Ешкінің сан аумағының абцессін емдеу


Slide 1

Презентация «Ешкінің сан аумағының абцессін емдеу»

Slide 2

«Ешкінің мойын аумағының абцессін емдеуге арналған ауру тарихы»

Мақсаты

Ешкінің мойын абцессін пластикалық операция арқылы емдеуді үйрену және флегмона, жарақат түрлерімен танысып, емдеу.

Міндеттері

1. Ешкінің мойын аумағына пластикалық операция жасауды меңгеру;

2. Ешкінің абцессін және флегмонасын емдеумен танысып, үйрену.

Slide 3

Жоспар

Кіріспе

1 Абсцесс

2 Пластикалық операциялар

3 Жарақат

4. Ешкі сан аумағының абцессінің ауру тарихы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 4

Тақырыптың өзектілігі. Хирургия XX ғасырда ветеринарияның жеке саласына айналды. Ветеринариялық хирургияның жетістіктері, Ұлы Отан Соғысы жылдарында жараланған жылқыларды емдеуге зор мүмкіндіктер туғызды. Осы күнгі хирургияның - оперативтік, жалпы, ортопедия және офтальмология сияқты бөлімдері дамуда. Хирургияның мағынасы гректің "Сһeur ergon" деген екі сөзінен алынған. «Қолмен әсер етейін» деп аударуға болады.

Хирургиялық операция (латынша. орега - әрекет, жұмыс, еңбек) - малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу. Операция мақсаты, оны жасағаннан кейін малдан алынатын өнімділікті жоғарылату.

Кіріспе

Slide 5

Абсцесс

Абсцесс (латынша abscessus ) - бітеу жара, пиогенді іріңді жарғақ арқылы шектелген қуыстың қабыну процесі. Шеге кіру, жарақаттанған жерге стафилококк, стрептококк сияқты микробтар енуі салдарынан бұлардың уытты жазылып белгілі бір органда немесе тканьде (бұлшық етте, өкпеде, мида, тері астында) балқу реакциясы өршіп, сол жерде іші іріңге толы қуыс жан жағы бітелген жара қалыптасады.

Эпизоотологиясы. Организмге абсцесс қоздырғышы іріңді микроорганизмдер және көптеген химиялық элементтердің әсерінен жараға енеді. Бітеу жара дененің әр түрлі жерінде, әр түрлі тереңдікте болуы мүмкін. Мойын аймағындағы, шаптағы, сауырдағы бітеу жаралар көбінесе еккен кезден түскен ластың, ал шоқтыққа, иыққа, жауырынға, т. б. жерлерге (терең жараларға, ісіктерге, қажалған орындарға, ойылған, соғып алған жерлерге) іріңдеткіш микробтардың түсуі салдарынан шығады.

Slide 6

Пластикалық операциялар

Ұлпаларды қалпына келтіру, үзілмеліліксіздерін және жоғалған функцияларын жүзеге асыруын пластикалық операциялар деп аталады.

Ауыстыруға қолданған материалға тәуелді ақауланған ұлпаларды төрт әдіспен орынына қалыптастыруы мүмкін: аутопластика - материалды ауру малдың өзінен алады; гомоплатика - сматериалды сол түрді, басқа малдан алады; гетеропластика - трансплантаты басқа малдың түрінен алады; аллопластика - ұлпаларды басқа, әдетте тірісіз (синтетикалық) материалмен ауыстырады.

Басқа малдан ауыстырып салған ұлпалар эжәне ағзалар, (гомо және гетеропластика) реципменттің организмде биологиялық сыйыспаушылыққа шақырады. Осы құбылыс трансплантациялық иммунитет деп аталады ол трансплантаты 8-14 ші күн некрозға келтіріп ажыратады. Қазіргінің уақыттардың мына биологиялық реакцияға қарсы және қауіпсіз құралдар табылған емес.

Slide 7

Жарақат

Жарақаттанғанда зақымданған ұлпада мынадай өзгерістер пайда болады: теңбіл-ұсақ, дөңгелек пішінде қанталау; экхимоза - шағын жайылма қанталау; сугиляция көлемді жайылма қанталау, ол көбіне ұлпаларды қоректендіріп отыратын терінің шел қабығына жайылады; гемолимфо-экстравазаттар-қан мен сөлдің борпылдақ клетчаткаға құйылып, кейін мұнда қуыстың пайда болуы; гемотомдар - пайда болған қуыста қанның жиналуы. Бұған қоса жарақаттану салдарынан мал организмінде рефлекторлы жолмен пайда болатын үлкен өзгерістердің орын алуы мүмкін.

Белгілері. Ұлпаға қан, сөл және қабыну салдарынан пайда болған жалқаяқтың құйылуының жарақаттанған орын ісініп кетеді және қабыну өнімдерінің әсер етуі салдарынан нерв ұштарының тітіркенуі себепті жарақаттанған орын ауырады.

Slide 8

Ешкі өз иесі үйде асыраған. Оның азық рационындағы қоректік заттардың (витаминдер, минералдар, белоктар т. б. ) барлығы өз нормасымен берілген. Кішкентай лақ кезінен бастап инфекциялық ауруларға және инвазиялық ауруларға қарсы профилактика жасалған.

Кілегей қабықтарын зерттеу. Ауыз қуысының, көздің, т. б. кілегей қабықтары ақшыл қызғылт түсті, ылғалдылығы төмендеу.

Қаңқа сүйектерін зерттеу. Қаңқа сүйектері - қалыпты, ешбір өзгеріссіз, сыну, мүжілу, т. б. белгілері байқалмайды.

Жүрек-қан тамыр жүйесін зерттеу. Жүректі клиникада зерттегенде ауруын анықтаудың негізгі тәсілдері мынадай: жүрек серпінін сипап білу, жүрек соғуын қағып және тыңдап білу.

Жүйке жүйесін зерттеу. Ешкінің алдыңғы аяқтарының қызметтері өзгерген. Ине тығып көргенде рефлексті жауап береді. Ауырсыну сезімдері байқалады.

Көз, құлақ, т. б. ағзалардың рефлексін зерттейміз.

Тыныс алу жүйесін зерттеу. Ешкіде қаққан кезде дыбыс естілетін участоктың артқы шекарасы мықынның 11-ші жамбас төмпешегінің 10-шы, иық буынының 8-ші қабырға аралығынан өтіп, анықталады.

Ешкіні операцияға дайындаймыз. Операциялық стол дайындап, фиксациялаймыз. Қолды жуып, арнайы қолғап киеміз. Мойын айналасындағы жүнін қырып, механикалық антисептика жасап, 5% йодпен өңдейміз. 0, 5% новокаинді айналасына егіп, 10 минут күтеміз. Содан кейін барып, жараны үстінен кесіп, ішіндегі іріңді сыртқа шығарамыз.

Жару әдісімен емдеу - терінің тілетін жеріп операцияға дайындап, өткір скальпельмен жару. Іріңді ағазып шығарып, іріңдіктің қуысын жуып-шаю үшін 3 пайыздық сутегі асқын тотығын, этакридин лактат 1:500, 2-3 пайыздық хлорамин немесе перманганат калийдің 0, 5-10 пайыздық ерітінділерін, антисептикалық ұнтақтарды (стрептоцид, трицилин, йодоформ) қолдандық.

Бітеу жараны бастапқы инфильтрат кезінде консервативті ем қолданылады: антибиотиктерді жергілікті және жалпы пайдалану, физиотерапия емі. Операция - аурудың іріңдеген кезеңінде жасалынады. Толық экссудаттан құтылғаннан кейін антисептикалық ерітінділермен жуып шаямыз, жараның тігеміз.

Ешкі сан аумағының абцессінің ауру тарихы

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Қойлардың жұқпалы ауруларын (брадзот, жұқпалы энтеротоксемиясы) дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
АРАХНОИДИТ БЕЛГІЛЕРІ
Шірікбақайды балау және күресу шаралары
Шығыс Қазақстан облысы туралы
Ешкі сүті
Бақайқұрт этиологиясы
Аяқ-киімге арналған былғары
Иттің мойын аумағының флегмонасын емдеу
Ешкі малына сипаттама
Хиругиялық ауруларды емдеуде ұлпа дәрмектерін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz