Өңеш, қарын және жұтқыншақтың құрылымы мен қызметі: омыртқасыздардан омыртқалыларға дейін


Slide 1

Презентация

Тақырыбы : Өңеш, қарын, жұтқыншақ .

Орындаған : Көшербай А.

Тахир А.

Қабылдаған : Сабекова Д. У.

Slide 2

Өңеш

Омыртқасыз жануарларда Өңеш ауызқуысы жұтқыншақтан ортаңғы ішекке дейін созылып жатады (мысалы, жалпақ және буылтық құрттарда) ; жоғары сатыдағы шаянтәрізділерде, семсерқұйрықтыларда, жәндіктердің көпшілік түрлерінде Өңеш шайнау қызметін атқарады. Құстардың Өңеші ұзын болады, ол кейін жемсауға айналады. Ал омыртқалы жануарлардың көпшілігінде Өңеш жұтқыншақты қарынмен жалғастырады.

Slide 3 Slide 4

Қарын

Қарын, асқазан (лат. ventriculus - гр. gaster - қарын) - азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын - бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Бірбөлімді қарын өз кезегінде: безсіз қарын, безді қарын және безді-безсіз немесе аралас қарын болып үш түрге бөлінеді.

Бірбөлімді қарын

Бірбөлімді қарын күйіс қайтармайтын жануарлардың құрсақ қуысында, көкеттен кейін орналасады. Оның сол жағында өңешпен жалғасатын кардиальды тесігі, ал оң жақ ұшында он екі елі ішекке ашылатын пилорикалық (қақпақтық) тесік болады. Қарынның қабырғасы түтікше ағза ретінде үш қабықтан: ішкі - кілегейлі қабықтан, ортаңғы - етті қабықтан және сыртқы - сірлі қабықтан тұрады. Қарынның өңеш тәріздес кілегейлі қабығын - көп қабатты жалпақ эпителий, ал ішек тәріздес кілегейлі қабығын - жалаң қабат призма тәрізді эпителий астарлайды. Безді қарынның кілегейлі қабығында қарын бездері болады. Олар орналасу орындары мен құрылыс ерекшеліктеріне байланысты кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) бездер болып үш топқа бөлінеді. Олар аталуына сәйкес қарынның кілегейлі қабығының кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) аймақтарында орналасады.

Slide 5

Қарынның етті қабығы өз кезегінде ішкі - қиғаш қабаттан, ортаңғы - сақинаша қабаттан және сыртқы - ұзынша қабаттан, ал сірлі қабығы борпылдақ дәнекер- ұлпалық қабаттан және жалаң қабат жалпақ эпителий (мезотелий) қабатынан тұрады. Қарынның сірлі қабығынан үлкен және кіші шарбылар түзіледі.

Көпбөлімді қарын күйісті жануарларда болады. Ол өз кезегінде: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар бөлімдерінен құралған. Бұлардың алдыңғы үшеуінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал ұлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Ұлтабар- безді қарын. Қарындағы азық механикалық және биологиялық өңдеулерден өтіп, химиялық жолмен қорытылады. Қарындағы биологиялық өңдеу нәтижесінде түзілген газ тәрізді және кейбір ерітінді заттар алдыңғы қарын бөлімдерінің қабырғалары арқылы-ақ қан және лимфа тамырларына сіңіріле бастайды.

Кейде қарын 2 бөліктен құралады:

бұлшық етті;

безді.

Slide 6

Көптеген омыртқасыздарда қарын ерекшеленген және ішкі бөлігі болып есептеледі. Көптеген буынаяқтылардың қарнында қоректік зат бөлшектенеді. Өрмекшітәрізділерде бітеу өсінділері бар ортаңғы ішектің алдыңғы бөлігі қарын. Жәндіктерде қоректік затты бөлшектеп шайнау қарны жақсы жетілген, ал безді қарын тек кейбір түрлерінде ғана байқалады. Ұлулардың қарнына ас қорту бездері ашылған, (бауыры) . [2] қарны екі бөліктен тұрады: өңешпен байланысты кардиалды және ішекпен байланысты пилорикалық. Екеуінің ортасында қарын түбі орналасқан. Құстарда қарын екі бөліктен, бұлшық етті және сөлді қарыннан тұрады. Сөлді қарында ас қорыту сөлін шығаратын бездер жақсы жетілген. Сүтқоректілердің қарны жақсы жетілген. Қарапайым бір камералы қарын оларда 4 бөліктен тұрады: өңеш бөлімі, кардиалдық, қарын түбі және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөлімнен. Қоректік затпен қоректену ерекшеліктеріне сәйкес жануарлар қарыны әртүрлі болады. Күйіс қайыратын жануарлардың қарнының өңеш бөлімі жақсы жетілген, одан арнайы 3 камера пайда болған: жалбыршақ, тақия, таз қарын, тек ұлтабар ғана нағыз безді қарын. Адамдар мен жыртқыштардың қарны бір камералы, қарын түбі, кардиалды және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөліктерінен құралған. Адам қарынның көлемі 1, 5-2, 5 л ол әйелдерге қарағанда еркектерде біраз үлкен.

Slide 7 Slide 8

Жұтқыншақ.

Жұтқыншақ (pharynx) - бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы мүше. Адамда Жұтқыншақ ас қорыту және тыныс алу процесіне қатысады. Жұту кезінде ас жентегі ауыз қуысынан аңқа арқылы Жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Ал ауа мұрын немесе ауыз қуыстарынан Жұтқыншаққа, одан көмейге кетеді. Адамда Жұтқыншақ омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында - бассүйектің астыңғы жағынан, 6 - 7 мойын омыртқалары аралығында орналасып, одан төмен өңешке жалғасады. Оның ұзындығы 12 - 14 сантиметр, ені 5 сантиметрдей. Қабырғасы шырышты, ал шырыш асты негізгі, бұлшықетті, дәнекер тінді қабықтардан түзілген. Жұтқыншақтың мұрындық, ауыздық және көмейлік бөліктері болады.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Асқорыту жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы: ауыз қуысы, қарын, тіл және өңеш
Сілекей мен қарын сөліндегі ферменттер: құрамы, физиологиялық қызметі және секрециясының реттелуі
Ауыз, жұтқыншақ, өңеш және асқазанның анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері
Жануарлардың ас қорыту жүйесінің құрылымы мен қызметі
Жұтқыншақтың анатомиясы мен топографиясы: қабырға құрылысы, бөліктері, бұлшықеттері және қызметтері
Қарын-ішек жолдарының (гастроинтестинальдық) гормондары: физиологиясы мен қызметтері
Жүйке жүйесінің құрылымы мен қызметі
Асқорыту жүйесінің құрылымы, қызметі, сөлдері және патологиясы
Ұлтабар (алды қарын) ауруларының жіктелуі және диеталық емдеу принциптері
Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz