ЭАЖ қамтамасыз етудің өзге де түрлері




Презентация қосу
4. ЭАЖ қамтамасыз етудің өзге
де түрлері
Ақпараттық жүйені және ақпараттық технологияны құру
процесі жобалаудың аса күрделі процесі болып табылады.
Жобалаудың негізгі мақсаты – бұл жобалық құжаттарды
дайындау және кәсіпорынды басқарудың адам-машина жүйесін
ендіру. Жобалау процесінде экономикалық объектінің не ғұрлым
маңызды сипаттамалары айқындалады, оның ішкі және сырт қы
ақпараттық ағындары зерттелінеді, зерттеліп отыр ған ж үйені ң
және оның элементтерінің математикалық және физикалы қ
ұқсастықтары құрылады, адам мен басқарудың техникалық
құралдары арасында өзара әрекеттілік шарттары орнатылады.
Ақпараттық жүйені технологиялық аспектісінде қарастыра
отырып, басқару аппаратын ерекшелеуге болады. Қалған
компоненттер – ақпараттық технология (АТ), функционалды қ
есептерді шешудің ақпараттық жүйесі (ФЕШАЖ) және шешімді
қабылдауды қолдау жүйесі (ШҚҚЖ) – ақпараттық және
технологиялық түрде бір-бірімен өзара ұштастырыл ған ж әне
олар АЖ архитектурасының негізін құрайды.
Ақпараттық технологияның мұқият жобаланған
технологиялық қамтамасыздандыруы тек басқарудың
функционалды есептерін табысты шешіп қана қоймай, ШҚҚЖ
шеңберінде кәсіпорынның менеджерлері мен басшыларына
интерактивті режимде кейіннен басқарушылық шешімдерді
қабылдау үшін талдаулық және болжамдық жұмысын жүргізуге
де мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияның жобаланатын технологиялық
қамтамасыздандыруының міндетті элементтері болып мыналар
табылады: лингвистикалық, математикалық, ұйымдастырушы-
лық, құқықтық, эргономикалық және т.б. Қамтамасыздандыру-
лар.
1. Лингвистикалық қамтамасыздандыру (ЛҚ) – бұл
автоматтандырылған жүйелерде қолданылатын тілдік
құралдардың, сонымен қатар ақпаратты машиналық өңдеу
тиімділігін көтеру мақсатында табиғи тілді қалыптандыру
ережелерінің жиынтығы. Ол қолданушылардың есептеуіш
техника құралдарымен сұхбаты кезінде ақпараттық бірліктерді
құрастыру және байланыстыру үшін, сондай-ақ табиғи тілді
қалыптандыру үшін тілдік құралдардың жиынтығын біріктіреді.
2. Математикалық қамтамасыздандыру (МҚ) –
функционалдық есептерді шешу кезінде және жобаланатын
жұмыстарды автоматтандыру процесінде қолданылатын
ақпаратты өңдеудің математикалық әдістердің, модельдердің
және алгоритмдердің жиынтығы. Математикалық
қамтамасыздандыру құралдарына мыналар қатысты болып
келеді:
пәндік облысты модельдеу құралдары;
пәндік қызметтің типтік міндеттері;
математикалық бағдарламалаудың, математикалық
статистиканың, жалпыға қызмет көрсету теориясының әдістері
және т.б.
3. Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру (ҰҚ) –
бұл АЖ жобалау процесінде құрастырылған, эксплуатация
негізінде бекітілген және қойылған құжаттар кешені. Ұйым-
дастырушылық қамтамасыздандыру кәсіпорынның жобалауға
дейінгі зерттеулер нәтижелері бойынша құрылады. Ұйымдасты-
рушылық қамтамасыздандыру келесідей функцияларды жүзеге
асырады:
кәсіпорынды басқарудың бар жүйесін талдау, онда
ақпараттық жүйе және автоматтандыруға қатысты есептердің
айқындалуы қолданылатын болады;
компьютерде есепті шешімге дайындау, соның ішінде
ақпараттық жүйені жобалауға техникалық тапсырма, сонымен
қатар тиімділіктің техникалық-экономикалық дәлелдемесі кіреді;
кәсіпорынның құрамы мен құрылымы бойынша, бас қару
жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған есепті шешу
әдістемесі бойынша басқарушылық шешімдерді құрастыру.
4. Құқықтық қамтамасыздандыру – ақпаратты алу,
түрлендіру және қолдану ретін регламенттейтін ақпаратты қ
жүйелердің құрылуын, құқықтық статусын және функционал-
дануын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыздандырудың басты мақсаты
заңдылықты күшейту болып табылады. Құқықтық қамтама-
сыздандырудың құрамына мемлекеттік билік органдарды ң
заңдары, жарлықтары, қаулылары, жергілікті билік органдары-
ның, министрліктердің, ведомстволардың, ұйымдардың
бұйрықтары, нұсқаулары және т.б. нормативтік құжаттары
кіреді.
Құқықтық қамтамасыздандыруда жалпы бөлімді (ол кез
келген ақпараттық жүйенің қызметін реттейді) және жергілікті
бөлімді (нақты жүйенің қызметін реттейді) ерекшелеуге
болады. Ақпараттық жүйелерді құрастыру кезеңдерінің құқық-
тық қамтамасыздандыруы өзіне құрастырушы мен тапсырыс
беруші арасында шарт қатынастарымен байланысқан типтік
актілерін қосады.
Ақпараттық жүйелер функционалдануының құқықтық
қамтамасыздандыруы өзіне мыналарды қосады:
ақпараттық жүйенің статусы;
қызметкерлер құрамының құқықтары, міндеттері ж әне
жауапкершіліктері;
басқару процесінің жеке түрлерінің құқықтық күйі;
ақпаратты құру және қолдану реті және т.б.

5. Эргономикалық қамтамасыздандыру (ЭҚ) – АЖ және
АТ құрастыру мен функционалдаудың әр түрлі кезеңдерінде
қолданылатын әдістер мен құралдар жиынтығы сияқты,
адамның АТ-да жоғарғы сапалы, жоғарғы тиімділікті және
қатесіз қызметінің оңтайлы шарттарын оны тез арада меңгеру
мақсатында құру үшін арналған. ААЖ эргономикалық күйінің
құрамына жұмыс орындарына, ақпараттық модельдерге,
жұмысшылар қызметінің шарттарына қойылатын
эргономикалық талаптары бар әр түрлі құжаттамалар кешені
кіреді.

Ұқсас жұмыстар
ЭАЖ ресурстарына шолу
ЭАЖ техникалық және технологиялық қамтамасыз етуі
Кәсіпкерлік қызметті бақылау
Халықты санитарлық - эпидемиологиялық сауаттылығын қамтамасыз етудің міндеттерң мен қағидаттары
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң
Құқық қорғау қызметінің мақсаты
Ақпарат жинау - субъектінің өзін қызықтыратын объект жөнінде мәлімет алатын қызметі
Әкімшілік - құқықтық нысандар мен басқару әдістер ұғымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР САНАТТАРЫ
Енбекті қорғау: заманауи нормативтик- ұйымдастыру талаптары
Пәндер