Философия зерттеу объектілері мен әдістері


Slide 1

Философия зерттеу объектілері мен әдістері

Slide 2

Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ-V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде - Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"- деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", - деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз - Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер-даңққұмар, енді біреулер - жемқор, ашкөз. Бұлардың арасында тек философтар ақиқат үшін өмір сүреді". "Философия" сөзі ежелгігрек тілінен алынған, яғни "даналықты сүю" (рһuео - сүю, sophia- даналық) деген ұғымды білдіреді. Ал "даналық" ұғымы білімге және ақиқатқа риясыз қызмет ете отырып, дүниені ерекше ақылмен тануға қол жеткізу. Бұл - дүниені тұтастай және бірлікте тануға тырысу. Философия дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанынан бастап, философия дүниені тұтастай және бірлікте ала отырып зерделеуде. Оның зерттеу объектісі - бүкіл әлем, тұтас универсуж Былайша айтқанда, "философия" дегеніміз - ойлау, жалпыламаға жету жолы. Сондықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Ол қандай нәрселер? Мен деген не, болмыс деген не? Олар қандай формада өмір сүреді? Мен ретіндегі дүние түзілім, шынайылық, қайдан пайда болған? Мәңгі өмір сүре ме? Өмір деген не? Адам өмірінің ерекшелігі неде? Дүниедегі адам кім? Оның дүниеге қатынасы қандай? Жеке ғылымдар (физика, химия, психология, социология және басқалар) сияқты философия дүниедегі түрлі заттар мен құбылыстарға тән оның жеке жақтары мен қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың жалпылама қасиеттерін, қатынастарын және байланыстарын зерттейді. Философия - дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философтар үшін оларды жекелеп қарау емес, тұрақты арақатынастарын зерттеу маңызды. "Дүние - адам" мәселесінде бөрі қамтылады және бәрі қарастырылады. Ол барлық өзге мәселелердің арқауы іспеттес. Философия үшін бірлікте алынған дүние - адаммен бірге дүние. Философиядағы "дүние" ұғымының кеңеюі адамның дүниедегі, табиғат әлеміндегі және қоғамдық өмірдегі орнын анықтаудан немесе адам мен дүние арасындағы қатынастардан көрініс табады.

Slide 3

Философиялық білмнің негізгі сипаттары.

Философияның функциялары.

Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.

Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К. Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.

Сократ: «Философия - ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету»

Геродот: «Философия - білімді, ақылдылықты сүю»

Аристотел: «Философия - ғылымдар негізі».

Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин:«Философия - ақылдылыққа құштарлық» - дейді. Аквинат: «Философия - барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім»- дейді. М. Монтень: «Философияның қайғылы, іш пыстыратын, нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір белгісі - ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі» - дейді. Т. Гоббс: «Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі» дейді. Декарт: «Философия - даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім»-дейді. Фихте: «Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты»-деген.

Slide 4

Осы анықтауларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:

Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo - сүйемін, sophia - даналық дегенді, басқаш айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді.

Философияның басы - таңдану. Сократ «Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін» дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.

Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.

Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны көркейтпейді. Кеңетік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.

Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл - байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау.

Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.

Философияның анықтамасы: Философия - бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бірі-бірімен тыгыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент - Адам, сондықтан ол философияның ең басты зерттеу объектісі. М. Әуезов: «Философия…- кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыкқа сүйрейді. Философия:

адамның қайдан жаралғанын шешпек;

адамның жанын, ішкі халін тексермек;

адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.

Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ» дейді.

Slide 5

Философияның функциялары

1) көзқарастық - философиялық көзқарас көзқарастың жоғарғы деңгей болып табылады. Көзқарас - адамның өзі, қоғам, дүние туралы өзіндік ой-пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы. Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді, акыл-ойды, сезімдерді, үміт-ұмтылыстарды наным-сенімдерді, құндылықтарды, күдік-күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады. Көзқарастың мифологиялық, діни түрлері белгілі, олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше. Бірақ философия ғана жан-жақты, ғылыми, терең, толыққанды көзқарасты қалыптастырады.

2) рациональды жүйелеу - философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып- сараптайды, дұрыс-бұрысын айырып, белгілі бір жүйеге келтіреді

3) сыни - философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді;

4) болжам жасау - философия жеке адамның да, бүкіл қоғамның да болашағын болжауға септігін тигізеді, жаңа көзқарас-идеялардың негізін салады. Әрине, болашақты түгелдей жоспарлау мүмкін емес. Бірақ философияның көмегімен адам өзінің басты мақсаты - саналы тіршілік етуші адам атына сай өмір сүру сатыларын, өмірлік мақсаттарын, қысқа өмірде қажет болатын негізгі ұстанымдарын жалпы түрде болса да анықтап алады.

5) гуманистік - философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды. Философия ғылымының көмегімен адам өзін ардақтауды, өзімен бірге өмір сүріп отырған басқа адамдарды бағалауды, өзінің бойында адамшылық қасиеттерді тәрбиелеп-дамытуды үйренеді.


Ұқсас жұмыстар
МҰҒАЛІМ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ ОБЬЕКТІСІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС
ӘДІСТЕМЕЛІК ФУНКЦИЯСЫ
САЛАЛАРМЕНБАЙЛАНЫСЫ БАЙЛАНЫСЫ
Жаңа дәуір философиясы
Философияның негізгі сауалдарын зерделеу
ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Маркетинг тік зерттеулер
Заң психологиясына кіріспе
Зерттеудің сандық әдістері
Физиологиялық зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz