Асқорыту мүшелері Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері


Slide 1 Slide 2

Асқорыту мүшелері Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жуйесін. құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.

Slide 3

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Ас қорыту жолы

Ас қорыту бездері

Ауыз қуысы

Жұтқыншақ

Өңеш

Асқазан

Ас ішек

Тоқ ішек

Бауыр

Ұйқы без

Slide 4

Ауыз қуысы. (Cavum oris)

Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі бөлімнен құралады. Олар: ауыз кіреберісі және нағызауыз қуысы деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл ашылуы ауыз саңылауы болып есептеледі. Ауыз кіреберісі сырт жағынан - еріндер және уртпен, ішкі жағынан тістер және қызылиекпен шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықеттер қаптайды және ұрт еріндермен ұласады.

Slide 5

Жұтқыншақ

Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11-13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі өрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, өрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.

Slide 6

Жұтқыншақ- ұзындығы 11-13см бұлшықетті мүше, онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді

Slide 7 Slide 8

Өңеш - ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабық -шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-оқтын жиырылуы нөтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады.

Slide 9

Өңеш- ұзындығы, шамаен 25см бұлшық етті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.

Slide 10

Қарын - құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. (Абай атамыздың: «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» деген ой тұжырымы естеріңде болар. ) Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. ішкі кабаты - қиғаш, ортаңғысы - сақина төрізді, ал сыртқысы - ұзыннан орналасқан.

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы
Асқазан сілемейлі
Асқорытуды реттеу
Асқорыту мүшелері
Асқорыту бездерінің гормондары
АСҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ
Жануарлардың Ас қорыту жүйесі
Асқорыту жолы
Ұрық жапырақшаларының туындылары
Асқорыту жүйесінің қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz