Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты, мағыналық топтары және жасалу тәсілдері


Slide 1

Үстеу

1. Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты

2. Үстеудің мағыналық топтары: мезгіл үстеулері, мекен үстеулері, мақсат үстеулері, себеп-салдар үстеулері, мөлшер үстеулері, күшейткіш үстеулері, сын - қимыл үстеулері, топтау үстеуі.

3. Үстеу жасалуы.

4. Үстеудің басқа сөзбен тіркесу ерекшеліктері.

5. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

Slide 2

Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі - семантикалық сипаты болып табылады. Ол қимылдың іс - әрекеттің әр алуан мезгілдік мекендік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын, т. б білдіреді.

Slide 3

Үстеудің басты грамматикалық сипаты- оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау, әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-ірек, т. б

Slide 4

Үстеудің мағыналық түрлері:

Мезгіл үстеуі

Сын - қимыл(бейне) үстеуі

Мекен үстеуі

Мөлшер үстеуі

Себеп - салдар үстеуі

Мақсат үстеуі

Күшейткіш үстеу

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Морфологиялық құрамы жағынан:

Slide 10 Slide 11

Синтетикалық (морфологиялық) тәсіл.

-ша, -ше: қазақ-ша, қысқа-ша, ескі-ше;

-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: өлер-дей, шикі-лей, қыс-тай, т. б;

-дайын, -дейін: тотыдайын;

-шалық, -шелік, -шама, -шеме: сон-шалық, осын-шама.

-шең, -шең: Көйлек-шең, етікшең.

-сыз, -сіз: қаперсіз, ысырап-сыз.

-ын, -ін, -н: жасырын, үстіртін, қырын.

-ы, -і: жылы, жолы, күні, түрі, өмірі.

Slide 12

Лексика-семантикалық тәсіл

А) Басқа тілден енген үстеулер: қазір, әуелі, таман, т. б.

Ә) Семантикалық процесс арқылы, яғни адвербиалдану арқылы жасалған үстеулер: соң (зат атауынан соңдегеннен), кеш (мезгіл атауынан), аса, өте, лықа, айнала, т. б. көсемше тұлғаларынан қалыптасқан.

Slide 13

Семантикалық - синтетикалық тәсіл

Көлемдік септік формалары мен кейбір сөз таптарына қатысты жұрнақтар жалғанған сөздер адвербиалдану процесі арқылы үстеуге айналып кеткен. Бұл жерде екі түрлі процесс, бірі-қосымша үстеу, екіншісі-семантикалық процесс.

А) барыс септік арқылы: босқа, жатқа, артқа, т. б.

Ә) жатыс септік арқылы: мұнда, түнде, алда, т. б

Б) шығыс септік арқылы:шетінен, тосыннан, кенеттен, т. б.

В) Көмектес септік арқылы:жайымен, жөнімен, шынымен, кезекпен; -лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп; ойыншылар, жездейшілеп.

Slide 14

Аналитикалық тәсіл

А) Сөздердің бірігуі арқылы: бүгін(бұл күн), биыл(бұл жыл), жаздыгүні (жаздың күні), ендігәрі(ендігіден әрі), Т. Б.

Ә) Сөздердің қосарлануы: жата-жастана, аунап-қунап, жапа-тармағай, бірте-бірте, бет-бетімен, аз-аздап.

Б) Сөздерің тіркесі мен идиомаланған: ала жаздай, күні кеше, ертеден қара кешке, томаға тұйық, күн ұзаққа.

Slide 15

Үстеудің емлесі

2

2

1. Негізгі және туынды түбір үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең, кешке, бұрын, кейін, сонда, әрі, бері, төмен, бірге, әрең, талай т. б.

2. Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі айтылуынша яғни сыңарларының дыбысталуынша өзгеріске түскен күйінде жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, жаздыгүні, ендігәрі, анағұрлым т. б. сөздер осылай айтылуынша жазылады. Бұлар: бұл + күн, бұл + йыл, қыстың + куні, жаздың + куні, ендігіден + әрі, ана + құрылым деген сөздерден біріккен.

Slide 16 Slide 17

Үстеу


Ұқсас жұмыстар
Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты, құрамдық түрлері және семантикалық топтары
Үстеу: лексика-грамматикалық ерекшеліктері, мағыналық топтары, синтаксистік қызметі және адвербиалдану
Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары мен қимылдың өту сипаты
Етістік: анықтамасы, есімнен жасалу жұрнақтары және грамматикалық топтары
Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері және грамматикалық, лексика-грамматикалық және семантика-грамматикалық ерекшеліктері
Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, жіктелуі және түрлену жүйесі
Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің лексика-грамматикалық сипаты, түбірлік құрылымы және категориялары
Себептік және шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық-құрылымдық сипаты
Негізгі грамматикалық ұғымдар және грамматикалық мағынаны беру тәсілдері
Сан есімнің мағыналық түрлері мен грамматикалық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz