Су қоймалар, олардың мақсаты және топтастығы. Су қоймасы туралы түсінік


Slide 1

Су қоймалар, олардың мақсаты және топтастығы.

Су қоймасы туралы түсінік.

Су қоймасының мақсаты және міндеттері.

Ірі су қоймалары.

Су қоймасын салу жұмыстарын жобалау.

Су қоймасы дегеніміз - Суды реттеу және сақтау мақсатында белгілі бір өзенге, жасанды салынған су айдыны. Яғни өзен бойына үлкен қазандық қазылып және бөген тұрғызылып суды сақтау.

Slide 2

Су қоймасының мақсаты

Шөлді, шөлейтті аймақтарда су тапшылығын шешу;

Электр энергиясын өндіру, яғни гидро электр станциясын салу, ауыл аймақты электрмен қамтамасыз ету;

Көктемде пайда болатын мол суды қазандыққа жинау мақсатында;

Ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру.

Балық шаруашылығын іске қосу және жұмыссыздық санын азайту.

Slide 3

Су қоймасын бірқатар белгілермен жіктейді және бес негізгі типтерге бөледі:

Жазықтықтағы су қоймалары;

Тау алдындағы су қоймалары;

Таудағы су қоймалары;

Көлдік су қоймалары;

Құймалы су қоймалары;

Жазықтықтағы су қоймалары мынадай белгілермен сипатталады: су бетінің ауданы өте үлкен, максималды тереңдігі 10-25м, орташа тереңдігі 5-9 м, және тастауы аз. Бұл су қоймасы кешендік мақсатта пайдаланылады.

Тау алдыңдағы және жалпақ таулы облыстардағы су қоймалары үлкен тереңдіктерімен 70-100м және оданда жоғары, 10-20м-ге дейін су тастауларымен сипатталады. Жағауларының бұзылу қарқыны аз. Аумақты су басуы елеусіз.

Таулық су қоймаларына үлкен тереңдіктер 100м-ден астам, 100м-ге дейін су тастаулары тән. ауданды судың басуы, жағалаудың мүжілуі және су қоймасының бұзылуы өте аз. Тау өзендерінің аңғарларының көлденең қимасы арнамен сәйкес келеді. Олардың түрі тар шатқалдар тәрізді. Жаға баурайлары тік, кейде баспалдақты. Арнасы болар болмас иректі. Жайылмалары жоқ. су қоймасынан суды тастаған кезде су бетінің ауданы өзгереді.

Көлдік су қоймасын көлден шығатын өзенге бөгет салу арқылы жасайды. Бөгетке тірелген су көлге қарай жайылады. Мұндай су қоймаларының жетістігі су шамасы тірелгенде және суға бастырылған жердің ауданы кішкене болғанда оларда көп су көлемін жинақтауға болады.

Құймалы су қоймаларын көбіне табиғи шұңқырлар мен өзендерге жақын аумақтағы ой жерлерді пайдалану арқылы жасайды. Оларды негізінен егістікті суландыру және су жинақтағыш электростанциялар салу үшін пайдаланады.

Slide 4

Қазақстанның су қоймаларының тізімі

Су қоймасы

ауданы км2

орны

Пайдалану-ға берілген жылы

ұзындығы

ені

тереңдігі

Бұқтырма

5500

Ертіс өзені ШҚО

1967

600

40

80

Қапшағай

1847

Іле өзені Алматы обл.

1970

187

23

43

Шардара

900

Сырдария өзені ОҚО

1966

48

20

26

Көксарай

460

Сырдария өзені ОҚО

2011

-

-

-

Сергеев

117

Есіл өзені СҚО

1969

75

7

20

Қаратомар

92

Тобыл өзені Қостанай обл.

1965

72

4

16

Самарқан (Теміртау бөгені, Нұра бөгені)

82

Нұра өзені Қарағанды обл.

1941

25

7

12

Бөген

65

Бөген өзені ОҚО

1967

13

6

15

Астана (Вячеслав)

61

Есіл өзені Ақмола обл.

1969

11

10

25

Киров

39

Көшім өзені БҚО

1967

22

4

7

Slide 5

СУ ҚОЙМА

Ең алғашқы су қоймасы Ежелгі Египетте, Ніл өзенінің бойына жерді суару мақсатында салынды. Бұл су қоймасының 3000 жылдық тарихы бар. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 309 су қоймасы бар, оның ішінде, 83 республикалық меншікте, 191 коммуналдық, 35 жеке меншікте.

ЕЛІМІЗДЕГІ АПАТҚА ҰШЫРАҒАН СУ ҚОЙМА. 2010 жылында 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан Қызылағаш ауылы шайылып, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалған қайғылы оқиға. Бірақ ресми мәлімет 37 адамның ғана қаза болғанын растайды. Қызылағашта шамамен 3, 5 мыңға жуық адам тұратын еді. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша кентте 146 үй толығымен шайылып кеткен, 251 үй қираған, 42 үйді жөндеуді талап етеді.

Slide 6

Су қоймасы бөгеттің құрылысына байланысты түрлері: Біртекті, Өзекті және Қалқанды.

Біртекті су бөгеті - оның ерекшелігі тек бір материалдың көмегімен ғана салынған бөгет.

Қалқанды су бөгеті - бұл бөгет судың сүзілуіне қарсы қалқандар орнату арқылы ерекшеленеді.

Өзекті су бөгеті - бұл бөгеттің ерекшелігі бөгеттің ортасында су өткізбейтін цементтен құйылған өте мықты өзегі болады.

Slide 7

Әлемдегі ең әдемі су қоймасы Ladybower

Ladybower су қоймасы өзінің воронка тәрізді суағарымен танымал.


Ұқсас жұмыстар
Қоймалық технологиялар
Операция арасындағы қойма және аралық қойма жайлы ақпарат
Операция арасындағы қойма және аралық қойма туралы ақпарат
ҚОЙМА ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Материалдар мен дайындамалардың цехтағы қоймасы
Өндірістік кәсіпорын қоймаларының негізгі түрлері
Бұрғылау жару жұмыстарының есептеу паспорты
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Кәсіпорындардың қоймалары
Каспий теңізіндегі мұнайды бұрғылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz