Иттің мойын аумағының флегмонасын емдеу


Slide 1

«Иттің мойын аумағының флегмонасын емдеу»

Презентация

Slide 2

«Қойдың мойын аумағының флегмонасын емдеуге арналған ауру тарихы»

Мақсаты

Міндеттері

Иттің мойын аумағындағы флегмонасын пластикалық операция арқылы емдеуді үйрену және флегмона, жарақат түрлерімен танысып, емдеу.

1. Иттің мойын аумағына пластикалық операция жасауды меңгеру;

2. Иттің флегмонасының клиникалық белгілерімен, емдеумен танысып, үйрену.

Slide 3

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1 Флегмона

1. 2 Флегмонаның клиникалық белгілері

1. 3 Флегмонаны емдеу шаралары1

1. 4 Флегмонаның алдын алу шаралары

Техникалық қауіпсіздік

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 4

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Хирургия XX ғасырда ветеринарияның жеке саласына айналды. Ветеринариялық хирургияның жетістіктері, Ұлы Отан Соғысы жылдарында жараланған жылқыларды емдеуге зор мүмкіндіктер туғызды. Осы күнгі хирургияның - оперативтік, жалпы, ортопедия және офтальмология сияқты бөлімдері дамуда. Хирургияның мағынасы гректің "Сһeur ergon" деген екі сөзінен алынған. «Қолмен әсер етейін» деп аударуға болады.

Хирургиялық операция (латынша. орега - әрекет, жұмыс, еңбек) - малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу. Операция мақсаты, оны жасағаннан кейін малдан алынатын өнімділікті жоғарылату.

Slide 5

Флегмона

Флегмона (грекше flegmone - қызу, қабыну) - борпылдақ дәнекер тканінің жайылма қабынуы. Шелде фасция астында, бұлшықет аралығында, буын айналасында, тік ішек (парапроктит), бүйрек (паранефрит), вена (пара плевит) айналасында, тұяқ жұлығында кездесетін қасірет. Флегмонаны қазақша әдебиеттерде «Дүңку» деп атайды. Малдың көбесі, жіліншігі, алдыңғы аяқтары жиі, ал құрсақ қабырғасы, мойны т. б. мүшелері сирек дүңкиді. Дүңку де негізінен бітеу жара сияқты пайда олады. Бітеу жара, шиқан (карбункул), тағы басқа іріңді процестер асқынса дүңкуге айналады. Дүңкудің тез жазылатын және асқынатын екі түрі болады. Сондай-ақ дүңкуді біту, іріңді газды деп үшке бөледі. Олар белгілі жүйемен бірінен екіншісіне ауысып отырады. Бұлардың ішіндегі ең қауіптісі - іріңді дүңку мен газді дүңку. Мұның өршуі де бірнеше сатыдан өтеді.

Slide 6

Флегмонаның клиникалық белгілері

Ең алдымен қамыр тәрізді, өте қатты, ауырып шыдатпайтын, ыстық ісік пайда болады. Терісі қызарып кетеді. Одан әрі іскен жер бұрынғыдан да қайтып, қатты ауыра түседі. Мал қалжырап жем - шөпті жайпайды, денесінің қызуы едәуір көтеріледі. Аурудың төртінші, алтыншы күндері іскен жер жұмсарып, тез арада тесіле бастайды. Тесілген жерден өлі тканді іріген ірің аға бастайды. Малдың түлігіне және дүңкудің шығуына қарай оларды бір - бірінен аздап айырмашылықтары бар. Мысалы, бітеу жара өте тереңнен шықса ол ет өсіп баяу өршиді. Тканьдер зақымданған бұлшық еттер сияқтанып ісінеді, көлемді іріңді ісік және қалташықтар пайда болады. Төдесі дүңкуде тұяқтың асты күпиіп ісіп кетеді, ал ұма маңайы дүңкігенде ісік енге құрсақ қуысына және санға қарай жайылады. Жылқы мен итке қарағанда, дүңку ірі қарада әдетте баяу өршиді және көптеген ткандер жансызданып қалады.

Slide 7

Флегмонаны емдеу шаралары

Аурудың бастапқы инфильтрат кезінде флюктуация жоқта күшті әсер ететін антибиотиктер физиотерапевтік шаралары, протеолиттік ферменттер (бұлшықет) қолданып, зақымданған мүшеге иммобилзация жасалады. Ал инфильтрат іріңдеп флюктуация белгілеріне, хиуругиялық ем қолданылады. Жалпы жансыздандыру арқылы флегмонаның үсті тілініп ашылады да, ірінді шығарып, жара қуысына түтік қалдырылады.

Кесу сызығы ірің қуысының ең төменгі шетінен өткені жөн, қолданылатын амал - жергілікті емдеу және жалпы емдеу жергілікгі емдеу кезінде шиқан төңірегіндегі теріні 70 пайыз спиртпен сүртеді, 2 пайыз салицил спиртімен немесе 1-3 пайыз спиртгелген көк метилен ерітіндісімен, немесе спирттелген бриллиант жасыл сұйығымен тәптіштей жуылады.

Slide 8

Флегмонаның алдын алу шаралары

Аурудан сақтандыру үшін ісіктің жұмсарып тесілуін күтпеу керек. Дүңкудің реті келсе ертерек тесу керек. Ол үшін дүңкіген жерді бір рет немесе ара қашықтығын бір - бірінен 5 сантиметр етіп бірнеше рет тілінеді, әсіресе бұлшық ет аралығындағы және шандыр астындағы дүңку кезеңде барлық қалташықтарды, қауыстарды және ісіктерді кесіп алып тастайды.

Бітеу жара дененің әртүрлі жерінде, әртүрлі терендікте болуы мүмкін. Мойын маңындағы, шаптағы, сауырдағы бітеу жаралар көбінесе еккен кезде түскен ластың, ал шоқтыққа, иыққа, жауырынға, тағы басқа жерлерге (терең жараларға, ісіктерге, қажалған орындарға, ойылған, соғып алынған жерлерге) іріндеткіш микробтардың түсуі салдарынан шығады.

Slide 9

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Ешкінің сан аумағының абцессін емдеу
Қол ұшы флегмоналары
Хиругиялық ауруларды емдеуде ұлпа дәрмектерін қолдану
ЦЕНУРОЗ бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен және олардың қызметінің бұзылуымен сипатталатын жануарлардың ауруы
Иттердің анатомиясы мен физиологиясы
Алдыңғы және артқы аяқ жүйкелерінің салдануы
Тері лейшманиозының қоздырғышы
Лейшманиоз қоздырушысы
Адам лейшманиозы
КҮТІМ ЗАТТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz