Delphi ортасы және объектілі-бағдарлы программалаудағы формалардың негізгі қасиеттері


Slide 1

Делфи бағдарламасы

Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері - Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++ for Windows.

ОБП тілінде программаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру) . Олар әсіресе Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

Slide 2

Delphi ортасы - бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор немесе Exsel кестелік процессор ортасының «қатаңдығына» үйренген қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін.

Slide 3

Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т. б. іс-әрекеттерді орындауға болады.

Slide 4

Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда прогаммалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.

Slide 5 Slide 6

Name (Атау) - формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің негізгі қасиеттерінің бірі. Программаның жұмыс істеуі барысында Delphi объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name қасиеті таңдалып, жаңа атау клавиатурадан теріледі. Font (Шрифт) - формаға шығарылатын мәтін шрифтінің қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (…) түймесін шерткен кезде Windows-тың сұхбаттық Қаріпті таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті қаріп типін, өлшемін таңдап (мысалы, Time Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.

Slide 7

Caption (Тақырып) - форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне Form1 сөзі енгізіліп қойылады. Оның мәнін өзгерту Name қасиетіне мән меншіктеу сияқты. Color(Түс) - форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі - қасиет мәнінің бірнеше екенің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түс таңдалған соң форма сәйкес түске боялып қойылады.

Slide 8

Width (Ен), Height (Биіктік) - пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады) . Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.


Ұқсас жұмыстар
Borland Delphi бағдарламалау ортасы: іске қосу және негізгі терезелер
Delphi ортасы: қолдайтын деректер қорлары, компоненттер және негізгі кластар
Delphi және Visual Basic тілдері: визуалды бағдарламалау, жұмыс ортасы және ерекшеліктері
Delphi программалау ортасы және объектіге бағытталған программалау негіздері
Объектілі бағдарланған бағдарламалау: кластар, әдістер және негізгі ұғымдар
Delphi негіздері: бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, көрнекі орта, ООП және негізгі компоненттер
Объектілі бағдарланған бағдарламалау: кластар, әдістер және негізгі принциптер
Java тіліндегі объектілі-бағытталған программалау: негізгі қағидалар мен құралдар
Delphi 7 және Microsoft Access негізінде оқушылардың жеке кабинетін құру
Жүйенің функционалды және объектілі декомпозициясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz