Малдың миозитін емдеу


Slide 1

Презентация «Малдың миозитін емдеу»

Slide 2

Мақсаты

Малдың миозитінің емдеу тарихымен танысып, операция жолымен емдеуді үйрену.

Міндеттері

1. Иық бұлшық еттерінің жарақаттанудан қабынуы

2. Балтыр етінің, қасық тарамыс және бақайдың үстіңгі бүккіш еті сіңірінің жыртылуы

3. Асық жілік және шыбық сүйек бұлшық еттерінің жыртылуы

Slide 3

Жоспар

Кіріспе

1 Негізгі бөлім

1. 1 Миозит

1. 2 Иық бұлшық еттерінің жарақаттанудан қабынуы

1. 3 Балтыр етінің, қасық тарамыс және бақайдың үстіңгі бүккіш еті сіңірінің жыртылуы

1. 4 Асық жілік және шыбық сүйек бұлшық еттерінің жыртылуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 4

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Хирургиялық клиникада жұмысқа кіріспес бұрын, студент тек қана қатыспай, өзі кірісіп, тәжірибеге арналған малдарды қабылдап, оларға оқулық хирургиялық операцияларды дербес орындайды. Кейіннен клиникада оқуды өту бағытында сол малдар оның пациенттері болады.

Оперативтік хирургияда операциялардың сәтті орындалуы оның атқарылу техникасының дұрыс қалыптастырылуына байланысты болатынын сөзсіз екеніне құбылыс деп есептеуге болмайды, керісінше ол организмнің барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты оперативтік хирургияны толық зерттеу үшін, студенттерге анатомия, физиология, дерттік физиология, фармакология және басқа да пәндерден толық білім алу қажеттілігі зор.

Slide 5

Миозит

Миозиттер төменгі түрлерге бөлінеді іріңді, паренхиматозды, фиброзды, сүйектелген және интерстициалды. Іріңді миозит жиі кездеседі. Оның белгілерін малдан жалпы жағдайы тұжырыңқы, жем-шөпке тәбеті төмендейді, қан тамыры соғуы, тынысы жиілейді, ауру ошақталған жері ісінеді, қызуы болады, ауырсынады, басып кергенде былқылдайды, бұл жерде абсцесс дамиды. Анықтау ретінде инемен пункция жасаңдар, іріңнің бар-жоғын анықтау керек.

Басқа миозиттердің белгілері: паренхиматозды миозитте - бұлшық ет тығыздалып қатты болады, мал тәнтіректеп жүре алмайды, зәрі /несебі/ қызыл түсті болады; фибриозды миозитте бұлшық ет бұлтиып қатайып тұрады, ауырсынуы, қызуы болмайды.

Slide 6

Иық бұлшық еттерінің жарақаттанудан қабынуы

Аурудың пайда болуына өзін-өзі бір жерін ұрып алу, жығылу, зорығу т. б. себеп болады.

Белгілері. Жарақаттанған жердің бұлшық еті ауырып, тығыздалып іседі, сол жердің қызуы көтеріледі, ауырған аяғынан ақсайды, кейде бұлшық еті дірілдеп, тартылып жиырылғаны байқалады.

Болжау. Көптеген жағдайда мал аурудан айығады.

Емі. Аурудың бастапқы кезінде малға тыныштық беру керек салқындатқыш қоспа (хлорлы аммоний - 50 г, калий нитраты - 30 г, натрий сульфаты - 80 г, тазартылған су-150 мл) қолданылады. 3-4-ші күні жылумен емдейді, сылайды, онша тітіркендіре қоймайтын және ісік тартатын сүртпе майды, сұйық майды (линимент) сіңдіре жағады. Ауру асқынған жағдайда (гематома, абсцесс) мал хирургияның жалпы ережелері бойынша емделеді

Slide 7

Балтыр етінің, қасық тарамыс және бақайдың үстіңгі бүккіш еті сіңірінің жыртылуы

Барлық малда да кездеседі, бірақ көбінесе ірі қарада болады. Бір аяғының немесе екі аяғының ет сіңірлерінің бірдей үзілуі мүмкін. Еттің және сіңірдің жыртылуы мал бүгілген аяғымен жығылғанда, тайғанда, бәйгеде кедергіден өткенде, аяғын бір жерге қысып алғанда және ірі қарада шағылысу кезінде аяқ еттерінің аса қатты тартылуынан болады.

Белгілері. Бұлшық ет жыртылған кезде ойық пайда болады және тканьдері іседі, аяғы тілерсек буынынан едәуір бүгіліп тұрады, қасық тарамыс және үстіңгі жатқан бақай бүккіш ет сіңірлері босаңқы түрінде болады. Жүргенде зақымданған аяғына қатты ақсайды.

Slide 8

Асық жілік және шыбық сүйек бұлшық еттерінің жыртылуы

Мал тепкенде, қарғығанда, кедергіден өткенде, тағалау кезінде абыржығанда, артқы аяқтары созыла жығылғанда тілерсек буынының аса қатты созылуы салдарынан пайда болады.

Белгілері. Тілерсек буыны қатты жазылып, буын, мен сирақ бір бойда болады, аяғын бос ұстайды, артқа қарай кедергісіз тартылады, тілерсек сіңір бос келіп қабатталып тұрады. Жүргенде көтеріліп тұрған аяғына ақсайды, тілерсегі бүгілмейді, тұяғының ұшы жерге тиіп аяғы сүйретіледі, ет жыртылған жерде көбіне ісік болмайды.

Болжау. Көбіне айығады.

Емі. Малға ұзақ уақыт тыныштық беру керек, кейіннен ылғалды - жылы етіп орап, жарық сәулесімен емдейді. Емдеу мерзімі 5-7 апта

Slide 9

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Акушерлік аурулар
Бедеуліктен келетін экономикалық шығынды анықтау
Малды ұрықтандыру
Иттің мойын аумағының флегмонасын емдеу
Сыртқы жыныс мүшелерінің аурулары
Аналық ұрық безінің аурулары
Персистентті сары дене
Күйістілердің ценурозы мен эхинококкозы
Серозды желінсау
Жалпы індеттану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz