Демография ғылымы туралы түсінік
Презентация қосу
• Демография ғылымы туралы түсінік.
Демография ғылымы нені зерттейді? Демография (грек. Demos-халы қ,
grapho- жазу) – халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми
тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде,
адамдар қауымдастықтарында адамдарды ң ұрпа қ алмасу ж әне өсу
заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді
мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп т әрбиелеу
жағдайларына, жасына, жынысына қарай б өлінуін, ж әне бас қада т үрлі
әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қо ғамды қ
ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жат қан демография –
салыстырмалы жас ғылым.
Тұрғындардың өсіп - өнуі мәселелеріне қызығушылық сонау ерте
заманнан басталса да, оларды жүргізуді ң негізгі за ңдылы қтары тек XVII
ғасырдың соңында қалыптаса бастады. Ал «демография » терминіні ң
ғылыми айналысқа 1855 жылдан бастап қана енді. Ай ға қты м әліметтер
көптеп жиналған сайын оларды жинақтау, қорыту істері де қар қынды ж үре
бастады. Біртіндеп тұрғындардың сан жағынан өсу за ңдылықтары
айқындалып, зерттеу жұмыстары тереңдей берді. Өткен ғасырды ң екінші
жартысында демографиялық зерттеулер ке ң ауқымда ж үргізіле бастады.
Қазір демографияны қоғамдық ғылымдар ішіндегі жетекші салаларды ң бірі
деп атауға болады.
• Халықтың саны және ұдайы өсуі.
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторыны ң
қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті
оны зерттеп білудің де маңызы зор.
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар
географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықты ң саны, оны ң құрамы,
таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Б ұл м әселені
демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі
географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография » пайда
болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу т ұр ғысынан, оны ң
ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман – географтар үшін халықты ң
құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу
арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте
маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халы қты ң
этникалық тобының материалдық және мәдени – рухани жақтары, әдет ғұрпы мен
еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.
• Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай
қоныстандырылғын. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың
мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау
қабілеті» бар адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі
адам тәрізді маймылдардан пайда болған. Көптеген ғалымдардың
пікірінше, адамдар белгілі бір үлкекн аумақты алатын географиялық
ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық жаңалықтарға
байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен
Орталық Африка және Оңтүстік – Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс
Еуропаны жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа
да жерлерге тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын
Еуропаның солтүстік бөлігіне, Оңтүстік – Шығыс және Солтүстік – Шығыс
Азияға таралған. Болжам бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа
Дүниеге, ал Оңтүстік – Шығыс Азияның жіңішке бұғаздары арқылы
Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ алғашқы адамдардың санын
білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл санауымызға дейінгі кезеңдегі
халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ. Ғалымдар
болжаммен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер шарында
шамамен 10 млн. адам болған дейді. Біздің заманымызға дейінгі төрт
мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы халықтың тез өсуіне әкелді.
Біртіндеп егіншілікпен шұғылдану халықтың құрлықтағы қоныстану
аймақтарының, яғни «ойкумендердің» негізгі факторы болды. Алғашқы
егіншілік ошақтары пайда болған жерлері – Ніл аңғары, Оңтүстік – Батыс
және Оңтүстік Шығыс Азия, сол кезден бастап олар халықтың шоғырланып
орналасу орталықтарына айналды.
• Біздің жыл санауымыздын бас кезінде халықтың санын анықтауға
мүмкіндік туды. Оны сол кездегі әскер құрамы, салық төлемі, т.б.
деректерге қарап білуге болады. Осы мәліиеттерге сүйене отырып, Рим
империясының, Қытай және Үндістан халқының саны анықталды. Біздің
жыл санауымыздаың басында, жер шары халқының 3/4 бөлігі осы елдерде
мекендеді. Ал халықтың жалпы саны сол кезде дүние жүзінің шамамен 230
млн. адамға жетті. Алғашқы ғасырда халық саны соғыстар мен жұқпалы
аурулардың таралуы салдларынан көп өспеді. Халықтың өсу қарқыны
көбейгенімен, XVII ғасырға дейін ол тұрақсыз болды. Осы уақытқа дейінгі
кезеңді адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы немесе аграрлық
өркениет кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы өсімі біршама
төмендігінен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші
жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция
кезеңінде дүние жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды. Халықты
санауда әр түрлі әдістер қолданылғандықтан, кейбір мәліметтерде
айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тек XX ғасырдың 40-жылдарының
соңында бастап қана мәліметтер бір-біріне сай келеді. Ол БҰҰ-ның жыл
сайынғы демографиялық жылнама мәліметіне байланысты мүмкін болып
отыр. Халықтың саны туралы айтқанда, жаңа ғасыр басында дүние жүзі
халқының жартысы келесі 7 елде тұрғандығын білгендерің жөн. Олар:
Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн), АҚШ (280 млн), Индонезия (231
млн), Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн) және Ресей (145 млн). Ал
келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127 млн), Нигерия (130 млн)
және Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр.
1.Табиғи – биологиялық фактор. Адамдардың тууы мен өлуі –
биологиялық құбылыс . Сол сияқты халықтың ұдайы өсуіне әр түрлі климат және
табиғат жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл – қайтымсыз
процесс. Көбінесе адамдар физиологиялық қартаюдан емес, негізінен, олар
аурудан немесе басқа да себептерден өледі. Аурудың таралуы әрбәр жердің
табиғи ортасына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде – безгек
ауруы, тропикада – ұйқы ауруы т.б.
• 2. Әлеуметтік – экономикалық фактор.
Бұған жататындар: халықтың
тұрмыстық хал-ахуал деңгейі,
денсаулықтау сақтау шараларының
дамуы, әйелдердің қоғңамдық жағдайы,
халықтың мәдени және білім деңгейі,
шұғылданатын кәсібі, т.б. Мәселен, жыл
сайын жер шарында 14 млн адам, оның
ішінде 6 млн сәби
• 3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші
факторлардың келесісі –
демографиялық топқа біріктіріледі.
Бұларға: халықтың жастық және
жыныстық құрамы, некелесу және
ажырасу факторлары да жатады.
• 4.Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі
факторлар тобының бірі – ол мәдени
әлеуметтік және психологиялық факторлар.
Мысалы, көп балалы болу, әдет-
ғұрыптарының сақталуы, мұндай жағдай
демографиялық дәстүр деп аталады. Діннің
әсеріне келсек, ислам, индус, католик, т.б.
діндер көбеюді қолдайды. Кейбір діндердің
тууға онша әсері жоқ, мысалы, будда,
протестант, провославие діндер
• 5. Халықтың табиғи өсіміне әсер етуші факторлар арасында ерекше
орынды соғыс пен стихиялық апаттар алады. Әсіресе соңғы екі
дүниежүзілік соғыстың зардабы аса көп. Бірінші дүниежүзілік соғыста
шамамен 10 млн—нан аса адам көз жұмса, Екінші Дүниежүзілік
соғыста 50 млн-ға жуық адам қаза тапты. Соғыстың зардабы сонымен
бірге адамдардың тұрмыс ахуалының төмендеуіне, аш-жалаңаштыққа,
түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға ұшырады.
Мысалы, некеге тұрушылар санының азаюы, халықтың жыныстық
құрамы бұзылуы, үеркектердің біраз бөлігінің соғыста шығынға
ұшырауы туудың мөлшерінің азаюына алып келді. Табиғи апаттардың
– жер сілкіну, су тасу, дауыл, құрғақшылық, температуралық
режимдердің шұғыл өзгерісі, т.б. жыл сайын мыңдаған адам өмірін
қиюда.
• Демографиялық саясат және халықтың өсуін реттеу. Жалпы демографиялы қ хал-
ахуалға кейінгі жарты ғасыр ішінде мемлекеттер тарапынан ж үргізіліп отыр ған
демографиялық саясат әсер етіп отыр. Бұл ж үйелі т үрде – халы қты ң ұдайы өсу
процесіне, әсіресе оның туу мөлшеріне әсерін тигізу ма қсатында ж үргізіледі. Ол екі
түрлі бағытта ықпал ету аясында, халықтың өсіп-өнуіне әкімшілік, экономикалы қ,
әлеуметтік, үгіт-насихат және басқа да шаралар ж үйесінде ж үргізілуде. Мысалы,
халықтың ұдайы өсуінің бірінші типінде тууды қолдауға ба ғыттал ған демографиялы қ
саясат белсенді түрде жүргізілсе, екінші типінде керісінше, оны шектеу саясаты қол ға
алынуда. Әсіресе отбасы мөлшерін жоспарлау ж өнінен,к өптеген дамушы елдерге
ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Біздің елімізде де демографиялық ахуалды тұрақтандыруға ж әне онда ғы жа ғымсыз
тенденцияларды болдыриауға боғытталған қолдау саясаты ж үргізілуде. Осы орайда
оған үкімет тарапынан ерекше көңіл б өліп, 2000 жыл ғы 17 тамызда « Қаза қстан
Республикасының мемлекеттік демографиялы қ концепциясы туралы», ал 2001 жыл ғы
30 қазанда «ҚР-ның 2001 – 2005 жылдар ға арналған демографиялы қ даму
бағдарламасы»жайлы қаулылар қабылданды. Республикамызды ң демографиялы қ
хал – ахуалын сауықтыру барысында және оны ж үзеге асыруда, «К өші – қон ж әне
демография жөніндегі агенттік» ауқымды іс-шаралар ж үргізілуде.
• Дамушы елдерде 1950-1990 жылдар арасында, халық өлімінің күрт
азаюы мен олардағы туудың дәстүрлі деңгейінің сақталуы нәтижесінде
халықтың өсімі жоғары болады. Бұл құқбылыс «демографиялық жарылыс» де
аталды. Оның нәтижесінде , мұнда тұратын жер шары халқының 2/3 бөлігі
жылына 25-30‰ шамасында өсіп, дүние жүзі халқын соңғы 40 ждылдай
уавытта екі еседен аса өсірді. Мысалы, дүние жүзі халқы 1960 жылы 3 млрд.
Шамасында болса, ал 2000 жылы оның саны 6млрд.–тан асты. Халықтың
ұдайы өсуінің екі түрлі: дамыған және дамушы елдердегі типтерінен басқа
олардың аралығында бірнеше өтпелі түрлеріде бар. Осы халықтың ұдайы
өсуінің бір типінен екінші типіне өтуін француз демографы А. Ландри
«демографиялық төңкеріс» деп атады. Сонымен бірге «демографиялық
дағдарыс» ұғымы көптеген Еуропаның дамыған елдеріне тән болып отыр. Бұл
елдерде халықтың өсуі емес, керісінше оның кемуі байқалады. Мысалға:
Германия, Чехия, Венгрия, Скандинавия елдерінде, халықтың к өбею
қарқынында жеке дүние бөліктері мен елдер арасында өзгерістерге әкелді.
Мысалы, 1960-2000 жылдар арасында: Еуропа халқы 25% –ға көбейсе, ол
Азияда – 114% –ға, Африкада 211%-ға, Солтүстік Америкада 147%-ға көбейді.
• Халықтың ұдайы өсуінің өтпелі түрлеріне келсек, олар туудың орташа
мөлшерімен, өлімнің аздығымен және халықтың бірыңғай
өсуімен сипатталады. Халықтың ұдайы өсуінің бір түрден екінші түрге
ауысуының негізгі себебіне қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістер
жатады. Ол өз кезегінде демографиялық процестердің нәтижесінде тууға әсер
ете отырып, халықтың құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Мәселен,
адамзат қауымдастығы өз басынан табиғи өсімнің аса жоғары деңгейін өткерді.
Ендігі жерде әлем тұрғындарының, әсіресе дамушы елдердегі халықтың күрт
өсуін болдырмай тұрақтандыру қажет. Алайда планетамыздың халқы жыл
санап көбею үстінде. Осыған байланыстытұрақтандыруға жетудің тура жолы
бірінші кезекте – дамуы кенжелеп қалған елдер халқының өмір сүруі мен
мәдени деңгейін көтеру, ғылым мен білімді дамыту. Бұл жерде осы тұрғыдағы
көптеген дамушы мемлекеттердің ұстанып отырған демографиялық
саясатының маңызы зор.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — экологиялық демография
немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына
байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.
• Адамзаттың сандық сипаттамалары
Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарларды ң т үрлеріні ң саны
ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарларды ң түрлеріні ң саны ірі жануарлармен
салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасыны ң
арасында теріс корреляция байқалады. Дене салма ғы 10—100 кг- ға дейінгі де ңгей үшін (б ұл де ңгейге
адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107—101 аралы ғында болады. Адамны ң е ң жа қын
туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны — со ңғы сан ға жа қын.
Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл б ұрын өмір с үрген адам популяцияларыны ң
жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай — шамамен 500 мы ң;
30—20 мың жыл бұрын — шамамен 5 млн. Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мы ңға жуы қ болуы
керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр. К өптеген мы ң жылдықтар барысында д үние ж үзіні ң
халқы өте баяу өсіп отырды. Б.э.д. IV мыңжылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды, б.з.д. 1000
жылы 300 млн.-ға жақындаған 1500 жылға қарай 425 млн.-ға дейін өсті. Мұндай қар қынмен өсу жылды ң
максималды өсімі 0,7% сәйкес келеді, яғни жылына 10000- ға ша ққанда жеті адам. Ұлы географиялы қ
жаңалықтар кезеңінде халық санының қарқынының артуы экспоненциалды за ңдылы ққа жа қындады.
Кейін Жердегі адамдардың санының артуы гиперболалық сипат қа ие болды. 1600 жылдан 1990 жыл ға
дейін Жердегі халық санының өсуі дәлме-дәл дерлік (максималды ауыт қу 5%) гиперболалы қ
эмпирикалық теңдеуімен сипатталады:
Бұл теңдеу бойынша 2030 жылы халық саны шексіз болуы керек. Біра қ б ұл м үмкін емес,
сондықтан халық саны осы кезеңге дейін өсіп келген за ңдылы қ өзгеруі тиіс. Шынды ғында со ңғы
жылдары 80-жылдардың аяғынан бастап, салыстырмалы өсім артпай отыр. Халы қ саныны ң өсуі
сызықтық өсімге жақындады (жылына абсолюттік өсім, шамамен 86 млн. адам). Б ҰҰ халы қ саны
бойынша қорының эксперттерінің болжамдары бойынша (1995 ж.) б ұл қар қын 2015 жыл ға дейін
сақталады да, адам саны 7,5 млрд.-қа жетеді. XX ғасырда ғы адамзаттың саныны ң жылдам артуын
демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылда ғы өсімге Жердегі қазір өмір с үретін
адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылды қ өсім шамамен
10 млн.-ға артып отырды. 50-жылдары 533 млн болса, 60-жылдарда — 66,7 млн, 70-жылдарда — 70,3
млн, 80-жылдарда — 86,4 млн. адам. Адам санының 1 млрд-тан — 2 млрд- қа өсуі үшін 107 жыл қажет
болса (1820-1927 ж), ол 3 млрд.-қа дейін - 32 жыл (1959 ж) 4 млрд.- қа - 15 жыл (1974), 5 млрд- қа - 13 жыл
(1987), 6 млрд.-қа - 12 жыл (1999), халық санының соңғы рет екі еселенуіне неб әрі 38 жыл қажет болды
• Жердегі халық санының өсуі 500 жылдан to 2150, БҰҰ 2004 жыл ғы жобасы боййынша
(қызыл, сары, жасыл) және АҚШ Орталық бюро тарихи есепбі.
• Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан бас қа халы қ саныны ң шектен
тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім саныны ң кемуімен т үсіндіруге
болады. XX ғасырда аталған факторларға гигиеналы қ ж әне медициналы қ
жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де
қосылады, 1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу коэффициенті 24,6% дейін
кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8% болса, таби ғи өсім коэффи ңиенті - 14,8%
құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері са қталуда. Әр минут сайын
жерде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де д үние ж үзі хал қы 160
адамға өсіп отырады. Әр түрлі елдер мен континенттерді ң халы қ саныны ң өсуіне
қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялы қ елдер —
Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ал ең жоғары өсу жылдамды ғы Африка мен Латын
Америкасында байқалған (8-кесте). 8-кесте Кейбір Африка мемлекеттерінде
салыстырмалы өсім жылына 4%-ға дейін жетіп отырды. К өптеген жо ғары дамы ған
елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялы қ жарылыс
жағдайы ертерек — XIX ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазір халы қ саныны ң
тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі т ән. Өтпелі кезеңдегі халы қ
санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады. Бірінші сатысы
кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэффициентіні ң т өмендеуі туу
коэффициентінің төмендеуінен алда болады. Сондықтан, халы қты ң өсімі артады.
Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр, ал дамы ған елдер б ұл
кезеңнен XX ғасырдың ортасында өтіп кетті. Екінші сатысыида өлім минимум ға жетеді
де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сонды қтан, халы қ өсімі
баяулайды. Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициенті
артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. Үшінші сатыны ң со ңына қарай
туу коэффициенті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды, ал өлім
коэффициенті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халы қты ң жасты қ құрамы
әлі де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезе ңні ң осы
сатысына жақын. Төртінші сатысында өлім коэффициенті арта отырып, туу
коэффициентіне жақындайды да, демографиялық т ұра қтану ая қталады.
· Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнерк әсібі дамы ған) елдер ғана
емес, сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді. Өнерк әсібі жо ғары дамыған, бай елдерді ң қорша ған
ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Д үние ж үзіні ң хал қыны ң 20
—25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Б ұл жа ғдайда қорша ған
ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге ж үретін байлы қ болып табылады. Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық кезінде, американ маманы В. Лебоу: «Бізді ң өте жо ғары өнімді
экономикамыз тұтынуды — өмір сүру салтына айналдырып отыр, яғни затты сатып алу мен пайдалану к үнделікті
дәстүрге айналды. Бізге заттардың көп мөлшерде сатылып, одан соң тасталып ж әне бас қалармен к өп м өлшерде
ауыстырылып отырғаны қажет» — деді. Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны XIX—XX ғасырлар со ңында
өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен, жердегі халы қты ң өмір с үру
жағдайының деңгейі бірдей емес. 1 млрд. өте бай адам болса, ал 1 млрд. өте м ұқтажды қ жа ғдайында өмір с үреді.
Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 миллиардер, 2 миллионға жуы қ миллионерлер ж әне к үндік
табысы АҚШ-тың 1 долларынан кем болатын 1,5 млрд.-тан астам адамдар бар. Америкада ғы балаларды ң өздеріні ң
күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері (жылына 230 доллар), планетаны ң жарты млрд. кедей
адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық. Шектен тыс көп т ұтынуға қарама-қарсы кедейлік —
экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Кедей елдерде қорша ған орта ға әсер экож үйелерге
жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Б ұл ормандарды ң жойылуы ж әне
басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы және т.б. арқылы көрінеді. Мұндай жолмен таби ғаттың
бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып табылады. Себебі, күнделікті бір к үнін қалай өткізуді ойлауға ғана м әжб үр
адам өзін қоршаған орта мен табиғатты қорғау туралы ойлауға қабілетсіз. Қорша ған ортаиың б ұзылуы адамдар өте
бай болғанда да және өте кедей болғанда да орын алады. Біра қ, жердің таби ғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі
үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд. бай адамдардың үлесіне тиеді. Өнерк әсібі дамы ған елдер болат өндіруді ң
шамамен — 2/3, қорғасын, мыс, никель, қалайы, цинктің — 2/3 астам б өлігін, энергияны пайдалануды ң 3/4 к өлемін
құрайды. Сонымен қатар, соңғы 100 жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылы қ қызметі н әтижесінде
атмосфераға парниктік эффект туғызатын газдардың 2/3 бөлігін шығар ған. Б ұл елдердегі энергияны пайдалану
қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен
3/4 бөлігін шығарады. Дамыған елдердің өнеркәсібі зиянды химиялық қалдықтардың к өп бөлігін ж әне галогенді
көмірсулардың 90%-ке жуығын береді. Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасының дамуының к өзі — қоршаган орта
есебінен тапшылықты қаржыландыру болып табылады. Яғни олар пайдаланған табиғат ресурстары мен биосфераны ң
ластануы үшін табиғатқа келтірілген зиян өтелмейді. Бұл елдердің «экологиялық қарызы» үздіксіз өсуде: өсу
жылдамдығы жыл сайын триллион доллармен есептеледі.
Тек жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының концентрациясын өнеркәсіптік қызметі
нәтижесінде кеміту үшін жылына 625 млрд. доллар мөлшерінде күрделі қаржы ж ұмсау қажет.
Көптеген дамыған елдерде зиянды заттарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсат етілетін
нормалары белгілеиген. Бұл нормалардың артып кетуіне жол берген өндірушілер таби ғат
қорғау шараларына жұмсалатын ірі қаржылай айыппұл төлейді. Біра қ, іс ж үзінде бұл талаптар
тек өзіиің еліне қатысты ғана орындалып келеді. Өз елінің территориясынан ж үздеген,
мыңдаған км қашықтықта орналасқан елдерге келтірілетін шығын үшін айыппұл төлеу туралы
әңгіме де қозғалмайды. АҚШ және басқа да дамыған елдер экологиялық жауапкершілікті
негізінен дамушы елдерге ауыстыруда. Олардың ойынша экологиялы қ лас өндіріс орындары
үшінші әлем елдерінде орналасқан, сондықтан табиғатқа жасалған зиянкестіктің орнын солар
толтыруға тиіс. Ал бұл өнеркәсіп орындарын дамыған елдердің ұйымдастырғаны, өндірілген
шикізат пен өнімдік салығынан өздерінің алып кететіидігі туралы айтылмайды. Дамушы елдерді ң
жерінде өзінің өнеркәсіп орындарын сала отырып, дамыған мемлекеттер, тек олар ға жасалып
жатқан «көмек» туралы айтады. Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980—1990 жылдар
аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге — 49 млрд. доллар,
дамушы елдерден дамыған елдерге — 242 млрд. доллар. Олай болса, таби ғат ресурстарыны ң
сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі
шиеленістіріп жіберді. Өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасында ғы
айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер — кедейленуде. Б ұл өзекті
экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады. Сөйтіп кім үйленіп, отбасын реттеп – жоспарлау
“жалпыхалықтық құндылыққа” айналады. Соңғы кездердегі “Жоспарлы отбасы” атты ұғымны ң
да қалыптасуы соның салдары. Ол түсінікке медициналық терминмен айтқанда, контрацепция
(лат. тілінде жүктілікке қарсылық), аборт, тау, стерилизация (лат. тілінде жо ғар ғы қызу ар қылы
және басқа амалдармен бойға бала бітірмеу) кіреді. Осыны ң өзінен – ақ мәселенің байыбына
баруға болады ғой. Оны айтасыз, статистикалық мәліметке қарағнда, Қазақстандағы үлкен,
тіпті, кейбір ауылдардағы аяғы ауыр 10 әйелдің 7-уі жасанды т үсін жасатады екен. Сонды қтан,
кез-келген шетелдің көмегіне жығыла кетпей, түп-төркінін зерттеген ж өн. Бізге қазір ұлтты қ –
демографиялық императивті және иммунитетті қалыптастыру керек. Оны саясатпен
араластыруға болмайды. Бұл бізде бұрын жақсы жетіліп, қалыпты тіршілікке айнал ған болатын.
Оның ырғағын бұзған өзгеге еліктеу мен бейімдеушілік. Одан да батырып айтса қ сана-сезім
бодандығы. Отбасындағы жоғарыдағыдай келеңсіздікке жол бермес үшін демографиялы қ
саясат пен отбасы мәселесі бойынша үкімет аралық комитет құрылуы тиіс. Қазіргідей жа ғдайда
оның ұлттық қауіпсіздігіміздің бірден – бір негізгі болары даусыз.
• · Демографиялық дүмпу – халық санының шұғыл
• · да қарқынды табиғи өсуі
• Демографиялық дүмпу кезеңінде өлімнің азаюы тууыды ң азаюынан асып
түсіп жатады да, ал халың санының қоғамдағы әлеуметтік –
экономикалық жағдайларға тәуелсіз түрде – а қ жедел өсуіне алып келеді.
Дүние жүзіндегі халық санының өте тез өсуі 20 ғасырды ң 2 жартысынан
басталады. Мыс, жер шары халқының жыл сайын ғы абсолют өсуі 20
ғасырдың басында 40-50 млн-ға ғасырды ң соңында 90 млн адам ға жетті.
Дүние жүзінің түрлі аймақтарында халық санының өсуі әр түрлі. Қазіргі
кезде Демографиялық дүмпуді басынан өткеріп отыр ған елдерде б үкіл
планета халқының ¾ бөлігі тұрады. Оның ішінде Азияны ң хыл қы жыл
сайын шамамен 55 млн адамға, Африканы ң халқы 20 млн адам ға, Латын
Америкасында 10 млн – нан астам адам ға өсіп отырады. Демографиялы қ
дүмпудің әсері Қазақстанда да қарқынды сипат алды. Әсіресе 20
ғасырдың 2-жартысында халық саны тез өсті. Нәтижесінде, халы қ саны 9,3
млн –нан астам (1959) 16,5 млн-ға (1989) дейін ұл ғайды. Қаза қ хал қыны ң
саны 13 миллондық деңгейден 1945 – 74 ж жедел өсу яғни на ғыз
Демографиялық дүмпу қарқыны салғындай түсті. 2002 жылдан
Қазақстанда жаңа Демографиялық дүмпу құбылыс басталатына
болжануда.
• · Демографиялық дағдарыс
• Дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен
белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы
өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік,
экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б.
тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші
Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Қазан төңкерісі мен Азамат
соғысы жылдарында шаруашылықтың күйзеліске, халықтың
ашаршылыққа душар болуынан елдегі халықтың 19% - і (яғни 950 мың
қазақ) оапт болды. Сонымен қатар, шет елдерге (Қытай, Монғолия,
Ауғанстан, Иран, Түркия) 400 мың халық біржола қоныс аударды. Екінші
Демографиялық дағдарыс 1931-32 ж басталды. 1932 жылғы
ашаршылықтың кесірінен 2 млн 300 мың адам өлді. Осы кезде 900 мы ң
қазақ жан сақтау үшін шет аймаққа көшті. Ал 2 – дүниежүзілік соғыста
600 мыңдай қазақ шығын болды. Сөйтіп үш рет соққан Демографиялық
дағдарыстың салдарынан Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерді
қоса есептегенде, қазақ халқы 4,5 млн адамға кеміген. Демографтардың
топшылауы бойынша, егер мұндай Демографиялық дағдарыс болмаса,
қазақ халқының саны бұл күнде 25 млн-ға жеткен болар еді.
• Қытайдағы демография
• Қытайлықтардың көшiп-қону үрдiсiнiң әлемге кең таралуының басты бiр себебi, оның демографиялы қ жа ғдайына қатысты.
Дүние жүзi халқының төрттен бiр бөлiгi осы қытайлықтардың үлесiне тиедi. Кез келген мемлекеттегi демографиялы қ жарылыс
қоғамда әлеуметтiк қысым факторларын тудырып, бұл елдiң сыртқа қарай ығыстырылуына әкелiп соғатыны таби ғи за ңдылы қ.
• Қытай авторларына сүйенсек, өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап Қытайда н әрестелердiң д үниеге көптеп келуiнi ң екi
толқыны өттi. Бiрiншi толқын 1954 жылдан 1957 жылға дейiн созылды. Сол кездерi жыл сайын 20 миллионнан астам н әресте
дүниеге келген болатын. Екiншi толқын 1962-1975 жылдары өттi. Бұл уақыт аралы ғында өмiрге келген н әрестелердi ң жыл
сайынғы саны кей кездерi 25 миллионға дейiн жететiн. Қытайда өткен үшiншi халы қ сана ғыны ң деректерi бойынша 1981
жылдың өзiнде - «жоспарлы бала табу саясаты» он жыл бойы ұстанылғаннан кейiн - жылына туыл ған н әрестелердi ң саны 20,7
миллион адам болды.
• Он төрт жасқа дейiнгi қытайлықтар арасындағы өлiм деңгейiнiң төмендiгiнен 70-жылдарды ң ая ғынан бастап 1996
жылға дейiн (1984-1985 жж. аралығын санамағанда) 20 миллионнан астам адам жыл сайын е ңбекке жарамды жас қа жететiн.
Бұлайша адамның көбейуi жұмыспен қамтылу мәселесi шешiмiнiң тығырыққа тiрелуiне келiп соқты. 1990 жылды ң өзiнде ҚХР
еңбек ресурстарының көлемi 754,5 миллион адам, яғни бүкiл халықтың 65,6% құрады; оны ң iшiнде шамамен 614 миллион
адам әлеуметтiк салада жұмыс iстедi. Еңбек ресурстарының жылдық өсiмi шамамен 4,8%, ал әлеуметтiк салада 5,16% болды.
Осылайша 1996 жылы еңбекке жарамды жастағы қытайлықтардың саны 850 миллионға жеттi. Екiншi т ұр ғыдан ал ғанда,
халыққа бiлiм беру мәселесi де шешiмi қиын жағдайға айналды. Қытайда халық бiлiмiнiң т өмендiгiнен пайда бол ған
мәселелер көп. Мәлiметтер бойынша, халықтың 23,5% бiлмсiз не жартылай бiлiмдi болып келедi. Халы қ сана ғыны ң деректерi
бойынша Қытайда 1990 жылы 1 шiлдеге қарай 12 жастан ересек халықтың бiлiмi орта шамамен 5,5 жылды қ бiлiм де ңгейiмен
пара-пар болды. 15 жастан әрi кеткендердiң 182 миллионы бiлiмсiз не жартылай бiлiмдiлер қатарын құрды. 350 миллион адам,
яғни жалпы халықтың 47% бастауыш деңгейдегi бiлiмге ие болды. Қазiргi бiлiм беру деңгейiнi ң т өмендiгi болаша қта елдi ң
экономикалық және жалпы қоғамдық дамуына жағымсыз әсер ететiндiгi белгiлi. Батыс зерттеушiлерiнi ң м әлiметтерiнде А ҚШ-
тың бүгiнгi ұлттық табысының жартысы кезiнде жұмыс күшiнiң бiлiмiн жақсарту iсiне к өп к өңiл бөлiнгендiгiнен деп айтылады.
Жапонияда жүргiзiлген зерттеу жұмыстары бойынша, жұмысшылардың бiлiм деңгейi техниканы ң жандануына тура
пропорционалды әсер етедi, яғни жұмысшылардың бiлiмi бiр сыныпқа көтерiлсе, техниканы ң де ңгейi 6% к өтерiледi деп
дәлелденген. Бұған қатысты үшiншi фактор: қарт адамдардың күтiмiне жұмсалатын шығындарды ң өсуi. 1996 жылды ң со ңына
қарай ҚХР-да 60 жастан жоғары қарттардың саны 130 миллионға жеттi, бұл көрсеткiш жалпы халы қ санының 10% те ң. Б ҰҰ
есебiне сәйкес, 60 жастан жоғары адамдардың саны халықтың 10% бол ған елдi «қарт халы қты ел» деп атайды. Осылайша
Қытай сол елдер қатарына кiредi.
• Қарттар санының көбеюiмен олардың күтiмiне шығарылатын қаражат коэффициентi де
өседi, ал осының бәрi экономикаға ауыр жүк келтiредi. Бұларға кететiн қаржы
балалардың күтiмiне кететiн қаражаттан 5 есе артық. Бұдан көрiп тұрғанымыз, халық
қартаюының тез қарқынмен қатар ұлттық табыстың таралуы мен қайта таралуы да
өзгередi. Сонымен бiрге капиталдың жинақталуы мен шығындалуының пропорциясы да
өзгередi.
• Халық санының өсуi - елдiң экономикалық дамуы мен халықтың өмiр сүру
деңгейiнiң жақсаруына келтiрiлетiн бөгет болады. Қытайдың ұлттық табысы 1950 жылы
41 миллиард юань болса, 1979 жылы бұл көрсеткiш 335 миллиард юаньға дейiн
көтерiлдi. Оның жылдық өсiмi орта шамамен 7,3% пайыз болды. Дегенмен бұл аралықта
халық санының 540 миллионнан 970 миллионға дейiн өсуiнен ұлттық табыс өсiмiнiң жан
басына шаққандағы мөлшерi жылына 9 юань құрды. Сол жылдары елдiң қаржылық
табысы 6,5 миллиардтан 110,3 миллиард юаньға дейiн өстi, өсiм қарқыны орташа түрде
10,2% көрсеткiшiне теңедi. Алайда қаржылық табыстың жан басына шаққандағы өсiмi 3,5
юань ғана құрды. Халықтың тым көптiгi мен оның тез екпiнмен көбеюi шығындарды талап
ететiн адам топтары санының өсуiне әкеледi.
• Бұл, әсiресе, балалар мен оқушыларға қатысты айтылған нәрсе. Осындай шығындар жан
басына шаққандағы ұлттық табыс өсiмi мен жанұя табысының көбеюiн тежейдi. Адам
санының көптiгi - территория жетiспеушiлiгiн туындатты. Қытай кең алқапты территорияны
иемденгенiмен, оның көбiсi өмiр сүруге қолайсыз шөлдi, шөлейттi жерлер. Олар бүкiл
мемлекет территориясының 31% және 22%, яғни екеуiн қосқанда 53% құрайды. ҚХР-да
жүргiзiлген үшiншi санақ деректерi бойынша халықтың 20,3% теңiз деңгейiнен 500 м
жоғары аудандарда өмiр сүредi. Кейбiр аудандардың кедейшiлiгi негiзiнен өмiр сүруге
табиғи жағдайының болмауынан деп түсiндiрiледi. Айналадағы ортаның мүмкiндiктерi
шексiз емес. Қытай ғалымдарының пiкiрi бойынша Қытай территориясына ең көп дегенде
саны 1,5-1,6 миллиардқа дейiн жететiн халық сыяды. Бүгiнгi күннiң өзiнде онда 1,3
миллиард адам тұрады. 1949 жылы ҚХР орнатылған жылы егiстiк жерлердiң көлемi 97,91
млн. га яғни территорияның 10,09% алатын. Феодолизммен босатылған шаруалардың
белсендiлiгiнен және халықтың елдiң солтүстiк-батыс, солтүстiк-шығыс жағына көшiрiлiп,
тың, тыңайған жерлердi игеруiне байланысты 1957 жылы егiстiк жерлердi ң көлемi 112,85
млн. га дейiн өстi.
• Кейiннен егiстiк жерлер көлемiнiң ұлғаюы кемiдi, оның бiрқатар себептерi бар: Бiрiншiден,
жерлердiң көбiсi құрылысқа пайдаланыла бастады. Себебi халық санының көбеюi көп
үйлердiң салынуын талап етедi. Қытай шаруалары үшiн үй - ең басты меншiк пен капитал
салымының маңызды көзi болып табылады. 1985 жылы шаруалар үйлерiнiң қамтыған жерi
0,97 млн. га құрады, бұл егiстiк жерлердi 5,6% азайтты. 1978-1980 жж.. бүкiл жердi ң 2/5
бөлiгi егiстiктен алынып құрылысқа жiберiлдi. Мысалы, Гуандун провинциясында 10 жыл
iшiнде егiстiк жерлердiң көлемi 26800 га азайды, қазiр бұл жерде бiр адамға 0,04 га жер
тиедi. Алдын-ала жасалынған есептемелер бойынша келесi онжылдықта 6670 га жер
көлемiндей жыл сайын құрылысқа жұмылдырылады. Құрылыстан өзге көптеген жерлер
бейiтке пайдаланылады - 66700 га жер. Екiншiден, көптеген егiстiк жерлер орман мен
жайылымдарға айналды. 1985 ж. бүкiл елде 933800 га жер, 1987 ж. 366183 га, ал 1989
жылы 233249,9 га жер орман мен жайылымдарға жiберiлдi. 1957 жылдан 1996 жылға дейiн
Қытай халық саны 650 млн. адамға өссе, егiстiк жерлер жан басына шаққанда 0,032 га
көлемiне дейiн қысқарды. Қытайда өңдеуге келетiн егiстiктi емес жерлер қалмағандықтан
егiстiктi жерлердiң қысқартылуы орны толмас үрдiске айналуда.
• Адам санының өсуi өнiмнiң жетiспеушiлiгiне алып келдi. 1949 жылы құрыл ғаннан
кейiн ҚХР қысқа мерзiмде негiзгi ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығаратын жетекшi елдер
қатарына келiп қосылды. Дегенмен жан басына шаққандағы ауыл шаруашылы қ өнiмдерi
көлемiнiң өсiмi тым аз көрсеткiштi бiлдiредi, оның себебi қайтадан халық санының көптiгiне
келiп тiреледi. Шығарылған астықтың көп бөлiгi адам тамағына кететiндi, мал
шаруашылығында мәселелер тудырады. Келешекте халық саны өсiмiнiң қазiргi қарқынына
қарағанда (жылына 17 млн. адамға көбейедi), аталған көрсеткiштер одан да бетер
төмендейдi, себебi халықтың астыққа сұранысы өседi. Ал астық өндiру үшiн қажеттi
егiстiктi жерлердiң аздығы ендi бiр га жерден мүмкiндiгiнше көбiрек өнiм жинау, я ғни егiстiк
өнiмдiлiгi мәселесiн алға шығарады. Дегенмен бұл мәселе шешiмiнiң де тиiмдiлiгi шектеулi.
• Демографиялық өсiмнiң салдарынан табиғи ресурстардың жетiспеушiлiгi туындады.
Қытайдағы ауыз су қоры 2 миллион 640 миллиард м3 құрайды да, су қоры бойынша
әлемде Бразилия, бұрынғы КСРО, Канада мен АҚШ-тан кейiн 5-шi орынды алады. Бiрақ
жан басына шаққандағы келетiн су қоры бойынша Қытай 110-шы орыннан бiрақ шығады.
Қазiргi таңда Қытайда бiр адам жылына шамамен 18,14 м3, (қалада 36,25 м3, ауылда 14,57
м3) су жаратады. Болашақта құрылыстың көбейiп, қала тұрғындары үлесiнiң өсуiнен ауыз
суының пайдаланылуы да артады. Ауыл шаруашылығына кететiн шығындар өте көп.
• Халық санының өсiмiмен бiрге энергия көзiне деген сұраныс та артуда.
Шамамен есептегенде, 900 миллионға жуық шаруалар энергияның
табиғи көздерiн (оның iшiнде шамамен 300 миллионы орман
ресурстарын) пайдаланады. Екiншi жағынан алып қарағанда, егiстiктi
жерлердi ұлғайтудың бiрден-бiр жолы - орман-тоғайларды кесу.
Осылайша, ҚХР орнағаннан кейiн орманды жерлердiң азайтылуы
жылына 14674 га ауданды құрайды. Орманды жерлер 55,7% үлесiнен
30% үлесiне дейiн төмендедi. Бұл үрдiстер көптеген экологиялық
зардаптарға әкелiп соқты. Соңғы 10 жылда орманды жерлер үлесi
23,1%-ға қысқартылды. Сонымен қатар халық саны көбейiп, өндiрiстiң
даму қарқыны артты. Және бiр айтарлығы, Эология мен айналадағы
ортаның ластануы күшейдi. Халықтың өсiмi үрдiсiнiң үздiксiз жүруi
айналадағы ортаға ауырлық келтiредi. Қазiрдiң өзiнде Қытайдың кейбiр
аумақтарындағы тұрғындардың саны өз шегiне жеткендiгi көрiнедi. Ал,
кейбiр жерлерде тұрғындар саны «экономикалық жүйе шыдамдылы ғы»
шегiнен асып түстi. Экономикалық апаттардың iшiнде жер эрозиясы е ң
ауыр апаттар қатарына жатады. Бүгiнгi таңда Қытайдың жер
эрозиясына ұшыраған территориясы 1,6 млн. км 2, яғни бүкiл
территорияның 6/1 бөлiгiн құрайды. Жылына шөл далаларға
айналатын жер көлемi 2100 км2 құрайды. Олардың жалпы саны 1,5
миллионға жеттi.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz