Ұлы Отан Соғысы. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы (1941—1945)


Slide 1

Ұлы Отан Соғысы

Slide 2

Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы (1941-1945) - Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.

Slide 3

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады, кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын) .

Slide 4

1941 жылдың мамыр айында әскерлер ішкі округтардан Днепрдің батысына, шекараға жақынырақ жерге жылжытыла бастады. Шекаралық дивизияларды толықтыру үшін запастан 800 000 адам әскерге шақырылды, маусымның 16-18-дерінде шекаралық округтардың резерв дивизияларын алға жылжыту басталды. Оларға шекараның маңында бекіну туралы бұйрық берілді. Бұл шаралар тым кеш жасалғандығы Германияның шабуылы басталғаннан кейін анық болды. Әскерлер неміс шабуылын жүздеген шақырымға созылған, ұйымдаспаған күйде қарсы алуға мәжбүр болды.

1941 жылғы маусымның 18-інде КСРО-ның әскери теңіз флоты мен шекара әскерлері ұрысқа әзірлік жағдайына келтірілді. ЖШҚӘ-ге бұндай бұйрық тек маусымның 21-інде ғанаберілді.

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

1941-1945 жылдар аралығында Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам адам майданға аттанды. Соның жартысынан астамы, яғни халықтың шамамен 10 пайызы соғыстан қайтып оралған жоқ, - дейді тарихшылар.

Соғыс жылдары республикада 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, соның ішінде 2 ұлттық атқыштар бригадасы майданға жөнелтілді. Бұдан бөлек, Қазақстанда 50-ге жуық полк пен батальондар жасақталған.

Slide 9

500 қазақстандық Совет Одағының батыры атағына ие болды. Солардың арасында төрт адам - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский - екі мәрте Совет Одағының батыры атанды.

Slide 10

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН БАТЫРЛАРЫ

Мәметова Мәншүк

Әлия Молдағұлова

Бауыржан Момышұлы

Slide 11

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН БАТЫРЛАРЫ

Ж. Малдыбаев

Нұркен Әбдіров

Сумин А. В

Slide 12

Берлин үшін шайқас 1945 жылы 21 сәуірде, Рейхстаг үшін тартыс 29 сәуірде басталған. Бірақ қанды қақтығыс тек 2 мамыр күні ғана әрең аяқталды. Жүздеген мың солдат опат болған шайқас ең қанды қақтығыстардың бірі ретінде тарихта қалды.

1945 жылдың 9 мамыры - бұл ұлты мен дініне қарамастан барлық елдердің адамдары үшін ең жарқын, баршаға ортақ болған жеңіс күні. Қазіргі уақытта 9 мамыр - бұл соғысты бастан кешкендерді еске алу және болашақ ұрпаққа бейбітшілікті аманат ету күні.

Жылдар өтіп 1945 жылдың мамырынан алыстап бара жатқан сайын, қатарымызда балалары мен немерелерінің болашағы үшін ұшқан оққа кеудесін тосқан ардагерлер саны сиреп барады.

Slide 13

Мамыр айының басында бүкіл қазақстан қалаларда салтанатпен өткізілетін мерекенің басты тұлғалары - соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен адамдар.

Slide 14

Әрбір әлемнің елдерінде Ұлы Отан Соғыс батырларына ескерткіштер бар. Олардың есімімен көшелер, ауданы деп аталады.

Slide 15

Қапшағай. Қазақстан.

Астана. Қазақстан.


Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысы және Қазақстандықтардың майданға қосқан үлесі
Отан соғысы
Қазақтың батыр қыздары
Қазақстандық кеңес одағының батырлары туралы
Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
Кеңес армияы
Кеңес Одағының батыры
1942 жылдың басы
Тест тапсырмалары (ҰБТ)
Кеңес жауынгерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz