Мәдениет: түсінігі және материалдық-рухани біртұтастық


Slide 1

МӘДЕНИЕТ

Slide 2

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді.

Slide 3

Мәдениет - адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.

Slide 4

Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері - еңбек құралдары және көркем шығырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен.

Slide 5

Сонымен қатар бұл екеуі - материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда.

Slide 6

Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам - мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет - адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады.

Slide 7 Slide 8

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Архаикалық мәдениет және алғашқы қауымдық мәдениеттің генезисі: материалдық және рухани негіздері
Мәдениет тұжырымдамасының қалыптасуы және морфологиясы: материалдық-рухани мәдениет, типология және рәміздердің коммуникациялық рөлі
Мәдениет пен өркениет: материалдық-рухани тұтастық және Шығыс пен Батыс диалогы
Мәдениет морфологиясы: материалдық және рухани құрылымдар, нормалар мен білім түрлері
Рухани мен материалдық мәдениет: көшпелілердің мәдениеті, көне түркі жазуы және ҒТП
Мәдениет ұғымының жалпы түсінігі және оның түрлері
Мәдениет пен өркениет: түсінігі, тарихы және қоғамдағы рөлі
Ежелгі Қазақстандағы архаикалық мәдениет пен материалдық мәдени ескерткіштер
Мәдениеттің диахрондық және синхрондық тәсілдері: құрылым, типология және рухани-материалдық аспектілер
Саяси мәдениет: түсінігі, мәні, құрылымы және қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz