаласы
Қазақстандағы археологиялық қазба - ескерткіштер
Жетісудың қалалары туралы
Қарахан мемлекетінің құрылуы
Жетісудың қалалары
Атырау облысы
Рудный қаласы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz