Қазақстандағы Сүтқоректілердің сүтқоректілер дене мөлшері класы




Презентация қосу
Қазақстандағы
Сүтқоректілердің сүтқоректілер
дене мөлшері класы
мен пішіні алуан түрлі, ол
көбінесе тіршілік әрекеті мен мекендейтін орта
жағдайларына байланысты болады. Бұлар — негізінен
құрлықта тіршілік ететін төрт аяқты жануарлар. Рас, суда,
топырақтан ін қазып, ұшып жүріп тіршілік ететін де
түрлері бар,алдағы сабақтарда танысасыңдар.
Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы күнделікті тұрмыста
өздерің білетін мысықты мысалға алып қарастырылады.
Асыранды -мысықтың арғы тегі ливиялық мысық болып
саналады, оны Африка . тұрғындары бұдан 5 мың жыл
бұрын қолға үйретсе керек. Қолға үйретілген басқа
жануарларға қарағанда мысық арғы тегінен онша өзгере
қоймаған, сондықтан мысықтың қолтұқымдары
айтарлықтай көп емес. Мысықтың денесінен, басқа
сүтқоректілерден де байқалатын, бас, мойын, тұлға,
құйрық (кейбір сүтқоректілерде құйрық жойылған),
алдыңғы және артқы аяқтарды айқын ажыратуға
болады . Сүтқоректілердің аяқтары қосмекенділер мен
жорғалаушылардың аяқ бөліктері тәрізді болғанымен
тұлғасынан екі жаққа қарай тарбимай, тұлғаны тік
көтеріп тұрады (құрлықта бауырын жерге тигізбей төрт
аяғымен еркін қозғалып жүреді).
Мысықтың басына назар аударсақ: бұған дейін оқып
өткен омыртқалы жануарлардан кездеспеген екі құлақ
қалқаны көрінеді. Бұл — сүтқоректілерге тән ерекшелік.
Қарашығы жарық сәулесінің күшіне қарай өзгеріп
тұратын бадырайған үлкен көз, қабағы мен үстіңгі
ерніндегі ұзын қылшық, ешқандай түгі жоқ тақыр
мұрыннан екі танау тесіктері бірден көзге түседі.
Ұлттық парк аумағында омыртқасыз
жануарлардың 11 отрядынан 120 түрі
анықталды. Сүт қоректілерден 59 түрі, оның
ішінде 10 түрі Қазақстанның Қызыл
Кітабына енгізілген бауырымен
жорғалаушылардың 12 түрі мен
қосмекенділердің 2 түрі, олардың үш түрі
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Құстардың 300 түрі кездеседі оның 28 түрі
сирек және жойылып бара жатқан түрге
жатады.
Парктің аумағында 102 тұқымдас пен
539 туыстан тұратын 1635 түрлі жоғары
сатыдағы өсімдіктері кездеседі. Оның 67
түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына кірген
қыналардың 25 түрі, саңырауқұлақтардың 3
түрі анықталып отыр.
Сүтқоректілер Жер бетінде бұдан
200 млн. жыл бұрын пайда болған.
Сүтқоректілердің арғы тегі пермде
тіршілік еткен аңтісті қарапайым
ұсақ бауырымен жорғалаушылар
(Therіodontіa). Алғашқы
Сүтқоректілердің қалдықтары
жоғарғы триас жыныстарынан
табылған. Олар бор кезеңінің аяқ
шенінде жойылып кеткен.
Көпбұдыртістілер (Multіtuberculata)
мен біртесіктілер осы кезде тіршілік
еткен. Юра кезеңінде пантотерийлер
пайда болып, бұлардан нағыз аңдар
(Therіa) шыққан, олар қалталылар
мен ұрықжолдасты жануарлардың
негізі болды.
Асқорыту жүйесі.
Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі
күрделілене түсіп, етті еріндер
пайда болған. Езуден шықшытқа
дейінгі жақсүйекті иекпен
жалғастырып, тұтастыратын
бұлшықет дат деп аталады.
Үстіңгі және астыңғы
жақсүйектердің ұяшықтарында
тістер орналасқан. Олар
құрылысына, атқаратын
қызметіне сәйкес күрек, сойдақ,
кіші және үлкен азу тістер деп
бөлінеді. Алдымен сүт тістері
өсіп, кейін түсіп, орнына тұрақты
тістер шығады. Ауыз қуысына 3-4 Қантарату жүйесі.Қантарату
жұп сілекей бездерінің өзектері жүйесі - құстарға ұқсас, жүрегі
ашылады. Ауыз қуысы - толық төрт қуысты. Артерия
жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы
қаны мен вена қаны
қарынмен жалғасады.
араласпайды.
Қарындағы көптеген ұсақ бездер
Сүтқоректілердің құстардан
қарын сөлін бөледі. Күйіс
айырмашылығы - сол жақ
қайыратын жануарлардың
қарыншадан басталатын қолқа
(әсіресе сиырда) қарны көп
тамыры сол жақ қолқа доғасын
қуысты. Оны үлкен қарын (таз
құрайды. Құстарда оң жақ
қарын), жұмыршақ (тақия қарын),
қолқа доғасы болады. Қан
қатпаршақ (қырық қатпар) және
денеге газ бен қоректік
ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі.
заттарды тасымалдайды.
Зәршығару жүйесі.Екі бүйрек, 2 несепағар түтігі, сыңар қуық және
зәршығару өзегінен зәршығару жүйесі түзіледі.
Жүйке жүйесі.Жүйке жүйесі - күрделі құрылыста. Әсіресе мидың көлемі үлкен.
Алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Ми сыңарларының сыртындағы
көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сүтқоректілердің
күрделі қозғалыс әрекетіне байланысты мишығы да жақсы жетілген. Мишықтың
сыртында сайшалар, иірімдер көп.
Сезім мүшелері.Сүтқоректілердің иіс сезуі өте жақсы дамыған. Олар иіс сезуі
арқылы қорегін іздеп табады, жауынан қорғанады, жұп құрады. Тек суда тіршілік
ететін киттерде иіс сезуі өте нашар дамыған. Көпшілік сүтқоректілерде есту мүшесі
жақсы жетілген. Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны пайда
болған. Дыбыс толқындарын сол арқылы қабылдайды. Тек суда, жер астында
тіршілік ететін сүтқоректілерде құлақ қалқаны болмайды. Сыртқы және ортаңғы
құлақ арасы дабыл жарғағымен бөлінген. Сүтқоректілердің ортаңғы құлақ қуысында
балва, төс, үзеңгі сүйектері болады. Қосмекенділерде, жорғалаушыларда және
құстарда бір ғана үзеңгі сүйегі болатынын еске түсіріңдер. Жарқанаттар, түлендер,
дельфиндер өздерінен шығарған өте әлсіз дыбыс жаңғырықтарын қайта қабылдай
алады.
Көбею мүшелері.Сүтқоректілер - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады.
Ұрық аналық жыныс мүшесі - жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында
ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық молдасы» (плацента) пайда
болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды.
Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды.
Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне
байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үйқоянның буаз болу мерзімі бір ай.
Жабайы қоян - 45-51 күн, бұғылар - 8-9 ай, жылқы - 10 ай, түйе 12-13 айда төлдейді.
Халық ұғымында «12 түйе, 10 жылқы, 9 сиыр, 5 ешкі, 1,5 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң,
бұл күлкі!» деген жұмбақта әрбір жануардың буаз болу мерзімі нақты айтылған.
Денесінің құрылысы.Олардың тұрқы 4 см, салмағы 1,2
грамдық, сондай-ақ тұрқы 33 м, салмағы 150 тонна
тартатындары да бар. Денесі түкпен қапталған, алдыңғы
ми сыңарларының сыртында ми қыртысы жақсы дамыған.
Тері жабыны.Сүтқоректілердің тері жабыны басқа
омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май,
тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Түк, мүйізді
тырнақ, мүйіз және тұяқтар - терінің қосалқы бөлімдеріне
жатады.
Қаңқасы.Қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасымен
кеуде қуысы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтардан және
жамбас белдеуі мен артқы аяқтардан тұрады.
Сүтқоректілердің мойын омыртқасы - 7. Бассүйекке
астыңғы жақсүйек қозғалмалы (буын арқылы)
байланысқан. Бассүйектегі басқа сүйектер бірімен-бірі
жіктесіп, тұтасып кеткен.
Бұлшықеттері.Сүтқоректілердің бұлшықеттері жақсы
дамыған. Әсіресе алдыңғы, артқы аяқтарындағы
бұлшықеттер түрлі бағытта орналасқан. Бассүйектегі
шайнау бұлшықеттерінің бәрі астыңғы жақсүйекпен
байланысады. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ
қуыстарын бөліп тұратын көкет (диафрагма) пайда болған.
Көкет тыныс¬тық қозғалыстарға (тынысалу,
тынысшығару) қатысады.
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы.
Экологиялық топтары.
Сүтқоректілер басқа жануарлармен салыстырғанда түрлі табиғи орта жағдайларын жақсы бейімделген. Жер шарында
кеңінен таралған. Олар құрлықта, ауада, ағаш басында, жер астында, түрлі су айдындарында тіршілік етеді. Әр түрлі
орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:
Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген
түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде
саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді, Тұяқты сүтқоректілер: құлан, жолат, ақбөкен, қарақұйрық, арқарлар да
құрлық аңдары. Бұта мен ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұлғындарды кездестіруге болады.
Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер - көртышқандар, соқыр-тышқандар, қалталы көртышқандар жатады.
Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді. Алдыңғы аяқтары мен күрек тістері жақсы жетілген.
Топырақ арасындағы жәндіктермен қоректенеді.
Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар,
ондатрлар, кәмшаттар, түлендер, киттер жатады. Түлендер көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа (су бетіндегі қатқан
мұзға) шығады. Қалған уақытта суда тіршілік етеді. Киттердің барлық тіршілігі су ішінде өтеді.

Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар (жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында, денесінің екі
қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.
Сүтқоректілер Жер шарында кең тараған. Сүтқоректілерге гоминидтер де жатады.
Қазіргі кезде сүтқоректілер класы 2 класс тармағынан: құрамында жұмыртқа
салушылар отряды бар алғашқы аңдар класс тармағынан және құрамында
қалталы жануарлар мен ұрықжолдастылар инфракласы бар нағыз аңдар класс
тармағынан тұрады. Сүтқоректілердің 4,5 мыңнан астам түрі белгілі. Жылы
қандылығы, ұрпағына қамқорлық жасауы, жоғарғы жүйке жүйесінің болуы
сүтқоректілерге жер шарының Солтүстік полюсінен бастап, Антарктида
жағалауларына дейінгі барлық жерді мекендеуге мүмкіндік берді. Қазақстанда
сүтқоректілердің 8 отряды (жәндік жегіштер, қолқанаттылар, кеміргіштер,
қоянтәрізділер, жыртқыштар, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар және ескекаяқтылар),
31 тұқымдасы және 180-нен астам түрі кездеседі. Әсіресе, қосаяқ,
аламантәрізділер, қуысмүйізділер, жертесерлер, т.б. тұқымдастарының түрлері өте
көп. Жеке жүріп (кірпі, жертесер, сусар, аю, т.б.), топталып (шақылдақ, сарышұнақ,
суыр), табын, үйір болып (арқар, таутеке, ақ бөкен) тіршілік етеді. Сүтқоректілердің
кейбіреулері (суыр, үлкен құмтышқан, т.б.) қорегін күндіз, басқа түрлері (тоқалтіс,
кейбір жыртқыштар, т.б.) іңірде не түнде, ал үшінші біреулері күндіз-түні аулайды.
Аю, жанат, жанаттәрізді ит, борсық, т.б. қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Көптеген
сүтқоректілер (қарақұйрық, ақ бөкен, түлкі, қасқыр, қолқанаттылар, т.б.) маусым
сайын қоныс аударып отырады. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 1 рет, кейбір
түрлері (кемірушілер, жәндікқоректілер, т.б.) 2 – 3 рет балалайды. Буаздық мерзімі
де әр түрлі, мысалы, тышқантәрізділерде – 12 күн, борсық пен жылқыда – бір
жылдай. Кейбіреулері 1 айда (сары тоқалтіс), ал кейбіреулері (құлан, марал, бұлан)
жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Тіршілік ету ұзақтығы 14 – 18 айдан
(тоқалтіс) 20 – 30 жылға (бұлан, марал, жылқы) дейін созылады.
Шаруашылықтағы маңызы
Сүтқоректілердің шаруашылық маңызы зор. Жабайы
аңдардан мамық тері, былғары, ет, май, панта (дәрілік
мүйіз), мускус, т.б. өнімдер алынады. Бұлардың
бірқатар түрлері (суыр, тиін, ондатр, түлкі, бөкен, т.б.)
кәсіптік және әуесқойлық мақсатта ауланады. Кейбір
сүтқоректілер (кемірушілер, жыртқыштар) адам мен
мал арасына түрлі аурулар (оба, аусыл, құтыру,
туляремия, сарып) таратады. Тышқан, тоқалтіс,
егеуқұйрық, т.б. – аңдар және орман ш-тарының
зиянкестері. Республикадағы аса бай сүтқоректілердің
фаунасы мал шаруашылығының аса бағалы
генофондысына айналды. Биязы жүнді қой мен
арқарды будандастыру нәтижесінде жаңа қой тұқымы
– қазақтың арқар-мериносы, үй шошқасын жабайы
шошқамен будандастыру арқылы – жетісу шошқасы
шығарылды.
Әлемдегі ең ірі
жануарлар
ЖОЛБАРЫС
КЕРІК

Ұқсас жұмыстар
Сүтқоректілер классы
Сүтқоректілердің бүршік
Тақтұяқтылар отрядының ерекшеліктері
Омыртқалы жануарларға сипаттама
Қой шаруашылығы мал шаруашылығының басты саласы
Сүтқоректілерге экологиялық шолу және тіршілік циклдері
Төрт түлік
Макроэвалюция,жолдары:конвергенция,параллелизм.Бұл процестердің биологиялық маңызы
Зертханалық жануарлар
Сүткоректілердің клеткалармен жұмыс істеу
Пәндер