Ақшаның пайда болу тарихы


Slide 1

Ақшаның пайда болу тарихы

ЭкБ 1-1

«Бартер» тобы

Slide 2

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден - бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі

Ақшалар төлем

құралы ретінде

Қор жинау

Ақша төлем құралы

Тауар айырбасы

Slide 3

Алғашқы нарықтық қарым-қатынас - айырбас саудасынан басталған. Археологтар - осы айырбас сауданың сонау тас ғасырынан бастау алғандығын айқындайтын дәлелдер тапқан.

Келе-келе, барлық тауардың бағасы эквиваленті түрдегі бір тауарға теңестіріле бастаған. Міне, осындай тауарлардың бірі: кәдімгі «теңіз айғұлағы» - Қытай, Жапония, Океания, Азия мен Африка секілді көптеген ежелгі мемлекеттерде «ақша» орнына жүрген. Яғни, теңізден алынатын қарапайым«каури айғұлақтарын» ең алғашқы ақша немесе сауда құралы деп санауға болады.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Меланезияда 12 метрлік ақша айналымда болған. Бұл ұзын ақшаның құрамында: айғұлақ пен шошқаның құйрығы және тісінен тұрған. Месопотамия мен Мысырда ақша ретінде түрлі металлдардың сынығы, ал Италияда қоланың сынығы қолданылған. Алғашқы тиындарда түрлі символдар, көбіне құдайлардың суреттері белгіленіп шығарылған. Алғашқы тиындар ежелгі Рим, Қытай мен Лидия хандығында б. з. д. VII ғасырда кең қолданыста болған.

Slide 7 Slide 8

Ал, Ең алғашқы қағаз ақшалар VIII ғасырда Қытайда пайда болған (алғашқы «қағаз» өнімі де б. э. д. 100 жылда осы Қытайда пайда болған) . Дәл осы кезеңде «уәде беріп ақшаны қағазбен төлеу идеясы» өмірге келген. Сондықтан көпестер, өсімқорлар, зергерлер алғашқы талаппен ақшаны қайтаруды міндеттейтін жазбаша құжаттар дайындап шығарған. Міне, осы «жазбаша міндеттемелер» қазіргі ақшаның ең ежелгі прототипі, «арғы атасы» болып саналады.

Slide 9 Slide 10

Ақшаны қолдан жасайтындар метал құйындының ішкі бөлігін бос, қуыс қылып қалдырып құятын болған. Кейінірек, мемлекеттік биліктегілер бұл қулықпен күресті бастап кетті: бұдан былай металдар сынама белгісімен, белгіленген салмақпен сапалы етіп шығарыла бастады. Міне, осылайең алқашқы тиындар (монеталар) дүниеге келді. Алғашқы тиындарда түрлі символдар, көбіне құдайлардың суреттері белгіленіп шығарылған. Алғашқы тиындар ежелгі Рим, Қытай мен Лидия хандығында б. з. д. VII ғасырда кең қолданыста болған.

Slide 11 Slide 12

Тарихы

Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит(түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 - 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 - 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 - 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.

Slide 13

1271 ж. Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 г, тазалығы 78 - 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді

Slide 14

Ақшаның өндіріспен байланыстылығы талайдан белгілі. Ақша кез келген экономикалық жүйенің маңызды элементі болып табылады. Ақшаның ролін бағалау және экономиканың дамуына ақша жүйесінің әсерін пайымдауға байланысты бірнеше ақша теориясы бар. Үш ақша теориясын атап айтуға болады - металдық, номиналдық және сандық.

Slide 15

Металдық ақша теориясы. Бұл теория Англияда капитала бастапқы шоғырлануы тұсында XVI - XVII ғғ. пайда болды. Металдық ақша теориясыныңы негізін салушылардың бірі У. Стаффорд (1554- 1612) . Бұл теорияны мақұлдаушылар ақшаны қағаз ақша түрінде болғанын қаламады. Меркантилисттер металдық ақша теориясының бастауында тұрғандар болып табылады. Меркантилизм (итальян тілінен аударғанда «мирканте» - көпес, саудагер) ақша теориясының дамуындағы бір саты болғаны анық. Меркантилизм феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы кезеңіндегі (1518 ғғ. ) сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Бұл бағыттың өкілдері (Т. Ман 1571-1644 ж. ж), Ж. Б. Кольбар (1619-1683 ж. ж), Д. Юм (1711-1776) қоғам байлығы тек саудада ғана пайда болады деп санады

Slide 16

Номиналдық ақша теориясы. Бұл теория өкілдері ағылшындар Дж. Беркли (1685 - 1753) и Дж. Стюарт (1712 - 1780) болатын. Олардың теориясының негізінде мынадай екі қағида жатқан болатын. Біріншісі, ақшаны мемлекет жасайды, және екіншісі, ақша құны оның номиналымен анықталады. Номиналистердің негізгі қателігі ақша құнын мемлекет анықтайды деп ұғынуында жатыр. Демек олар еңбектің құн теориясын және ақша тауарлық табиғатын теріске шығарады. Бұл теорияның одан әрі дамуы XIX- XX ғғ. соңында жүрді. Ең танымал номинализм өкілі неміс экономисі Г. Кнапп (1842 - 1926) еді. Оның пікірінше ақшада мемлекет берген сатып алу қабілеті болады. Г. Кнапп өз теориясын толыққанды монеталарға негіздемей қағаз ақшаларға арқа сүйеген еді.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Толық құнды ақшалар
Ақшалар төлем Ақша төлем құралы ретінде құралы
Ақшаның шығу тарихы
Инфляция тарихы және түрлері
Исаак Ньютонның есімі көбімізге аңызға айналған алма мен жердің тарту күші заңымен таныс
Ақшаның мәні және атқаратын қызметі
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері.Негізгі мектептер
Экономикалық теория - байлық туралы ғылым
Ашаның пайда болуы, мәні және қызметтері
Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz