Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу.Еңбек ресурстары және еңбекті ұйымдастыру


Slide 1

Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу.

1. Еңбек ресурстары және еңбекті ұйымдастыру.

2. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу жүйесі.

Slide 2

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс жасайтындарды 2 топқа бөлуге болады:

өнеркәсіптік-өндірістік персонал;

өнеркәсіптік-өндірістік емес персонал

Кәсіпорындағы еңбек ресурстары деп кәсіпорынның материалды-техникалық қамтамасыз ету, өнім өндіру, сату және өндірістік техникалық қызмет көрсету салаларында тұрақты жұмыс істейтін, кәсіби дайындығы мен іс-тәжірибесі бар жұмыскерлерді айтамыз. Кәсіпорынның барлық еңбек ресурстарын кәсібі, мамандығы және біліктілік деңгейі бойынша бөлуге болады.

Slide 3

Барлық өнеркәсіптік-өндірістік персонал (орындайтын функциясының) атқаратын қызметінің сипатына қарай келесідей категорияларға бөлінеді:

әкімшілік-басқарушылық персонал

инженерлік-техникалық жұмыскерлер

қызметкерлер мен жұмысшылар

кіші қызмет көрсетуші персонал.

Slide 4

Өнеркәсіптік-өндірістік емес персоналдар деп - кәсіпорынға тиесілі өнеркәсіптік емес инфрақұрылым бөлімшелеріне (тұрғын үй, бала бақша, қосалқы шаруашылық, т. б. ) қызмет көрсетумен айналысатын персоналдарды айтамыз.

Кәсіпорынның әртүрлі категориядағы жұмыскерлерінің олардың жалпы санына қатынасы немесе үлесі оның персоналдарының құрылымын көрсетеді.

Кәсіпорындағы еңбек нәтижелігіне еңбекті ұтымды ұйымдастыру тікелей әсер етеді. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру қолайлы еңбек жағдайын жасауға және кәсіпорын табысын арттыруға бағытталған. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі бағыттары ретінде келесілерді атауға болады:

Slide 5

Еңбекті ұйымдастырудың негізгі бағыттары ретінде келесілерді атауға болады:

еңбекті бөлу мен үйлестірудің ұтымды нысандарын әзірлеу және енгізу;

мамандарды іріктеуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру және оған қызмет көрсету;

еңбекті нормалау;

еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру;

еңбек жағдайын жақсарту.

Slide 6

2. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру үш өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады. Олар: тарифтік жүйе, еңбекті нормалау және еңбек ақы төлеу нысаны.

Тарифтік жүйе әртүрлі топтар мен категориялардағы қызметкерлердің еңбегінің күрделілігін, мәні мен жағдайын ескере отырып, еңбекке ақы төлеу мөлшерін саралау үшін пайдаланылады. Ол тарифтік мөлшерлеме (ставка), тарифтік тор және тарифтік разряд сияқты маңызды элементтерді қамтды

Slide 7

Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделеді:

• еңбек ұжымының нәтижелері мен жұмсалған еңбектің саны мен сапасын объективті көрсететін мөлшерде жұмыскерлерге сыйақы белгілеу;

• кәсіпорынның еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудағы жұмыскерлерге жалақы көлемін белгілеу, еңбек ақы жүйесі мен нысандарын таңдаудағы дербестігі;

• мемлекеттің ең төменгі жалақы көлемін белгілеуі;

• жалақыны еңбек жағдайы және тұрғылықты аудандар бойынша дифференцациялау.

Мерзімді еңбек ақы жұмыс істеген уақытта сағаттық немесе күндік еңбек ақы мөлшері бойынша өнім өндіру көлеміне қарамастан жұмыста болған уақытына төленеді. Өндірген өнімін немесе орындалған жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни, атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбек ақы төленеді. Мысалы, кәсіпорын басшылары, қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне және т. б.

Slide 8

Сыйақылы келісімді еңбек ақы. Бұл жүйе еңбек нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыда жақсарту үшін жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында қолданылады. Мұндай еңбек ақы өндірісте өнім өндіруді саны мен сапалық жағынан артығымен орындағаны, шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны, еңбек өнімділігін өсіргені үшін сыйақы ретінде төленеді.

Аккордты келісімді еңбек ақы. Бұл жүйе жұмыскерлердің жекелеген топтары үшін олардың еңбек өнімділігін өсіру, орындалатын жұмыс мерзімін қысқарту мақсатында қолданылады. Мұнда еңбек ақы мөлшері орындалатын жұмыстың барлық көлемі үшін белгіленеді. Яғни, жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың көлеміне қарай алдын ала келісімді баға қоюды қажет етеді. Сонымен бірге бұл жүйе бойынша еңбек ақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Мұндай жүйе көбінесе құрылыс кәсіпорындарында жөндеу жұмысымен, тиек түсірумен айналысатын шаруашылық субъектілерге қолданылады.

Slide 9

Орындаған:Аралбай. О, Ділдабеков. С

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу
Еңбек және оның экономикалық мәні
Еңбек ақы және еңбек қорлары
Кәсіпкерлік қызметте еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру
Еңбекті ұйымдастыру
Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу
ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ЗАҢДАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz