Майдангер ақын-жазушылар



Майдангер ақын-жазушылар

Бауыржан Момышұлы(1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданын-дағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. "Үстімде сұр шинелім", "Мартбек", "Жеңіс дауысы", "Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал "Елге хат", "Достар қайда жүрсіңдер?", "Ағайға" деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.

Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. В. И. Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Ардагер-партизан көп уақыт бойы «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редакторының орынбасары болады. 1954 жылы Қ. Қайсенов «Жас партизандар» атты алғашқы кітабын басып шығарады. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады. Оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында». . . атты кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал.

Баубек Бұлқышев (1916-1944) - майдангер-жазушы. 1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылады да, Мәскеу әскери училищесінде оқиды. Бұлқышев Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады. Әкесі А. Иманов басқарған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысқан. Ержүрек, жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды. Оның “Алматы - менің туған қалам” деген бітпей қалған романы және “Айсұлу” деген поэмасы бар. Бұлқышевтың шығармашылық дарыны Ұлы Отан соғысының ауыр сын сағаттарында ерекше көрінді. 1942 жылы 1 мамырда “Комсомольская правда” газетінде Бұлқышевтың “Өмір мен өлім туралы” (жас қазақ әскерінің хаты) деген өршіл, отаншыл мақаласы жарық көрді. Соғыс кезінде жазған шығармаларының дені “Комсомольская правда” газетінде жарияланды. Бұлқышевтың “Я хочу жить”, “Жизнь принадлежит нам”, “Коварство и любовь”, “Письмо сыну Востока”, “Слушай, Кавказ” және басқа мақалаларын жазушы Ғ. Мүсірепов қазақ тіліне аударды

Мәлік Ғабдуллин - Кеңес Одағының Батыры, жазушы, профессор, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері. Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 2 (15) қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. 1941-1945 жылдар аралығында Мәлік Ғабдуллин ұлы отан соғысына қатысады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

Бисен Жұмағалиев (1922 жыл 22 желтоқсан, БҚО, Сайқұдық ауылы) - белгілі журналист, еңбек және соғыс ардагері. 1942 жылы қаңтарда майданға аттанып, 13-дивизия құрамында соғысып, Ленинградты азат етуге қатысады. Кейін Ленинград әскери - саяси училищесінде оқып, қазақ тілінде шығатын «Отанды қорғауға» атты майдандық газетте қызмет істейді. Майданнан оралған соң 1945 - 1955 жылдары БҚО «Екпінді құрылыс» газетінің редакторы, Фурманов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы (1955 - 1958) болды. 1960 - 85 жылдары Орал және Көкшетау облыстық партия комитеттерінің хатшысы. 3 мәрте Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Әзілхан Нұршайықов (15. 12. 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген, ҚР халық жазушысы. Қаламгер сомдаған Бауыржан, Мәлік, М. Мәметова, Ы. Сүлейменов, Т. Тоқтаров, т. б. майдангерлер бейнесі қаһармандық мұраттарға жетелейді. Қаһармандық рухтағы “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т. б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. 1941-45 жылдары-Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949) . Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Тахауи Ахтанов (1923-1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылыАбай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатары-нан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия

Жұбан Молдағалиев Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты. Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 секретары) қызмет істеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиев 7-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ол екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет Белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі ордендерімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Отан» орденімен марапатталған. 1948 жылы Армиядан оралған соң, «Пионер» журналында поэзия бөлімін басқарады. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978), Қазақстанның Халық жазушысы, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері (1996) . Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.

Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, "Жазушы" баспасын басқарады, т. б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин- жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы "Айқас" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Алтын құс" (1971), "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974), "Маңғыстау майданы" (1978), "Аманат" (1978), т. б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.

Жұмағали Саин (1912 жылы қазіргі Көкшетау облысының Арықбалық ауданында туған, 1961 жылы 28 мамырда қайтыс болған ) - ақын. 1941 жылдан 1944 жылдың күзіне дейін Ұлы Отан соғысына қатысады. Жұмағали майданда 102-ші атқыштар дивизиясының 410 полк ротасында политрук болып істейді. Бұл әскери дивизия Украинада ұрыстар жүргізеді. Политрук Ж. Саин жан аямастық патриоттықпен талай қанды ұрыстарға қатысады. Сондай үлкен ұрыстардың бірінде 1942 жылдың аяғында Ж. Саин кеудесіне өткен оқтың жарқыншағы өкпесіне тоқырап, ауыр жараланады.

Шона Смаханұлы (5. 10. 1924 жылы туған, Жамбыл облысы, Талас ауданы, "Ойық" совхозы) - қазақ ақыны, сықақшы 1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педағогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірді. 1942-43 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943-57 жылы педагогикалық қызмет атқарды. "Мектеп" баспасында редактор (1957-58), "Қазақстан мүғалімі" газетінде бөлім меңгерушісі (1958-63), "Ара" журналында фельетонист (1964-68) болды. 1973 жылдан "Жазушы" баспасы поэзия редакциясының редакторы.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz