Бағдарламалық қамтамасыздандыру


Slide 1

Бағдарламалық қамтамасыздандыру

Бағдарламалық қамтамасыздандыру - бұл компьютерде шешілетін есептердің орындалуын қамтамасыз ететін бағдарламалар жиыны. Барлық бағдарламалық қамтамасыздандырулар флоппи-дисктерде, лазерлік дисктерде (CD, DVD) немесе халықаралық Интернет желісі арқылы жабдықталады.

Компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандыруы үнемі толықтырылады, дамиды, қазіргі заманға сай жаңартылады.

Компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандыруы мыналарға бөлінеді:

жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру;

қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру;

бағдарламалау жүйелері.

Slide 2

ДК-дің бағдарламалық қамтамасыздандыруының құрамы

Slide 3

Жүйелік бағдарламалық құралдар

Компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандыруын-да жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру деп аталатын оның қажетті бөлігі бар, онсыз компьютерде жұмыс істеу мүмкін емес. Компьютердің жұмыс істеуіне жад немесе процессор маңызды рөл атқарса, жүйелік бағдар-ламалық қамтамасыздандыру да маңызды рөлге ие болады. Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандырудың басты бөлігі операциялық жүйе болып табылады.

Операциялық жүйе (ағылш. operating system) - бұл жедел жадты, процессорды, сыртқы құрылғылар мен файлдарды басқаратын, қолданушымен сұхбатты жүргізетін бағдарламалар жиыны, ол мыналарды қамтамасыз етеді:

қолданушы арасындағы интерфейс;

компьютердің аппараттық құрылғыларын басқару;

файлдармен жүргізілетін жұмыстар;

деректерді енгізу және шығару;

қолданбалы бағдарламаларды және утилиттерді орындау.

Slide 4

Кез келген операциялық жүйелердің негізгі функциялары:

қосымшаны жедел жадқа жүктеу және оны орындау;

перифериялық құрылғыларға (енгізу-шығару құрылғылары) стандартталған рұқсат;

жедел жадты басқару (процестер мен виртуалды жад арасында үлестіру) ;

файлдық жүйелер көмегімен энергияға тәуелсіз тасымалдағыштардағы (қатты дискідегі, компакт дискідегі және т. б. ) деректерге рұқсатты басқару;

қолданушылық интерфейс;

желілік операциялар, хаттамалар ағындарын қолдау;

Қосымша функциялары:

есептердің параллельді және псевдопараллельді орындалуы (көп есептілік) ;

процестер арасындағы өзара әрекеттестік: деректермен алмасу, өзара синхронизация;

қолданушылардың немесе қосымшалардың қаскүнем әрекеттерінен жүйенің өзін, сондай-ақ қолданушылық деректерді және бағдарламаларды қорғау;

рұқсат құқығына шек қою және жұмыстың көп қолданушылық режимі (аутентификация, авторизация) .

Slide 5

Сервистік бағдарламалар

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыруға амалдық жүйелерден басқа сервистік сипатты қызмет көрсететін көптеген бағдарламаларды да жатқызуға болады. Мысалы, бұл дискілерге қызмет көрсету бағдарламалары (көшіру, форматтау, «емдеу» және т. б. ), дискілерде файлдарды сығу бағдарламалары (архиваторлар), компьютерлік вирустармен күресетін бағдарламалар және т. б.

Сервистік қызмет көрсету утилиттеріне сервистік бағдарламалардың мынадай түрлері қатысты болып келеді: дефрагментация бойынша утилиттер, қатты диск бөлімшелерінің құрылымын тексеру және түзеу бойынша утилиттер, жүйелік тәуелділіктерді түзеу бойынша утилиттер, жүйені шебер баптау бойынша утилиттер және т. б.

Қажетті сервистік қызмет көрсету утилиттерінің типтік жиыны ДК барлық қолданушылары үшін бірдей болғандықтан, алдын-ала жиналған утилиттер пакеттері кең қолданысқа ие болды, бұған мысал ретінде Symantec компаниясының Norton Utilities (Norton System Works-тің құрамына кіретін) пакетін атауға болады.

Slide 6

Архиваторлар

Кейбір кездерде компьютердің тұрғылықты дискісінде немесе деректерді тасымалдауға арналған тасымалдаушылар-да бос орын аз болғанда немесе файлды электрондық поштамен жіберу кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір архивтік файлда орналастыру мақсатымен архиваторлар қолданылады.

Архиваторлар - авхивтік файлдармен жұмыс істеуге, яғни авхивтік файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар. Архиваторлар компьютер жадысындағы ақпаратты арнайы математикалық әдістер көмегімен сығуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда файлдың өлшемінің кішірек көшірмесі жасалады.

Қазіргі уақытта неғұрлым кең тарағандары ішінен WinZip, WinRAR, ARJ, PowerArchiver бағдарламаларын ерекше атап кетуге болады.

Slide 7

PowerArchiver архиваторы

WinRar архиваторынан кейін Ресей бағдарламалаушылары құрған PowerArchiver деп аталатын басқа архиватор кең танымалға ие болды. PowerArchiver өте әдемі, әрі ыңғайлы интерфейсімен және айрықша функционалдығымен ерекшеле-неді.

Бұрын Zip деп аталған қазіргі PowerArchiver утилитасы архивтермен жұмыс істеу үшін арналған тамаша құралы болып табылады. Ішіне ендірілген базасы келесідей форматтар жиынын қолдайды: ZIP, CAB, LHA (LZH), TAR (+TAR. GZ) және BH (BlackHole), RAR, ARJ, ARC, ACE, ZOO, Gzip. Аталған утилитада үлкен файлдарды берілген өлшем фрагменттеріне бөлу функциясы бар. Сонымен қатар, PowerArchiver утилитасы AES (128, 192 немесе 256 бит) алгоритмі көмегімен архивтерді шифрлеуді қолдайды.

Slide 8

Антивирустық бағдарламалар

Антивирустық бағдарламалардың сапасы келесі позициялармен анықталады:

жұмыстың ыңғайлылығы мен сенімділігі - антивирустық бағдарламалардың «кідіруінің» және т. б. техникалық мәселелердің болмауы;

барлық кең таралған вирус типтерімен жабдықталу сапасы;

барлық белгілі платформаларға (DOS, Windows 95, Windows NT, Novell NetWare, OS/2, Alpha, Linux және т. б. ) сай антивирус нұсқасының болуы;

жұмыс істеу жылдамдығы және т. б. пайдалы ерекшеліктерінің болуы.

Ең тиімді және белгілі антивирустық бағдарлама болып антивирустық сканерлер (фагтар, полифагтар) табылады, одан кейін тиімділігі жағынан CRC-сканер. Жалпы, қазіргі күнде көп қолданылатын антивирустар келесілер: AVP (Каспер лабораториясы), Dr. Web, NOD32, Symantec.

Slide 9

Dr. Web 5. 0 - вирустардан емдейтін антивирус

Антивирустық бағдарламаның сапалы жұмысының маңызды көрсеткіші оның тек вирустарды табуының жоғары қабілеттілігі ғана емес, сонымен қатар қолданушы үшін маңызды болып келетін инфекцияланған файлдарды емдеу арқылы оларды алғашқы қалпына қайтару болып табылады. Егер көптеген антивирустық бағдарламалар зиянды объектілерінің детектирленуін игерсе, ал емдеуді мұндай бағдарламалардың бірліктері ғана игереді. Dr. Web 5. 0 - антивирустық бағдарламалардың ішінен вирустардан сапалы емдейтін бағдарламаның бірі болып табылады. 15 белгілі антивирустық бағдарламалардың емдеу сапалылығын салыстырмалы тестілеу нәтижесінде Dr. Web 5. 0 нұсқасы көшбасшы ретінде табылды.

Slide 10

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру

Қолданушы бағдарламалауға жүгінбей-ақ, өзінің ақпараттық есептерін шеше алатын бағдарламалар қолданбалы бағдарламалар деп аталады.

Қолданбалы бағдарламалық қаматамасыздандырудың жіктелуі:

кәсіпорын мен ұйымның қолданбалы бағдарламалық қаматамасыздандыруы. Мысалы, қаржылық басқару, тұтынушылармен қатынас жүйесі, жабдықтау желісі. Бұл типке сондай-ақ кіші бизнес кәсіпорындарының ведомстволық бағдарламалық қаматамасыздандыру-лары, сонымен қатар үлкен кәсіпорындардың ішіндегі жаңа бөлімшелердің бағдарламалық жатады;

кәсіпорын инфрақұрылымының бағдарламалық қаматамасыздан-дыруы. Кәсіпорынның бағдарламалық қаматамасыздандыруын қолдау үшін жалпы мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Бұл деректер базалары, электрондық пошта серверлері, желіні және қауіпсіздікті басқару және т. б.

ақпараттық қызметкердің бағдарламалық қаматамасыздандыруы. Ақпаратты құруда және басқаруда жеке қолданушылардың тұтынушылығына қызмет етеді. Бұл, әдетте, уақытты, ресурстарды, құжаттаманы басқару, мысалы, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, электрондық пошталар мен блоктарға арналған бағдарламалар-клиенттер, дербес ақпараттық жүйелер мен медиа редакторлар.

Slide 11

Білім беруге арналған бағдарламалық қаматамасыздандыру. Ол медиа және көңіл көтеруге арналған бағдарламалық қаматамасыздандыруға жақын болып келеді, алайда одан айырмашылығы қолданушының білімін тестілеу бойынша және материалдарды игеру прогресін қадағалау бойынша нақты талаптарға ие болады. Көптеген білім беруге арналған бағдарламалық қаматамасыздандырулар өзіне бірлесіп қолдану және көп жақтылық достастық қызметтерін қосады.

Имитациялық бағдарламалық қаматамасыздандыру. Ғылыми зерттеулер, оқыту немесе көңіл көтеру мақсатында физикалық немесе абстрактілі жүйелерді симуляциялау үшін қолданылады.

Медиа облысындағы аспаптық бағдарламалық құралдар. Коммерциялық немесе білім беру негізінде басқа қолданушылар үшін баспа немесе электрондық медиа ресурстарды жүргізетін қолданушылардың тұтынушылығын қамтамасыз етеді. Бұл - полиграфиялық өңдеу бағдарламалары, мультимедианы өңдеу бағдарламалары, HTML редакторлары, сандық анимация редакторлары, сандық дыбыс редакторлары және т. с. с.

Жобалауға және контрукциялауға арналған қолданбалы бағдарламалар. Аппараттық және бағдарламалық жабдықтауларды құрастыру кезінде қолданылады. Мұндай бағдарламаларға мыналар жатады: автоматтандырылған дизайн (computer aided design - CAD), автоматтандырылған жобалау (computer aided engineering - CAE), бағдарламалау тілдерін редакциялау және компиляциялау, құрастырудың интегралданған жүйе бағдарламалары (Integrated Development Environments), қолданбалы бағдарламалауға арналған интерфейстер (Application Programmer Interfaces) .

Slide 12

Жалпы тағайындаудағы бағдарламаларға мыналар жатады:

мәтіндік және графикалық редакторлар, олардың көмегімен әр түрлі мәтіндерді дайындауға, суреттерді құруға, сызбаларды жасауға болады;

деректер базаларын басқару жүйелері (ДББЖ), олар компьютерді кез келген тақырып бойынша анықтамалыққа айналдыруға мүмкіндік береді;

кестелік процессорлар, олар тәжірибеде кең таралған кестелік есептеулерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

коммуникациялық (желілік) бағдарламалар, олар компьютерлік желіге біріккен басқа компьютерлермен ақпарат алмасу үшін арналған.

Slide 13

Арнайы тағайындаудағы қолданбалы бағдарламаларға мыналар жатады:

бухгалтерияда жасалатын еңбекақының және т. б. төлемдердің түсуін жүргізетін бухгалтерлік бағдарламалар;

конструкторларға әр түрлі техникалық құрылғылар жобаларын құрастыруға көмектесетін автоматтандырылған жобалау жүйелері;

бағдарламаларды құрастыруынсыз-ақ күрделі математикалық есептерді шешуге мүмкіндік беретін пакеттер;

әр түрлі мектеп пәндері бойынша оқытатын бағдарламалар және т. б.

Slide 14

Қазіргі уақытта офисті автоматтандырудың ақпараттық технологияларын қамтамасыз ететін көптеген қолданбалы бағдарламалық өнімдер бар. Оларға мыналар жатады: мәтіндік процессорлар, кестелік процессорлар, деректер базасын басқару жүйелері, электрондық пошта, электрондық күнтізбе, компьютерлік конференциялар, бейнемәтін, сонымен қатар басқару қызметінің мамандандырылған бағдарламалары: құжаттарды енгізу, бұйрықтардың орындалуын қадағалау және т. б.

Мәтіндік процессорлар мәтіндік құжаттарды құру және өңдеу үшін арналған. Дайындалған мәтіндік құжаттар баспаға шығарыла алады, сонымен қатар компьютерлік желі бойынша жіберіле алады. Сонымен, менеджердің билігінде жазбаша коммуникацияның тиімді түрі болады.

Кестелік процессорлар кесте түрінде берілген деректермен көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Қолданушы кестелік деректерді енгізу, оларды өңдеу, қажетті есептеулерді жүргізу, автоматты түрде нәтижелерді қалыптастыру, баспа түрінде және файлдардың басқа жүйелеріне импортталатын түрде ақпаратты шығару, кестелік деректерді сапалы түрде рәсімдеу, соның ішінде графиктер мен диаграммалар түрінде, инженерлік, қаржылық, статистикалық есептеулерді жүргізу, математикалық модельдеуді жүргізу және т. б. мүмкіндіктеріне ие болады.

Slide 15

Деректер базасын басқару жүйелері фирманың басқару жүйесі мен өндірістік қызметі туралы әр түрлі мәліметтері бар белсенді күйдегі деректер базасын құру және қолдау үшін арналған.

Электрондық пошта қолданушыға хабарламаны алуға, сақтауға, желі бойынша өзіңіздің әріптестеріне хабарламаларды жіберуге мүмкіндік береді. Қолданушыға электрондық поштамен ұсынылатын мүмкіндіктер қолданып отырған бағдарламалық қамтамасыздандыруға да байланысты болып келеді.

Электрондық күнтізбе кәсіпорынның менеджерлеріне және т. б. жұмыскерлеріне жұмыс тізімін сақтауға және басқаруға арналған құралдарды ұсынады. Бұл жүйе кездесудің немесе басқа шараның уақытын және орнын (аудиториясын) оған қатысатын барлық менеджерлерінің кестесімен қиыстыра отырып орнатуға мүмкіндік береді.

Бейнемәтін монитор экранында мәтіндік және графикалық деректерді алу және кескіндеу үшін компьютерді қолдануға негізделген. Қазіргі уақытта компаниялар арасында каталогтармен немесе прайс-беттермен алмасу, сонымен қатар бейнемәтін түрінде газет, журнал және т. б. баспа өнімдеріне тапсырыс кең қолданысқа ие болды.

Slide 16

Бағдарламалау жүйелері

Жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырудан басқа бағдарламалық қамтамасыздандырудың тағы бір үшінші түрі бар. Ол бағдарламалау жүйелері деп аталады.


Ұқсас жұмыстар
Cyclone 6.0 программалық қамтамасыздандыру
ЭАЖ ресурстарына шолу
Ақпараттық жүйе
Медицинадағы бағдарламалау технологиясы
Операциялық жүйелер, түрлері
Ақпараттық процесс
Операциялық жүйенің қасиеттерін анықтау
Қауіпсіздік сервистері
Сандық сауаттылық Компьютерлік сауаттылық
Деректер базасы сервері мен Web-серверді басқару технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz