Қазақ халқының дәстүрі
Презентация қосу
2. Қырқынан
шығару
1. Шілдехана 3. Тұсау кесу
8. Атқа міңгізу Қазақ халқының 4. Шашу
дәстүрлері.
5. Бесік тойы
7. Балаға ат
қою 6. Қыз ұзату
ШІЛДЕХАНА
Қазақ халқында дүние есігін жаңадан ашқан
сәбиге қырық күн толғанда «Қырқынан
шығару» деген салт жасалады.
Халықтың ертеден келе жатқан түйсігінде
дүниеге келген сәби 40 күннің ішінде
айналадағы ортаға бейімделіп, жүйке жүйесі
қалыптасады. Адамдардың дауысына,
айналада болып жатқан құбылыстарға деген
сезімталдығы оянады.
Ол уақытта сәбиге ерекше күтім (емізу,
шомылдыру, ұйықтату) мен тыныштық
қажет.
Сәби дүниеге келген сәтте-ақ құрбандыққа
қой сойылып, көпшілікке тамақ беріледі.
Сонымен қатар, азан шақырылып ат
қойылады. Балаға ат қою – ата-анасының
міндеті. Қазақ халқы жаңадан туылған
сәбиге 3 күннің ішінде ат қойған.
Қырқынан шығару
Қырқынан шығару (салт). «Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз
сері шақырылып, одан балаға ат қойып, бата беруді өтінеді»
(Н.Әбдуалиев). Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз,
қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы “Жеті жар ғы”,
”Жеті қазына”, “Бір тоғыз”, “Үш тоғыз”, “Қырықтың бірі-қыдыр”,
деген қағидалар бар огсы сандық ұғымынан пайда болған. Соның
бірі- баланы “қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетті баланың туғанына
қырық күн толган соң оны ыдыска қырық бір қасық су құйып
шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер
қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын
шашы алынып оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап қойады.
Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби
кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.
Тұсау кесу
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен
жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала
жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап,
оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға
баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап
жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін
береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы
немесе пышақ. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары,
сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай
болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де
жасайды. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер
шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт
, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан
кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, күрестіріп, озғандарына бәйге
береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда
әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-
ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды .
Шашу дәстүрі
Шашу – қуаныш айғағы
ретінде жасалатын өте сұлу
да салтанатты дәстүр. Келін
түскенде, жақсылық
күндерде, алыс сапардан
жолаушы келгенде, құда
келгенде тағы басқа зор
қуанышты күндерде әйелдер
құрт, кәмпиттен, күміс
теңгеден шашу шашады.
Шашылған шашудан тойға
қатысушылар теріп алып,
ырым қылып балаларына
апарып береді. Шашуды
әйелдер ғана шашады.
Туған-туыстары жиылып, нәрестені
бесікке салу дәстүрін өткізеді. «Бесік
алып бару» – қазақтың бір жерге келін
болып түскен қызы тұңғышын
Бесік той
босанғанда орындалатын дәстүрі.
Бесіктің жасауын қыздың анасы
даярлайды. Оған қоса киетін, зергерлік
бұйымдармен дастарқанға қойылатын
тәттілерін салып алып барады. Алып
барған китінің ішіне тоғыз түрлі заттар
салады. Тоғызға бағалы киімнен
бастап, ұсақ заттар да кіреді.
Қыз Ұзату Қыз ұзату кәделері - қазақ
халқының рәсімдік және
ғұрыптық жоралғыларының
бірі.
Қызды алып қайту үшін жеті
не одан да көп адам келуі
мүмкін, бірақ жалпы саны
тақ болуы міндет. Құда-
құдағилар алдымен келеді
де, күйеу мен күйеу
жолдасты қыздың
жеңгесінің өзі барып ертіп
келеді. Күйеу мен күйеу
жолдас ауылға жаяу келеді
және үлкен үйді баса-көктеп
өтуіне рұқсат жоқ.
Балаға ат қою
Азан шақырып ат қою (Азан шақырып, қазанның
құлағын қағып aт қою) - мұсылмандықты қатаң
ұстанатын ортада нәрестеге ат қоюды рәсімдейтін
ғұрыптың ерекше түрі. Ата-ананың біреуі (көбінесе
әкесі) баланы басын құбылаға қаратып, қолын ұстайды.
Ат қоятын молда намазын өтеп, Азан шақырып, баланың
оң құлағына ата-анасы таңдап қойған есімді айтады.
Нәрестені қолына ұстап тұрып ұл баланың оң, қыз
баланың сол құлағына «мұның аты - .., сенің атың - ...»
деп үш мәрте айқайлап айтады да, келесі құлағына
Құраннан сүрелер оқиды. Бұл рәсім үш рет қайталанады.
Рәсім аяқталарда дұға оқылады, қатысқан туысқандары
балаға, оның ата-анасына тілектер айтып, үлкендер бата
береді. Мұндай ескі салт бойынша, ат қою рәсіміне
жиналғандардың ішінен біреуі қазанның құлағын
даңғырлата қағып, балата қойылған атты үш қайтара
қайталап, жұртқа жария етеді.
Атқа міңгізу
Ашамайға мінгізу - қазақы ортада жастық- жыныстық жіктелуді
айғақтайтын этностың тіршілік қикліне қатысты ғұрыптардың бірі. Қазақ салтында
сэбилер балалық шақтың бірінші сатысына жеткен кезде ер бала мен қыз бала ретінде
алғаш рет жыныстық жағынан жіктеледі: қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері
өткізіліп, қызша киіндіріледі. Сондай-ақ, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар
қойған, соның ішінде алғаш рет жеке атқа мінгізу рәсімін өткізген. Бұл рәсімде
откізілетін шараны Ашамайға мінгізу немесе «Ашамай тойы» деп атаған. Бұл бала үшін
де, ата-ана туысқандары үшін де ерекше оқиға, үлкен қуанышқа саналатындықтан
ауқаттылар той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқызған.
Жас бала есі кіріп 4-5 жасқа келгенде оған бәсіре тай тарту етіледі. Егер балаға арналған
бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Салтанатты түрде
үйретілген бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Кейде бәсіре тай белгілі бір себептерге
байланысты мінуге жарамаса, баланың өзімен шамалас жуас, жүрісі жайлы, әрі сыр-
сымбаты жарасқан кұнан не донен ат таңдалады. Баланың ашамайға мінгізілуі оның
өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғандығын білдіреді. Баланың рәсіміне ауыл
адамдары жиналып, бала мінген аттың жал-құйрығына, баланың шапанына және
баскиіміне шоқтап үкі тағады. Бұл «үкінің қасиеті - жын-шайтаннан қағады» дегенді
білдіреді. Капаны атқа мінгізу құрметі шабандоз, желтақым жігіттерге жүктеледі. Баланы
атқа мінгізіп, аяғын ісикішекке сұғып, белін айналдыра жұқа көрпешемен орап,
қолтырмаш ағаштармен денесін ауыртпайтындай ғып тартып таңады.
Атқа міңгізу
дәстүрі.
Сонымен:
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт –
дәстүрлері, ырымдары өте көп. Осы кезге дейін
қазақ халқы қазақи салт-дәстүрлерімен,
ырымдарымен, той-мереке, тағы басқа да жол
– жосындарымен талай елді таң қалдырып
келеді. Ата – бабамыздың қалдырған асыл
мұрасын қадірлеп,жоғалғанды жаңғыртып,
қайта жаңарту ендігі болашақ ұрпақтың өз
қолында.
Тыңдағандарыңыз
үшін РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz