Қазақстандағы ауытқымалы мінез құлықтағы адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Қазақстандағы ауытқымалы мінез құлықтағы

адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Slide 2

Тұлғалар ортасындағы теріс мінез құлық қалыптарының кеңінен тараған түрлеріне қараусыздық пен қаңғыбастық жатады. Бірінші түсінік Тұлғалар арасындағы жасы кіші балалар және жасөспірімдерге қоладанылады, екіншісі олардан ересектеу жастағы Тұлғалар тобына қолданылады. Қараусыздық, қараусыз өткен балалық кең тараған күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар педагогикалық бақылау мен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірлері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата анасынан және үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата аналары балаларына тамақ бермей, қатал ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі. Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол жастардың белгілі бір тұрағынсыз еліміздің аймағында болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы экономикалық әлеуметтік әл ауқатсыздықтың көрсеткіші болып табылады.

Slide 3

Ұзақ уақыт бойы қаңғыбастық қылмыстық тәртіп жүзінде азаматтардың қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуы, паразиттік өмір салтын сүру, әлеуметтік жалқаулық белгілері ретінде қуаланған болатын. РАН тұрғындарының әлеуметтік экономикалық проблемаларының институтының жүргізген зерттеулері мынадай «қараусыз қалған адамның типтік» портретін жасаған: бұл жасы сегізден он бес жас аралығындағы жасөспірім, әдетте қалалық тұрғын, олардың 83% ұл балалар, бірақ соңғы уақыттары қыз балалар көбейіп келеді, 57%- үлгерімі нашар балалар, кейбірі бірнеше жыл бір сыныпта отыр, көпшілік қараусыз қалғандардың отбасы бар, 8% - отбасы толық, 24% толық емес, 16% - ата аналарымен, әкелерімен, аталарымен тұрады қалғандары балалар үйінен қашып кеткен. Осы зерттеуден байқағанымыздай, 2003 - 2007 жылдары пайда болған қараусыз қалғандар үрдісінің шамамен 70% топтарға біріккен, оларды ересек жасөспірімдер, тіпті ересек адамдар басқарады. Мұның еш жақсылығы жоқ: топта олар өздерін топта жазаланбайтындай сезінеді, агрессивті және ашуланшақ болып келеді, дегенмен оларға онда өмір сүру оңай, ақша таба алады, өздерін қауіпсіз сезінеді, егер қауіп төне қалса бір біріне көмектесе алады. Қоғамдағы дарашылдық идеясының кеңінен тарауы жасөспірімдер үшін де өз ізін қалдырды, сол себепті қазір мұндай топтар азайған, бұл балалар аса еңбектенбей ақ ақша тауып, өмір сүруге болатынын түсінген. 1996 жылғы қараусыз қалғандарды сұрағанда олрды әлі де болса, қоғамның көмектесетініне кішкентай да болса да үміттері бар екені анықталған.

Slide 4

ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда соңғы уақыттары қараусыз қалған, бейімделмеген жасөспірімдер үшін арнаулы реабилитациялық әлеуметтік қызметтер кеңінен таралып отыр. Бұл мекемелердің атаулары әр түрлі баспаналар, тәрбие үйлері, орталықтар және т. б., бірақ олардың негізгі мақсаттары біреу баланың отбасылық байланысын қайта қалпына келтіру немесе алмастыру. Мұнда негізгі үш бағытты атап өтуге болады:

-Баланы өз отбасына қайтару;

-Оған қамқор болатын отбасын табу;

-Сол мекемеде отбасылық жағдай жасау.

Жоғарыда көрсетілген бағыттардың біріншісін тәжірбие жүзінде шешуде ата аналармен және балалармен психологтың, әлеуметтік қызметкердің жақсы диалогтық қарым қатынас орнатып, әңгімелесушінің тілін тауып, түсінуге тырысуы көмекеседі. Бұл жерде жақсы «кеңесшінің» рөлі ең тиімді, кеңесші отбасы мүшелеріне проблемаларын өздері шешіп, өздеріне қолайлы жол табуға көмектеседі.

Сонымен, әлеуметтік жағынан қараусыз қалған балалардың қиын кезінде реабилитациялық мекеменің онымен байланысқа түсіп, жаңа ортаға, жаңа қатынастар жүйесіне бейімделуі үшін мыналар қажет: жақсы тұрмысты қамтамасыз ететін, білім алуға және еңбек етуге тартуға қайтадан оралуға мүмкіндік жасаудың жағдайлар кешені; медико психологиялық тексеруден және қапы келтіруден өткізу; жеке патронаж.

Slide 5

Девианттық мінез құлықтың өткір формасына заң тұрғысынан жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылықтар, яғни мемлекеттік немесе қоғамдық құрылым не тәртіпке, мемлекеттік, қоғамдық не жеке меншікке, азаматтардың құқығы мен бостандығына, басқарудың бекітілген тәртібіне қол сұғатын құқыққа қарсы әрекеттер жатады.

Барлық нақты бұзушылық қылмыс пен теріс қылыққа бөлінеді. Юристтік тұрғыда бір жағдайға құқық нормаларын бұзуға қатысты болғанымен, бұлар әртүрлі түсініктер. Олардың айырмашылығы қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты. Егер жеке тұлғаның әрекеті қоғамдық қауіпті деп қылмыстық құқықта тыйым салынса, онда ол қылмыс болып табылады. Теріс қылық қылмысқа қарағанда, қоғамдық қауіпті сипаты жоқ, қылмыстық заңда қарастырылмаған, қоғамдық зиянды әрекет. Теріс қылықтар қылмыстықтан басқа, азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі.

Slide 6 Slide 7

Ал мынау белгілі қазақстандық заңгер М. Нарықбаевтің жастар қылмысына әсер ететін жас адамның әлеуметтік психологиялық мінезіне қатысты пікірі. Жас адамдар жасайтын зорлық жасап істеген қылмыстың өсуінің проблемасына талдау жасай отырып, ол ересектерге қарағанда жастар әдетте, еріктері төмен дамыған, қабылдағыш, мінездері үлкен конформизмді болып келеді (көбіне өз тобында) дейді. Жастарда әлі де болса өзіндік қалыптасып қалған көзқарастары мен қағидалары жоқ, олар қоғамға қарсы элементтердің теріс әсерлеріне тез егіліп кетеді. Адамның жас кезінде мінезінің және темпераментінің тұрақсыздығы көп рөл атқарады. Жастарда қызулық пен жеңіл қозғыштық басым болады да, өмірлік тәжірбие арқылы бектілетін және құрылатын ұстамдылық сияқты салмақты дағдылар аздау. Бұл жастағы жастардың өздеріне тән ерекшеліктеріне ауыр зорлау арқылы жасалатын қылмыстарды бұзықтық пен жасауы жатады. Мұндай бұзықтықпен жасаудың себебіне өзін көрсетуге деген гипертрофирленген ұмтылысы және көп жағдайа оның әрекетін өз қалауынша жұмсаған басқа адамдардың осы әрекетке деген бағасын, реакциясын жатқызуға болады.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс
Девиантты мінез - құлық ұғымы
Тәрбиесі қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Девиацияның формалары
БАСҚАРУ ШЕШІМІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Эстетикалық талғам әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін психопрафилактикалық жұмыстар
Логика - сенсорлы жұмсақтық
Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері
АНОМИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz