Кәсіптік маңызы бар балықтар
Презентация қосу
Кәсіптік маңызы
бар балықтар
Балықтардың кәсіптік маңызы
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор.
Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар
тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік
ұн, тыңайтқыштық түктер де өндіріледі. Біздің
елімізде халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы
олардың балық өнімдеріне деген талабын әрқашанда
арттыратыны күмәнсіз. Сондықтан осындай заңды
талапты шешуде балық өнеркәсібі мен ихтиология
ғылымының алдында жауапты міндет бар.
Ақ амур балығы
Ақ амур (лат. Ctenopharyngodon іdella) – тұқы
тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда
Балқаш — Іле су алабында, Сырдария өзенінде
жерсіндірілген. Дене тұрқы 1 м, салмағы 32 кг-нан
асады. Тұрқы жұмырлау, мұрты жоқ, маңдайы жалпақ,
аузы сәл төмен қараған. 3-6 жасында жыныстық
жағынан жетіледі. Мамыр — шілде айларында өзен
ағысымен жоғары өрлеп, уылдырық (2,5 млн-ға дейін)
шашады. Уылдырық ағыспен ағып су қабатында
дамиды. Шабақтары балдырлармен, ұсақ су
жәндіктерімен, ал ересектері су өсімдіктерімен (қамыс,
қоға т.б.) қоректенеді. Амур өзенін және оның
салаларын мекендейді. Ақ амур — кәсіптік маңызы бар
балық. Тоғандық балық шаруашылығында тұқымымен
бірге өсіріледі.
Бахтах
балығы
Бахтах, кейде Бақтақ, Форель (лат. Salmo) - Албырттар тұқымдасына
жататын балық. Тау өзендері мен көлдерінде тіршілік етеді. Бахтах -
құмжаның тұщы суда тіршілік ететін түрлері (өзен бахтағы, көл бахтағы)
мен болатбас албырттың (құбылмалы бахтах) жалпы атауы.
Өзен бахтағының ұзындығы 37 см-дей, салмағы 200 - 500 г (кейде 2 кг-ға
дейін) болады. Жыныстық жағынан 3 - 4 жыл жетіледі. 200-ден 500 мыңға
дейін жететін уылдырығын қиыршық тасты су түбіне күзде не қыста
шашады. Көл Бахтағы ірі, салмағы 8-10 кг (кейде 34 кг-ға жетеді).
Бахтахтың тағы бір түрі - ишхан (армянша - “князь”) Севан көлінде
тіршілік етеді, оны көп жағдайда “севан форелі” деп те атайды. 1964
жылы Қазақстанда құбылмалы бахтах (S. gaіrdnerі) – Шелек өзеніне
жерсіндірілді. Оның ұзындығы 50-90 см, салмағы 6 кг-дай. Денесі ұзын,
аузы үлкен, жақтарында өткір тістері болады. Басы қара, жүзу
жарғақтарында анық дақтары бар, түсі құбылмалы, жолақтары айқын
көрінеді. Арқасы қанық сары, ал бауыры күмістей ақ келеді. 2-4 жыл
жыныстық жағынан жетіледі. Ақпан-сәуір айларында судың
температурасы 4-5°С-қа жеткенде уылдырығын (5-6 мыңға дейін)
өзендердің қиыршық тасты жеріне шашады. Ұрығы 2 айда дамиды. Оның
шабағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдерімен, ересектері майда
балықтармен қоректенеді. Бахтах - кәсіптік маңызы бар, қолдан
көбейтілетін балық
Дөңмандай балығы
Дөңмаңдай (лат. Hypophthalmichthys) – тұқы тұқымдасына
жататын балық. Қиыр Шығыстағы Амур өзені алабында
таралған. 1950 – 60 жылдары тоғанда өсіру үшін Қазақстанда
жерсіндірілген. Қазір екі түрі – кәдімгі дөңмаңдай
(Hypophthalmichthys molіtrіx) және шұбар дөңмаңдай
(Hypophthalmichthys nobіlіs) бар. Олар Арал, Каспий
теңіздерінде, Балқаш көлінде, Ертіс, Тобыл, Есіл, Шу, Сарысу
өзендерінде тіршілік етеді. Олардың сыртқы пішіндері ұқсас,
денелері екі бүйірінен қысыңқы, құрсағы қырлы, басы үлкен.
Маңдайы дөңес келеді, аты осыдан шыққан. Шұбар
Дөңмаңдайдың түсі қоңырлау әрі дақтары болады. Дене
тұрқы 1,2 м-дей, салмағы 40 кг-нан асады. Жыныстық
жағынан 5 – 7 жасында жетіледі. Мамыр – маусым айларында
4 млн-ға жуық уылдырығын түбі құмайт не тасты, ағынды су
ішіне шашады. Дөңмаңдайдың шабақтары балдырлармен
және ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді. Дөңмаңдайдың
кәсіптік маңызы бар.
Сазан балығы
Сазан - (латынша Cyprinus carpio) – тұқы тұқымдасына жататын балық.
Сазанның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар,
жұтқыншақ тісі жақсы дамыған. Қазақстанда 2 түр тармағы: Еуропа
cазаны (Cyprinus carpio carpio) және Арал сазаны (Cyprinus carpio
haematopterus) бар. Біріншісі – Жайық, Жем, Еділ өзендерінде, Шалқар
мен Каспий теңіздерінің құяр жеріндегі өзендерде; ал екіншісі Арал
теңізі, Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің бойында тараған.
Ересектерінің ұзындығы 40 – 45 (кейде 100) см-дей, салмағы 2,5 (ірілері
20) кг-дай болады. Жыныстық жағынан 3 – 5 жасында жетіледі.
Уылдырығын (аналығының көлеміне қарай, ірілері – 1,5 млн-дай) 2 – 3
бөліп, тереңдігі 1,5 – 2 м-дегі өсімдіктерге, көбінесе тереңдігі 0,5 м-дегі
жайылма судағы шөп үстіне шашады. Уылдырығы су температурасы – 16
– 22°С, тұздылығы 9,6% болса жақсы жетіледі. Сазандар қорек
талғамайды. Шабағы алғашында зоопланктон және майда
балдырлармен, кейін әр түрлі жәндіктермен қоректенеді. Соңғы
жылдары өзен-көл, бөген суының тартылуына байланысты сазан саны
күрт азайып кетті және тіршілік ортасы мен қорек құрамының
нашарлауына байланысты сазандардың дене тұрқы да кішірейіп кетті.
Мысалы, қазіргі кезде ергежейлі сазанды (ұзындығы 15 см, салмағы 70
г) кездестіруге болады. Сазанның еті дәмді, етінің майлылығы 4,1%,
белогы 16,5%; кәсіптік маңызы өте үлкен.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz