СЕРТИФИКАТТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: Сертификаттау жүйелері

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Slide 2

Сертификаттау жүйелері - осы жүйеде орнатылған ережелер бойынша сертификаттау жұмыстарын жүргізуге қатысушылар жиынтығы. Сертификаттау жүйесі сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өз ережелері мен басқару процедураларын қолданады. Жүйелер ұлттық, мемлекетаралық, аймақтық және халықаралық деңгейде қалыптасады. Сертификаттау процесін құрайтын процедуралар, ережелер, сынаулар және басқа да іс-әрекетті түрлі факторларға байланысты қарастыруға болады. Егер сертификаттау жүйесі нақты бір өнімнің (процесс, қызмет) сәйкестігін дәлелдеумен айналысса - өз тәжірибесінде нақты осы өнімге қатысты стандарттар, ережелер мен процедура қолданатын біртекті өнімді сертификаттау жүйесі болып табылады. Осындай бірнеше біртекті өнім сертификаттау жүйелері жалпы сертификаттау жүйесін құрайды. Сәйкестікті бағалау деп берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелік тексеруді айтамыз.

Slide 3

Сәйкестікті бағалаудың бір жеке басын өнімнің нақты сипаттамасын өлшеу жолымен сәйкестікті бағалауды тексеру деп атаймыз. Сертификаттау стандарттарға сүйенеді және оның негізінде сертификаттау нормаларына сай сынау жатыр. Тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің объективті қажеттілігі өнім мен қызметтің сапасын арттыру. Нарықтық қатынас жағдайында өнімнің нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуына кепілдік беретін негізгі құрал - сертификаттау.

Сертификаттау жүйесі басқаруды да, процедураларды да өзінің ережелерімен жүзеге асыратын жүйе. ҚР сертификаттау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу үшін Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құрылған.

ҚР сертификаттау жүйесін мемлекеттік органына (ҚР Мемстандарты), өнім, процес, жұмыс және қызмет сертификаттаудың аккредиттелген органы және аккредиттелген сынау зертханалары (орталықтары) жатады. Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесі (ҚР МСЖ) - ҚР сертификаттау мен аккредиттеу жұмыстарын жүргізу ретін орнататын, сертификаттау саласы бойынша жұмыстарды өз құзыреттілік шегінде жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалар жиынтығы.

Slide 4

Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясат жүргізу мен негізгі ережелер және сертификаттау ретін, сертификаттау органы мен сынақ зертханаларына талаптар және оларды аккредиттеу ретін, сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторларды дайындау мен аттестаттау ретін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің реестрін жүргізу ережелерін, аудит пен инспекциялық тексеру жүргізу ретін және т. б. сертификаттау мақсатын жүзеге асыруға қажетті талаптарды орнатады. Сертификаттау жұмыстарын басқару Қазақстан Республикасы Мемстандарты - стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік өкілетті органға бекітілген. Сертификаттау жұмыстарын қаржыландыру республикалық бюджеттен және келісімшарт негізінде жүргізілген жұмыстардан жүзеге асады.

Slide 5

ҚР МСЖ жұмыстарына Қазақстан жерінде орналасқан барлық мемлекеттік басқару органдары, қандайда болмасын меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдар, шетел ұйымдары мен фирмалары ашық қатыса алады. Міндетті шарт ҚР МСЖ ережелерін мойындау мен орындау міндетті шарт. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдастыру құрылымына: стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік өкілетті орган; өнімді, процесті, жұмысты, қызметті сертификаттау бойынша аккредиттелген орган; аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) ; аккредиттеу саласында консалтингтік қызметтер көрсететін аккредиттелген ұйымдар; сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторлар кіреді.

ҚР МСЖ жұмыс жасауының құқықтық қамтамасыздығы ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен анықталады.

Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымы 1 кестеде көрсетілген.

1-кесте - Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымы

Slide 6

Сертификаттау жөніндегі орган ретінде жұмыс істеу құқығына үміттенуші ұйым аккредиттеу процедурасынан өтуі керек. Аккредиттеудің тәртібі мен талаптары Мемстандарттың нормативтік құжаттарында және сертификаттау жүйесінің құжаттарында берілген. Аккредиттеу кезінде назарға алынатын критерийлер, сертификаттау бойынша органда: білікті және арнайы дайындықтан өткен қызметкерлердің; сертификатталатын өнімге нормативтік құжаттардың өзектендірілген қорының және оның сынау әдістерінің; сертификаттауды жүргізуге арналған әкімшілік құрылымның, заңды және экономикалық мүмкіндіктердің, соның ішінде сертификатталған өнімге сынау мен инспекциялық бақылаудың; сертификаттау ережелері мен тәртібін, соның ішінде шағымдарды қарастыру және сертификаттарды, сәйкестік белгілерінің әрекетін жою ережелерін орнатушы ұйымдастыру-әдістемелік құжаттардың; сертификатталған өнім реестрінің бар болуын ескереді. Барлық өтінім берушілер сертификаттау жөніндегі органның қызметтері жайлы ақпаратқа бөгетсіз қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.

Slide 7

Сынау зертханасы (орталығы) өздігінен ұйым және заңды тұлға дәрежесіне ие, әрі сәйкестікті растау бойынша органның немесе басқа заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады. Орталықтың негізгі мақсаты нақты өнімнің сынауын немесе нәтижелердің анықтылығын және обьективтілігін қамтамасыз ететін стандартты әдістемелерді пайдалану арқылы сынаудың нақты түрлерін жүргізу болып табылады. Зертхана сынау хаттамаларын ҚР МСЖ НҚ орнатылған қалпында рәсімдейді. Қызметтер мен сапа жүйелерін сертификаттау жүйелері сынау зертханаларының сертификаттау процесінде қатысуын қажет етпейтінін білген жөн. Олардағы сәйкестікті бағалау бойынша барлық тәжірибелік жұмысты сертификаттау жөніндегі орган жүзеге асырады. Сынау зертханалары сертификаттау жөніндегі органға бағынады. Сертификаттау жөніндегі органның біреуінде сынаудың әр түрімен айналысатын бірнеше зертханалары болуы мүмкін.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Сертификаттау жүйелері туралы
СЕРТИФИКАТТАУДЫ ҚОЛДАНУ ОБЛЫСТАРЫ
Сапа жүйесін сертификаттау
:Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибес
Экономикалық тиімділігін бағалау әдістері
ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
Өнімдерді сертификаттауды жүргізу тәртібі
ҚЫЗМЕТТЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
Сертификаттаудың әлемдегі даму тарихы
ЕАЭО СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz