Философия зерттеулері және әдістері
Презентация қосу
Философия зерттеулері
және әдістері
Философияның пайда болуы ежелгі
дүниеге қатысты. Философиялық
білімдердің бастауы біздің заманымызға
дейінгі VІ—V ғасырлардағы құл
иеленуші мемлекеттерде — Қытайда,
Үндістанда, Грекияда болғаны айқын
көрінеді. "Философия" сөзін алғаш
қолданған Грекиядан шыққан ұлы
математик, философ Пифагор болды.
Философиялық білмнің негізгі сипаттары.
Философияның функциялары.
Философияның адам және қоғам өмірінде
атқаратын рөлі.
Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау
үшін философия туралы философия тарихында
айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі,
К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау
дегеніміз философия тарихына үңілу.
Сократ: «Философия — ойлау арқылы ақиқатқа,
білімге жету»
Геродот: «Философия — білімді, ақылдылықты сүю»
Аристотел: «Философия — ғылымдар негізі».
Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин:«Философия —
ақылдылыққа құштарлық» — дейді. Аквинат: «Философия —
барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім»-
дейді. М. Монтень: «Философияның қайғылы, іш пыстыратын,
нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір белгісі —
ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан
жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі» — дейді. Т.
Гоббс: «Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің
барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын
анықтауға көмектеседі» дейді. Декарт: «Философия – даналық,
адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты
білім»-дейді. Фихте: «Ғылыми даму барысында оның шеңберінен
шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз
байланысты»-деген.
•Философия даналықпен, ақыл-оймен
байланысты. Философия терминінің өзі грек
тілінен аударғанда phileo — сүйемін, sophia —
даналық дегенді, басқаш айтсақ, даналыққа
құштарлы дегенді білдіреді.
•Философияның басы — таңдану. Сократ «Менің
білетінім — мен ештеңе білмеймін» дегендей,
таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне
тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау
жасауға ұмтылады.
•Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.
Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік
философияны көркейтпейді. Кеңетік кезеңдегі философияның мазм ұны бұл
пікіріміздің жақсы мысалы.
Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл — байыпты,
ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау.
Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі
мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өміріні ң м әні м әселесі,
табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып
саналады.
Философияның анықтамасы: Философия — бар болып отыр ғанды (сущее)
тұтас, элементтері бірі-бірімен тыгыз байланысты т үрде қарастыратын,
оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Философия:
адамның қайдан жаралғанын шешпек;
адамның жанын, ішкі халін тексермек;
адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.
Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған
шамшырақ» дейді.
Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы Философиялық ілім
ретінде. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз
байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген
әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің
көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным
процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны
құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық
ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың
негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы. Таным
теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның
мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық
түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл
бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Назар аударғаныңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz