Шаянтәрізділердің экологиялық және өнеркәсіптік маңызы: дафния, өзен шаяндары және креветка


Slide 1

Шаянтәрізділердің өнеркәсіптік маңызы

Slide 2

Шаянтәрізділердің табиғатта және адам өмірінде маңызы орасан зор. Теңізде тіршілік ететін шаянтәрізділер балықтардың, киттердің, былқылдақденелілердің, құстардың

жемі болып табылады . Көптеген шаянтәрізділердің кәсіптік маңызы бар. Балтық тенізі алқабындағы су қоймаларда мекендейтін жалпақ саусақты шаян мен Каспий теңізі алқабындағы суқоймаларда мекендейтін жіңішке саусақты шаяндар тағам әзірлеу үшін ауланады.

Slide 3

Дафния

Оның дене тұрқы 1 мм-ден 5 мм-ге дейін жетеді. Микроскоппен анық көрінеді. Денесі екі жақтаулы хитинді сауытпен қапталған. Басы төмен қарай бағытталып созылған тұмсық тәрізді. Басында күрделі жалғыз көзі бар. Күрделі көз дейтін себебі басының екі жағындағы 2 көзінің бірігуінен пайда болған, оның алдыңғы жағында жетілмеген жай бір көзі бар.

Балықтардың шабақтары мен ересек түрлерінің негізгі қорегі. Мысалы, дафнияның денесінде нәруыз мөлшері 50 %- ға, май 11%-ға жетеді;

Қоректік маңыздылығына байланысты дафнияларды қолдан өсіріп, балық зауытында бекіре, албырт балықтарының шабақтарын қоректендіреді

. Дафнияның тіршілік әрекеттерінің өзгерістеріне қарап, судың ластығын анықтайды

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Өзен шаяны

Өзен шаяндары - жер шарының барлық өңірлерінде үлкен сұраныспен пайдаланылатын омыртқасыз бағалы жәндік түріне жатады. Олар таза суларда, әсіресе, шағын өзендер мен ағынды суларда көбірек кездеседі. Балық секілді желбезегімен демалады.

Өзен шаяндарын өсіру, саудалау өте пайдалы табыс көзі. Себебі, бұл шаяндардан жоғары сапалы диеталық әрі дәмді ет алынады. Ет құрамының 16 пайызы ақуыздардан, 0, 5 пайызы майлардан тұрады. Шаяндарды негізінен алғанда сорпалар, са­латтар және ас мәзірлеріне қоспалар үшін пайдаланады. Қайнатылған шаянды балықтан жасалған тағамдарға тұздық есебінде ұсынады. Осы қасиеті арқылы ол сыра ішкен кезде ауыздың дәмін келтіретін бағалы тіскебасар есебінде де қолданылады.

Slide 7

Шаян түрлері. Біздің Қазақ­станда өзен шаяндарының екі түрі көбірек кездеседі. Олар еуро­палық және қиыршығыстық деп аталады. Осылардың ішінде еуропалық шаяндар өнеркәсіптік мақсатқа жиі пайдаланылады. Еуропалық шаяндардың өзі кең иықты және ұзын кеуделі болып екі түрге бөлі­неді. Осылардың ішінде кең иықты шаяндарды табыспен өсіруге болады. Аты да айтып тұрғандай, ол кең иықты, аяқтары етті болып келеді. Денесінде де ет мол кездеседі. Мұндай шаяндарды жас күйінде және консервілеп пайдалануға болады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Креветка

Креветка - он аяқты шаян тәріздестер отрядына жататын жеуге жарамды шағын теңіз шаяны. Құрамында белок және миреналдық заттар мол. Сонымен бірге адам организміне қажетті амин қышқылдары бар. Беті бұдырлы, кеуекті омырылғыш құрылымды болады.

Slide 11 Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік территорияларды көгалдандырудың маңызы және экологиялық тәрбие мәселелері
Шаянтәрізділердің морфологиясы, тіршілігі және физиологиясы
Шаянтәрізділер класы (Crustacea): анатомиясы, классификациясы және экономикалық маңызы
Шеміршекті балықтар класы (акулалар мен скаттар): жүйесі, морфологиясы және экологиялық-өнеркәсіптік маңызы
Өзен кен орнының орналасуы, экологиялық әсерлері және қоршаған ортаны қорғау шаралары
Қазақстанның экологиялық проблемалары: шөлдену, су тапшылығы, өнеркәсіптік және радиоактивті ластану
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсіптік және аграрлық дамуы мен экологиялық мәселелері
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағы: агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіптік даму және экологиялық ахуал
Жайық (Орал) өзені: географиясы, гидрологиясы, экологиялық мәселелері және тарихи-мәдени маңызы
Қарағанды облысының экологиялық мәселелері: өнеркәсіптік ластану себептері, салдары және шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz